Гімелер, аудармалар



Pdf көрінісі
бет27/106
Дата29.07.2023
өлшемі4,32 Mb.
#104908
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   106
УАҚИҒАҒА АРАЛАСАТЫНДАР:
1. Қ а р а к ө з – бойжеткен қыз.
2. А қ б а л а – жеңгесі.
3. С ы р ы м – немере ағасы. Ақын-сал. 25 жастарда.
4. Ж а р ы л ғ а п – Қаракөздің әкесі.
5. Ж а б а й – Сырымның әкесі. Жарылғаптың інісі.
6. М ө р ж а н – (семіз бәйбіше) Жарылғап, Жабайдың 
шешесі. 65 жаста.
7. Н а р ш а – Қаракөздің күйеуі.
8. А с а н – ақын-сал. Наршаның күйеу жолдасы.
9. М а т а й – о да Наршаның жолдасы.
10. Д у л а т
11. Қ о с к е л д і
Сырымның жолдастары.
12. Д ә у л е т к е л д і
13. Т ұ р с ы н – Наршаның әкесі.
14. Қ о й с а р ы – би. Бас құда.
15. Т е к т і – құдағи. Наршаның шешесі.
16. К ә м ш а т – қызметкер қыз, Қаракөздің қасында 
жүреді. Он шақты қыз-келіншек. Табақшылар. Тойға жиылған 
қатындар, еркектер.
Уақиға мұнан 50–60 жыл бұрын болған.


197
1-ПЕРДЕ, 1-СУРЕТ
I көрініс
Жарылғап ауылының сырты, дөң асты... Кешкі мезгіл: жартас, өзен, 
қайыңды тоғай, алыста тау, ауыл, шашырап жайылған мал көрінеді. Перде 
ашылғанда, сахнада тыныштық. Аздан соң ауылдан қоңырлатып айтып келе 
жатқан ән естіледі.
Ән. («
Баянауыл
»)
Ұшады кешке жақын көк көбелек,
Дертіңді сөндірейін су себелеп.
Түскенде сен есіме, ой, қарағым,
Жортайын аш бөрідей тау жебелеп.
Ойын бөлмесіне үш жігіт шығады, алдында – домбыра тартып, ән салып 
келе жатқан Асан сал.
А с а н (
салдарша сәнді киінген, үсті-басы қызылды жасыл
-
ды, қолында үкілі домбыра
)
.
Баянауыл басынан бұлт кетпес,
Қиядағы түлкіге құсым жетпес.
Ақбоз үйдің сыртынан аттандырып,
«Қош, ағатай!» дегенің естен кетпес.
Артына айналып қарайды. Нарша мен Матай үндемей салбырап келе жа-
тады. (
Асан көтеріліп
): Уһ... Кең дүниеге шығып сергіп қалдым ғой (
Жолда
-
старына қарап
): Ой, шіркін!
Теңселе басқан тең жігіт,
Бейілі мырза кең жігіт.
Бірің – жаға болғанда,
Бірің – берен жең жігіт.
Күйеумін деп сызылған,
Жеңгелерге жем жігіт.
Неге мұнша налыдың, 
Қайыспас деген, ер жігіт!
(
Жолдастарына қарап тұрады.
)
Н а р ш а . Асан, сен бұл күнде еркесің. Сен тұнығы 
бұзылмайтын айдын судың ақ құсы емеспісің. Көңілге жақса, 
отырдың, жақпаса – ұштың, кеттің. Сүт үстінде қаймақсың, 
қыз-келіншектің алдындасың. Бір қайғыны айтып жүдетіп 
жүрмесең.
А с а н . Жарқыным, бас алып, құлақ, тігісінді ұнатпадым. 
Сөз сарында бір кейіс бар ғой, мәнісін айтшы.


198
Н а р ш а . Біздей жанның қайғысын не бөлу керек? 
Сезбеймісің? Арғы атам Досаннан бері қарай дәулет қоры 
үзілген емес. Қол-аяғым сау, басым аман. Өзім жас. Ағайынның 
аялаған баласымын. Тоқпақ жалды торының үйіріндей қалың 
Досанның ардақтысымын. Өзімдей салтанатты қайынға келіп 
жатырмын. Қыз... Қызық... Айт пен той. Бірақ сонда да менің 
арманым бар... саған соны айтпақшымын... Менің дертім – 
Қаракөз!!!
А с а н . Қаракөз??!!... Қаракөздің төркіні олқы ма? Сән-
салтанаты олқы ма? Не болмаса ақ жүзінде мін бар ма, Қаракөзді 
хор жігіті олқысынбаса, кім олқысынады? Жас жігіттің алтын 
тақ пен тәжі Қаракөздей-ақ болады да, не мін таптың?
Н а р ш а . Қаракөзде мін жоқ. Қаракөздің ақылы мен көркі 
мен түгілі менен зор хан-қара, би-төренің қайсысына болса 
да олқы келмейді. Оны білемін. Қаракөздің мені сыртымен 
күтуінде, жар есебінде қадірлеуінде мін жоқ.
А с а н . Енді не жетпейді? Тойымсыз көңілің енді не тілейді? 
Қарауылдың асылы, күміс бәйтерегі, бұлбұлы Қаракөз екен. 
Сен оның алған жары екенсің, өзіңді жар деп қадірлейді екен* 
енді не тілейсің? Мен ұқпадым.
Н а р ш а . Рас айтасың. Қаракөздей асыл жоқ. Бірақ Қаракөз 
қара түнде жанған от болды. Мен сенделіп ұшып қанаты 
шарпылған көбелек болдым. Қаракөз мені тақымына толтырма-
ды... Жүрегінде жалын бар. Сұлу Қаракөзің мені жатқа балады. 
Жаным деген жақыны бар... Менің қайғым сол. Асылдың екі 
бірдей сүйгені бола ма екен? Мен нені місе қыламын? Алған 
жардың көңілінде бірдің өзі болмасаң, маған тіршіліктің несі 
сән.
А с а н (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет