20
әңгімесі бар. Берірек келген заманда жүре бастайтын жалғыз
өлеңші өзінің өнеріне түр қоса бастаған. Айтылып тұрған
оқиға елге Қызығырақ болып, жандырақ көріну үшін өлеңші
денесінің
қозғалысымен, пішін құбылысымен басына үлкен
маска (қолдан жасаған дін тұлғасын) киіп, сол құдайлардын
өз дерінің халіне түсіп, суретін толығырақ келтіріп ойнайтын
болған.
Осы халмен дін мен салттан туған қалың елдің мейрамын
грек тің атақты ақыны Эсхилдың заманына келгенде, бұрынғы
қалпына жаңа түр қоса бастады. Дионис мейрамының құрбан
шалардағы өлеңінде бұрын оқиға хормен, жалғыз өлеңші екі-
ақ кісі сияқты болып араласатын болса, Эсхил бұл мейрамды
бұрынғыдан көрнекті қылып көрсету үшін жаңағы оқиғаның
ішіне тағы ойнаушыны қосқан. Ол
құр ғана ойыншы емес,
бұрынғы Дионистің әңгімесіне араласатын құдайлардың
біреуін кіргізген. Сонымен Эсхил заманындағы драмаға ара-
ласатын ойнаушылар үшінші кісі болған. Содан кейінгі заман-
дарда драмаға кірушілердің саны көбейе берген. Эсхилдан соң
Софокл, одан кейін Эврипид заманында бұрынғы Дионистің
тойында айтылатын «теке жайындағы өлеңнен» әдебиеттің ең
сұлу, ең зор түрінің
бірі болған
драма
,
трагедиялар
туған.
Бірақ грек трагедиясы өзінің ең жоғарғы биігіне жеткенге
шейін елдің әуелгі салтынан, әуелгі ұғымынан бөлініп-жы-
рылып келген жат нәрсе сияқты болған жоқ.
Ақындар жазған трагедияның барлығы да, ең алдымен,
Құдайлар өмірінен, онан соң Құдай мен адамның ортасындағы
саты сияқты болған алыптар, асыл заттар өмірінен жазылатын,
барлығы да елдің бәріне мәлім әңгімеден алынатын. Трагедия-
лар елдің баяғы дін мейрамдарына арналған күнінде ойна-
лып, сонымен өнер түріне кірген. Ақын қиялымен жазылған
трагедияның өзі де қалың елдің қара өзегін жарып шыққандай
ел топырағынан шыққан.
Жылдағы арнаулы күндерінде қалың ел дін мейрамын
қызықтап тойлауға баяғысынша жиылып келіп, бұрынғы жалғыз
теке жайындағы өлеңді естіп көрудің орнына үлкен
қайғылы
оқиға, терең сырлы халдерін көріп ұғынып қайтатын. Бұл
жиынға келген елдер баяғыша мұсылманның айт күні мешітке
21
жиылғанындай, дін парызын, салт-әдет парызын атқаруға келе-
тін. Сонымен бірге үлгі, өсиет өнерден де жұғындар алатын.
Осы жағынан қарағанда, грек театры, бір жағынан, кейінгі
ұрпаққа өнер есігін ашып бергендей болса, екінші жағынан,
ол заманның халқына діни қызметін де атқаратын болған.
Сондықтан гректің атақты философы Аристотель өз заманының
театрын сөз қылғанда: «Театр елдің ең терең, ең асыл сезіміне
әсер етсін, театр тыңдаушы мен көрушінің денесін мұздатып,
жүрегі еліккендей болсын. Көңілді ыстық сезім,
ұлы толқын
қалпына жеткізсін», – деген.
Адам баласына театр өнерінің алғашқы асыл қазынасын
ашып берген – грек жұртының театры. Осындай жайдан туып-
өскен бұл өнер елдің қолындағы тесік моншақ сияқты болым-
сыз кішкене ұрықтан басталып, заман өткен сайын бойы өсіп
жетіле-жетіле келіп, қалың елден бір уақыт бөлініп кетпестен
аясында қараңғы елдің өзін жетектеп отырып, ең биік өнердің
кақпасына бір-ақ келіп кіргізіп жібергендей болған.
Кейінгі заман театрының барлығы да сол үлгіні осы грек те-
атрынан алған Эсхил, Софоклдердің драмалары шыққан соң,
Дионистің тойы кез келген жерде жасалмай, арнаулы театрда
көрсетілетін болған. Ол заман театры өте үлкен болатын. Бір
қаланың бар халқы сыятындай орындары бар, төбесі ашық: ойын
күндіз болатын. Ойын сондай үлкен үйдің ішінде болғандық-
тан; екінші, ойнайтын оқиғаларының барлығы құдайлар жай-
ынан болғандықтан, артистер әншейін адам қалпында шықса,
көзге
қораш болады, дауыстары жөндеп естілмейді, бойлары
көрінбеуге мүмкін. Сондықтан әрбір артист жоғарыда айтылған
маскадан басқа ауыздарына дауыс зорайтатын мұржа сияқты
құрал тығып, сонымен сөйлейтін. Бойларын зор қылып көрсету
үшін, котурна дейтін айрықша биік етік киетін. Грек театрын-
да бүгінгі театрдағы белгілердің барлығы да бар-ды. Ең әуелі
қазір «театр» деген сөзден бастап, «
Достарыңызбен бөлісу: