ЖАҢА ИННОВАЦИЯ НЕГІЗІ – САПАЛЫ БІЛІМ
Смагулова Жеміс
Ш.Есенов ат.КМТИУ көпсалалы колледжі
Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық
талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек
біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше
өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру
6
мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
Инновациялық ic – әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған
мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады. Сонымен қоса
мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол
жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын
анықтайды.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым
Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз — білім беру
мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек
қызметі» деген анықтаманы ұсынды.
Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын,
оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа
жету. Инновациялық процессіз оқу орнының дамуы мүмкін емес. Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңда оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық
қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне
қарай пайдалану оқытушыдан үлкен шеберлікті талап етеді.
Оқу орындарындағы білім сапасын арттыру үшін:
Сабақта интерактивті әдістерді қолдану;
Әр студенттің психологиялық ерекшеліктерін ескеру,
Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;
Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, оқу орны
жағдайына бейімдеу;
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы,түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең
басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Инновациялық технология нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2. Студенттердің барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3. Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай алуға болады.
4. Студенттердің көбін бағалауға мүмкіндік бар.
5. Студенттерді ізденіске баулып,өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді
6.Студенттердің қабілеттері, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби
сенімін қалыптастырады.
Қазіргі таңда оқу үдерісіне «жаппай» енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар
баршылық. Әрине, инновация көкейкесті мәселелердің тоғысында пайда болып, оқу
үдерісіндегі әдістемелерге жаңаша тұрғыдан қарап, оны үздіксіз жаңғыртуға бағытталады.
Сонымен бірге оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен
озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін
игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің
жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану - сабақтың сәтті
өтуінің кепілі.
Менің ойымша, сабақты сәтті ұйымдастырудың бірнеше алғы шарттары бар. Олар:
- Сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспары нақтылы жүзеге
асатындай етіп жасалынуы қажет. Дұрыс құрылмаған сабақ жоспары жақсы нәтиже бермейді.
- Тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру;
- Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп ала білу;
- Дидактикалық, техникалық құралдарды, электрондық оқулықтарды мақсатқа сай,
оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану;
- Сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелермен жаңа технологияларды пайдалану.
Бұл орайда инновациялық технологияларды пән бойынша қандай тарауға, қай
тақырыпқа пайдалану тиімді болатынына зерттеу салыстырып жүргізіп отыру қажет. Сонымен
бірге оқушының бастапқы білім деңгейін, жаңа технологияны пайдалану барысында
7
қаншалықты білім алып шыққанын, не үйренгенін айқындап, диагностикалап отыру да артық
болмайды. Өйткені мұғалім тарапынан білімі мен іскерлігі тексерілмеген оқушылар біртіндеп
үлгермеушілер қатарына қосылады. Бұл өз кезегінде сабақтың сәтті өтуіне зиянын тигізбей
қоймайды.
Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде?
1) Қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен
жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.
2) Жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала
болжам жасауға үйретеді.
3) Инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген
оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе
бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін
көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол
үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты сәтті
ұйымдастырудағы басты мақсат - оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі
заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті өтуі:
1. Мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне;
2. Сабақ материалына;
3. Топтың типіне;
4. Мұғалім мен оқушының көңіл –күйіне де байланысты.
Баланың оқуға деген ынтасы казіргі кезде төмендеп бара жатырғаны мұғалімдерге мәлім.
Қандай болмасын мұғалім осы мәселемен күнделікті кездеседі
Көпжылдық еңбек нәтижесінде көріп жүргеніміздей оқушылардың оқуы сонымен білім
сапасы оқу барысында оқушының өзі сабаққа тікелей қатысуы, сабақ барысында тек мұғалімнің
айтқаның ғана жазып,сызып қоймай өз бетінше білім алуға жағдай жасалғанда ғана оқушы
білімге өзі ұмтылатыны және алған білімін одан әрі дамытуға қызығатыны анық. Сабақ
барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.
Балаға күштеп білім беруден гөрі, Баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды
мақсат. Орыс педагогы К.Д. Ушинский айтқан.
Қазіргі оқу үрдісінде оң нәтиже көрсетіп жүрген әдістердің бірі – топқа бөліп
шығармашылық тапсырма беру.
Шығармашылық тапсырмаларды орындауда топ оқушыларын топтарға бөліп
тапсырмаларды беремін, осындай бөлу оқушылардың қабілетін арттырады және мұғалім мен
оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі. Топпен жұмыс барысында топтың әр
оқушысы берілген тапсырмаларды орындау барысында өз үлесін қосуға тырысады және
оқушылардың интеллектуалды қабілеттері айқындалады. Бұндай топтарға бөлгенде жеке
оқушының қабілетін еске ұстаған жөн. Бір топқа шығармашылығы жоғары, сын тұрғасынан
ойлайтын оқушыларды, ал келесі топқа ойлауы дұрыс, бірақ сенімсіздіктері басымырақ
оқушылар, үшінші топ алгоритмдік деңгейлі оқушыларды бөлемін.
Химия, физика, математика пәндері дәлдікті, нақтылықты, ғылымилықты талап ететін
пән.
Баланың оқуға деген ынтасы казіргі кезде төмендеп бара жатырғаны мұғалімдерге мәлім.
Қандай болмасын мұғалім осы мәселемен күнделікті кездеседі.
Жаңа заманауи технологиялар даму заманында мұғалімнің күнделікті сабақта
компьютер, интерактивті тақта қолдануы сабақ кезенің тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Химия пәнінің ерекшелігі сабақ барысында химиялық эксперименттер болуы, бірақ
көптеген себептер (реактивтер тапшылығы, кейбір реактивтер белсенділігі, тәжірибе уақыт көп
алуы) болғандықтан кейбір зертахана жұмыстары сабақ барысында өткізілмейді. Осындай
кездерде электрондық оқулықтар, бейне тәжірибелер қолданылады. Электрондық бейне
тәжірибелердің бір тиімділігі тәжірибені қайта көрсетіп қайталау мүмкіндігі, жақсы көрінуі,
қауіпсіздігі болып табылады.
8
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған технологияларға сын
тұрғасынан ойлау, жобалау, проблема туғызу, ұжымдық қарым-қатынаста оқыту.
1. Мағынасына қарай материалды топтау – бір ойға, бір идеяға қатысты материалды
топтау. Басты ой, идея тапсырма мәтінінде болады, немесе оқушы ойлау әрекеті арқылы бір
ойды немесе идеяны өзі тұжырымдайды.
2. Қызығушылықты ояту. Химия сабақтарында мен сабақтың тақырыбын айтпас бұрын
заттардың күнделікті өмірде және тұрмыста қолданылуы туралы айтып, сүреттерін, материал
үлгілерін көрсетемін, мысалы «Көмірсутектердің табиғи қорлары» тақырыпты өткенде бензин,
мазут үлгілерін әуелі көрсетіп оның түрін, түсін, иісін қарастырып талдай келе сабақ
тақырыбына келтіремін, сосын ғана мұнайдың құрамы мен химиялық қасиеттеріне тоқталамын.
Бұндай әдіс тақырыпқа деген орнықты немесе терең қызығушылық оятады.
3. Тарауды қорытындылауда
а). «Жасырын сөз» айдары
ә «Сәйкестіктерді анықтау» - негізгі сұрақ цифрлармен, ал сәйкес жауабы әріптермен
берілетін тапсырма.
б) «Сенесің бе, сенбейсің бе?»
в) «Ойлы болсаң, ойлап көр»
г) «Сандарда сөйлейді»
ғ) «Шабандоздар» сайысы
д) Артығын табу
е) «Детальдарды қосу
4. Пән аралық байланысты қолдануда
а) «Он сегіз мың ғалам»
ә) Атым – айдарым
б) Жаттығуды орындау
в) Ертегілер сыр шертеді.
г) Ситуациялық жағдаяттар
ғ) «Толғаныс» - дау дамай
д) Химиялық тілде ақтілек
9
Жарыс түрінде өткізілгендіктен әр оқушы тапсырманы тезірек, әрі дұрыс орындауға
тырысады. Оқушы өз тобы үшін жаны ашып, қайтсе де жеңіске жетуге ұмтылады. Мұндай
сабақ барысында белсенділігін жоғарлатумен қатар білімге, пәнге қызығушылығын
арттыратыны сөзсіз.
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу
бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр - информатика ғасыры, яғни
ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман
талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті,
үлкен сұранысты талап етеді. Менің де оқушыларым арнайы берілген үй тапсырмасын дискіге
жазып жүреді. Зертханалық жұмыстар жүргізген уақытта тағамдар құрамындағы зиянды
заттардың құрамына талдау жасадық Мысалы, жеңіл тұздалған селедка балығын алып, оны ұзақ
мерзімде сақтау үшін уротропин қоспасымен өңдейтіні туралы ақпарат алдық. Ал сірке
қышқылына қосылған уротропин өте улы формальдегид қоспасына айналады. Бұл - адам ағзасы
үшін өте қауіпті зат. Ол көру, есту, дем алу мүшелеріне залал келтіріп, орталық жүйке жүйесін
де зақымдауы мүмкін екендігіне көз жеткізді.
Көңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл-күйді
білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы: «Ауа райы»,
«Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында
түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен
бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан көңіл-күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма - мен
тапсырманы орындай алмадым, көңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. «Бір сөзбен» әдісі
барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш
сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік, сенімділік, рахаттану,
алаңдау).
Жаңаша әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға
қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі
қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді үйренеді. Инновация білім
деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Оқушының жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей
отырып, танымдық күшін қалыптастыру және оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда
әр түрлі бизнес-ойын түрлері, топтастыру, сәйкестендіру, толықтыру стратегиялары, он лайн
басқатырғыш, сергіту жаттығулары, электронды оқулықтар кеңінен қолданылады.
Сонымен бірге сабақтағы кері байланыстың да берері көп.
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол
жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана
емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында
жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне
баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген
кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан
қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі.
«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де арманым
еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере
алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім
беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре
алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет. Сондықтан, өз
шәкірттеріме білімімді одан әрі жетілдіре отырып беру, талантты да талапты оқушылар оқытып
тәрбиелеу – негізгі мақсатым.
10
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты
міндеттері мынадай:- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты
түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Осы инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше өз пәнімізде қолдансақ болашақ
маман иесі сапалы білім және тәрбие алатынына сенімдімін. Инновациялық технология – білім
сапасын арттыру кепілі.
Достарыңызбен бөлісу: |