Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет6/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

«кәсіби түсінік» 
болуы міндетті, себебі жеке тұлғаны дамытуда оқушының 
жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, сапалы білім бере алуы қажет. Оқушыны өзің ойлаған 
деңгейге жеткізудегі зерттеудің тиімді жолын біліп, көре алу. 
Екіншіден
«оқытудың тәжірибелік дағдылары»
іске асыру жолындағы өзгерістер 
мен түрлі идеяларды қолдану. (әдіс-тәсілдер, ынталандыру, жоспарлау мен бағалау, қолайлы 
орта қалыптастыру). 
Үшіншіден 
«кәсіби- өнегелілік тұтастық» 
(этиканы сақтайтын, шыншыл, төзімді, 
батыл, мейірім,құрметке ие болу керек)
 
балаға білім беру құнды қызмет екенін түсініп, нақты 
ұстанымдары қалыптасқан жандар болуы шарт деп көрсетілген. 
Оқытушыға өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың 
көзқарасы мен пікірін сыйлап, тыңдай білуі керек. 
Кәсіби құзырлылық - мұғалімнің біліктілігін арттыру, 

қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, 

жоғарғы деңгейге ұмтылу мен ізденіс, 

жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі 

қолдана білу, 

адами құндылықтарға сай бола отырып, бала бойына сіңіре білу. 
Құзыреттілік – оқу нәтижесінде меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, 
проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын 
жаңа сапа. 
Нәтижеге бағытталған сапалы білім беруде пән оқытушының құзыреттілігі: 
Арнайы құзыреттілік 
– өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және 
өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет. 
Әлеуметтік құзыреттілік 
– бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті, ұжыммен, 
топпен қызмет ету, кәсіби қарым– қатынас тәсілдерін қолдана білу. Яғни, оқытушы 


15 
студенттермен қарым – қатынаста тактикасын баланың жасы, рухани өсуіне байланысты 
өзгертіп отыруы керек. Студенттерді топтық, ұжымдық жұмыстар жасай алуға, соның ішінде 
жеке тұлғаның дамуына мән беруі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет