14
парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге
көшуді көздейді. Бұл білім берудің философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін,
теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Бұрынғы студент тек
тыңдаушы,орындаушы болса, ал қазіргі білім беру жүйесінде студенттің өздігінен білім
іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беріледі. Қазіргі білім алушы: дүниетаным қабілеті
жоғары, дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білу керек.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және
жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу
үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту және тәрбие берудегі жаңа технологиясын енгізу»
делінген. Білім беруді дамытуда өскелең ұрпақтың мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы
мен талпынысы болашақ мамандығының кәсіби маңызды қасиеттерін жетілдіруге бағытталуы
тиіс.Сондықтан өмірге жан–жақты
дайындалған, еңбексүйгіш, ынталы, шығармашылықпен
ойлайтын, рухани – интеллектуалдық тұрғысынан бай азамат тәрбиелеу , білім беру –
тәрбиелеудің басты мақсаты. Оқыту — екі жақты процесс. Оқыту процесі — студентпен мен
оқытушының өзара бірлесіп жасайтын қызметінен тұратын күрделі әрекет.
Оқыту -
оқытушының білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу — студенттің өзінің танымдық,
практикалық әрекеті. Қазіргі «ақпараттандыру заманында балаларға қалай білім беру керек?»,
«сабақта алған білімдері бәсекеге қабілетті тұлға болуға қалай көмектеседі?» сияқты
проблемалар туындауда. Заманауи технологияларға жаппай
компьютерлендіруге қарамастан,
барлығының басында адам тұрады, ендеше мұны ештен шығармауымыз қажет.
Ендеше, бүгінгі заманның оқытушысы қандай? Оқытушы деген кім? Ол қандай болуы
керек? Оқытудың табысты болуы құзырлы оқытушыға тән белгілер (бас, қол, жүрек) болғанда
ғана іске асады. Мұғалімнің жұмысын сапаға жеткізер үш көмекшіні Шульман өз кестесінде
белгілеп нақтылап атап жазған.
Біріншіден
Достарыңызбен бөлісу: