90
бауырмалдылық пен ізгілікке тәрбиелейтін шығарма тілге жеңіл, жүрекке жылы тиері сөзсіз.
Ертеде өмірдің қатты соққысын көрген ағалы-інілі екеудің қаншама жылдан кейінгі бірін-бірі
көрген сәті мен әңгімелері арқау болатын шығарманың ұзақтығы да бар. Балалар үйін мекен
ететін інісі Қалиды ағасының іздеп келуімен басталатын туындыда Омск жер-су аттары
суреттеледі. Балалар үйінің дәл осы мекенде орналасқанын айтқан
автор ағаның інісіне деген
сағынышын, махаббатын ерекше етіп суреттейді. Бірақ інісінің ағасына деген салқын көңілі,
зілдей сөздері жүрегіне батып, алып-ұшып келген сезімдерінің барлығы су сепкендей
басылады. Бірге туғанын өз қолымен балалар үйіне әкелгеніне өкінгенімен, заманның сондай
болғанына ызасы келіп, кейде тіпті өзіне де қатты ашуланғанын автор ерекше сөздермен
жеткізе білген. Қалиға әкелген киімдерін алмай, сыйлығын да
місе тұтпай қойғандықтан
ағасының жаны ауырып, өзін қоярға жер таппайтыны да оқырман қауымына әсерлі бейне
тапқандай суреттеледі. Үлкен қуанышпен келген ағасының бауырымен суық қоштасқаны
жанына батып, үздіксіз қарап отыруымен аяқталатын шығарма аянышты болғанымен, өмірдің
бес тонна шындығы жатқанын да ескерте кеткеніміз абзал.
Дәл осы 5-сыныпта берілетін тақырыптың бірі – жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың
«Анасын сағынған бала» әңгімесі болып табылады. Ана мен бала арасындағы махаббатты
нығайта түсуге көмектесетін шығарманың ерекшелігінде де үлкен тәрбиелік мән жатқандығы
айтпаса да түсінікті шығар. Мектеп бағдарламасында берілетін тақырыптардың легі
оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді сіңдіре отырып, жақсылыққа қарай бағытталатыны мәлім
[2,32]. Шетел әдебиеттерімен де жалғасын тауып жататын шығармалардың қатарынан Оралхан
Бөкейдің «Тортай мінез ақ боз ат» туындысын көреміз. «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесіндегі
«Меннің» яғни, автордың баяндау стилі Тортайдың бақыты жайлы,
ақ боз ат жайлы, арман –
қиялы ең соңында бәрі ертегі болып, қатал өмір өз дегенін істемей тынбайтын, Тортайға
лайықты атты сол «меннің» мініп кеткеніне өкінетіні реалды өмір мен қиялдағы шындықтың,
егіз параллель қосарланып жатқанын байқаймыз. Тортай жетім бала, бірақ өзі білімге өте
құштар, ертеден қара кешке дейін кітап оқиды, жазушы, үлкен адам болғысы келеді. Қоғамға
айтары бар. Дәл осындай қоғамға айтарлары бар адамдардың қандай дәрежеде өмір сүріп
жатқандықтары маңызды емес екенін көрсете білген шығармада оқушылар көп дүниені түйе
біледі.
Қазіргі Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келген, балалар әдебиетінің
дамуына үлес қосқан жазушы Сансызбай Сарғасқаевтың «Тәмпіш қара»
туындысын біз
оқушыларға ұсынып, талдау жұмыстарын жүргіземіз. Жас жеткіншектерге негізінен арналған
шығармалары оқырман қауымның ішінде ойып тұрып орын алғаны айтпаса да белгілі-ақ. Өткен
ғасырдың 30-40 жылдар аралығындағы оқиғаларды көрсетуге бағытталған шығарманың негізі
қарапайым ауыл өмірін суреттеу арқылы, балалардың жай-күйін сипаттап жазады. Басты
кейіпкер Ертайдың өткен күнге деген сағынышын есіне алумен басталатын шығарма ауыл
балаларының түсінігі мен қоса қоршаған ортаға деген көзқарастарын қарастыра отырып, мінез-
құлықтарын айна қатесіз сипаттап жазып береді. Сурет салатын дарыны бар Ертайдың ауыл
баласына тән қарапайымдылығымен қоса мақтаншақтық қасиетінің барын да жырлап жазатын
автор ерекше баяндамалар жасайды. Ауыл балаларының өмірін суреттейтін шығарманың тілі
жеңіл болғандықтан барлық балалардың оқуына мүмкіндік береді. Жүрекке жылы, тілге жеңіл
тиетін шығармаларды оқу арқылы оқушылар өздеріне рухани сабақ аларлары сөзсіз.
Қалған
күйдің құдіретін бейнелеп, небір авторлардың туған жерлеріне деген ыстық сағыныштарын
суреттеп жазатын шығармалар ертеден келе жатқаннан ұстаз бен оқушы арасындағы
байланысты күшейтеді. Ал жыр болған махаббат тақырыбына қатысты жазылған прозалық
туындыларды білім алушылар өздері-ақ ізденіп, тақырыпты түсініп, түйін түюлеріне
жағдайларын жасап та алатындай. Басқа жанрларға қарағанда оқытылуы ауырлау прозалық
туындылардың мектеп бағдарламасында берілуі күрделі болғанымен оны оқытудың әдіс-
тәсілдерін білсе ұстазға да, оқушыға да жеңіл тиері сөзсіз [3,45].