Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет39/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

Креактивтілік-
адам 
тағдырына жауап беретін тұлғаларға өте қажет. 
Адам тағдырына жауап беретіндердің бірі – ұстаздар , екіншісі дәрігерлер – өте
жауапты мамандықтар. 
Біз, медициналық колледж ұстаздары - осы екі мамандықтың да «жүгенін қоса ұстап» -
жүрген жандармыз. 
Біз – сол студентке науқасты ажалдан арашалап қалу жолдарын да үйретеміз. 
Біз – сол маман иесіне адамгершілікті, адам қатынасын үйретеміз. 
Елена Рерих: Адам жанын тәрбиелеуден артық бақыт та, мамандықта болуы мүмкін 
емес – деген қанатты сөзіне ой жіберсем: Мен, медициналық колледжде ұстаз болуымды -
«бақытты мамандық иесімен»- деп айта аламын. 
Ұстаз құзыреттілігі » - білім негізі... 
Қазіргі таңдағы әлемдік білім беру үлгісінде «жаңаша білім беру мазмұны» - жаңарту 
жолымен ең алдымен педагогтардың құзыреттілігін арттыруды жолға қоюда. 
Өзімнің кәсіби құзыреттілігімді арттыру мақсатында жаңа білім беру мазмұнына сай – 
өз білімімді көтеруді жүйелі алып баратын ұстаздардың бірімін. Басылымдарда шығып 
жатқан жаңа технологиялық әдіс – тәсілдер жарияланған мақала, баяндама нұсқаларын үзбей 


84 
оқимын. Өзім де ғылыми жоба, мақалаларымды үзбей жолдаймын. 
«Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы пәнге қызығушылықты 
арттыру» , «Мұғалім шеберханасы», №1, 2018ж. « Еңбек жолым және білім берудегі жаңашыл 
тәсілім», 2019ж. «Астана жобалары» республикалық жобаларды ұйымдастыру орталығы.
Құзыреттілік ұғымы – ұстаз бойындағы білім, іскерлік, дағды, ерік, күш, жігер, 
құлшыныс. 
Денсаулық саласының қызметкерлерінің құзыреттілігі науқасты қиын сәттерден аман 
алып қалуды, сол маманды бәсекелестікке, қабілеттілікке тәрбиелейді. 
Құзыреттілік – маманның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуіне көмектесетін
икемділігі мен іскерлігі. 
Медициналық оқу ордаларының ұстаздарының мойнында екі түрлі жауапкершілік
жүктелген. 
1.
Әрі құзыретті білікті маман даярлау. 
2.
Өз ісіне шебер, бәсекелестікке қабілетті тұлға тәрбиелеу асқақ адамгершілікке,
төзімділікке, адамдыққа, табандылыққа тәрбиелеу – екінші жауапкершілігіміз. 
Студенттердің алған білімдерін зерттеу- студент тәжірибе сынақтарынан өтетін 
емханаларда, студенттердің жұмыс жүрісін бақылау және зерттеу арқылы іске асады. 
Студенттеріміздің науқастарға процедуралық ем – дом жұмыстарын жүргізгенде: 
1.
Олардың науқастармен тіл табысу мәдениеті: 
2.
Этикалық, эстетикалық әдебі; 
3.
Жұмыс барысында батылдығы, жүректілігі, науқастардың көңілін көтеретін
шешендік сөздері. 
4.Өз ісіне мұқияттылығы, жауапкершілігі; Орыс, қазақ, ағылшын тілінде сөйлей білуі; 
Бәсекелестікке қабілеттілігі, адами ізгілік қасиеттері, дәрі – дәрмектермен дұрыс 
жұмыс жасауы, қадағаланады, зерттеледі. 
Білікті ұстаздан – білікті маман шығады. Колледжіміздің студенттеріне білім беруде -9 
жоғары (шебер) біліктілік , 16 зерттеуші біліктілік санаттағы, 4 магистр ұстаздар білім беруде. 
Мұнайшылар қаласындағы медициналық колледж бітірушілері қалалық емхана, аурухана, 
Кендірлі шипажайы,Мұнайшылар шипа жайлары мен «Отбасылық Жалымбетов Қ. 
емханасында»,« Нейрон» емханаларында жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөленуде. 
Маңғыстау медициналық колледжіндегі жаңа мазмұндағы оқыту технологияларын 
қолдану арқылы жеткен нәтижелерді талдай отырып өзімнің 
Ұсыныстарым: 
1.
Орта арнаулы медициналық колледждерінен инклюзивті балалар мен жұмыс
жасайтын, үйден оқитын балаларды да оқытатын «ұстаз – мейірбике» мамандығы факультеті 
ашылса; 
2.
Жаңа мазмұнда оқыту бағдарламалары медициналық оқу орындарына арналып 
арнайы бағдарламалар шығарылса; 
3.
Инклюзивті балаларға арналған жеңілдетілген оқулықтар шығарылса; 
4.
Ақтау қаласындағы Шаһмардан Есенов Университеті базасынан «Емдеу дәрігері» 
дайындайтын медициналық оқу орнының филиалы ашылса. 
Орталықтан алыс түбекте тұратын Маңғыстауда дәрігерлер жетіспеушілігі жолға 
түсер еді. Себебі Ақтау,Жаңаөзен қалаларында дәрігерлер жетіспейтіні баршаға аян. Халық
алыстан ем іздемей, өз қаламызда емделер еді. 
ХХІ ғасырдағы дамыған ел – белсенді, білімді денсаулығы мықты азаматтар. Біз, 
Маңғыстау медициналық колледжінің «Дәрігер - ұстаздары» үшін колледж студенттеріне 
заман талабына сай білім беру - бүгінгі күннің талабы,біздің басты ұстанымымыз. Біз, 
ұстаздар, қоғамға пайдалы мамандық мейірбике мамандығын өмірге жолдама беруге лайық, 
білімді, білікті, үш тұғырлы тілді еркін меңгеріп, еркін сөйлей білетін, асқақ адамгершілікті, өз 
ісіне мығым, мәдениетті, ақыл - ойлы, бәсекелестік қабілетке бейім, салауаттылық жолында 
еңбек ететін жігерлі, батыл мамандар даярлап, шығарамыз. Қазақ елін өркениетті отыз елдің 
қатарына жеткізушілеріне қызмет ететін медицина қызметкерлерін даярлауда аянбай еңбек 


85 
етеміз. Жаңарған заманға сай жаңарған инновациялық әдіс – тәсілдермен білім беру жолында 
жемісті еңбек етеміз. Біз берген сапалы білім нәтижесі – жыл сайын еңбекке жолдама алып, 
халық денсаулығы үшін күресетін болашақ медицина қызметкерлері. Халық денсаулығын 
сақтау біздің басты ұстанымымыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет