93
Жұмыстың тұсау-кесері. Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны
сөйлетуге мүмкіндік жасайды. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәнерін ескере отырып, бір-
бірінің ойларын жалғастырып отырады.
Бағалау және жоспарлау. Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдыңғы
үлкен мақсаттарға жетелейді. Ұжымды
талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді,
алдағы жұмыс құрайды.
Техникалық сызу пәнінен жобаның түрлері: ғылыми жоба; шығармашылық жоба; ойын
түріндегі жоба; ақпараттық жоба және т.б түрлері бар.
3. Топтық технологиялар
оқушылар ұжымының келесі мақсаттарға қол жеткізуіне
мүмкіндік береді:
• оқу-танымдық процесстің белсенді өтуіне, бірлескен іс-қимылды ұйымдастыру;
• іс-әрекеттерді барлық оқушы арасында бөлу;
• қарым-қатынас және кқммуникативтік қабңлеттердңғ жоғарылауы;
• өзара түсіністіктің пайда болуы,
оқушылардың бірлескен қызметі;
• рефлексия.
Топтық жұмыстың тиімділігі топтың құрамынан және ұсынылған тапсырмалардың
мазмұнына байланысты орындау. Техникалық сызу сабақтарында жиі қолданылатын топтық
жұмыс түрі, ол бір партада отыратын екі оқушыны біріктіру. Психологтар мұндай шағын
жұптарды диада деп атайды. Оқушыларды топқа бөлу кезінде бір-біріне қарым-қатынасы теріс
оқушыларды отырғызудан сақ болу қажет, себебі мұндай оқушылар тапсырмаларды шешу
барысында тұлғааралық қарым-қатынастарды анықтаумен уақыт жоғалтып алуы мүмкін.
Сонымен қатар жұп таңдау мүмкіндігін оқушыларға ұсыну оқытушының негізгі қателігі болып
табылады, себебі, құрылған жұптарда білім деңгейлері төмен оқушылар бір жұпқа түскен
жағдайда сабақ пассивті өтіп мақсатына жете алмай қалуы әюден мүмкін.
Оқытудың табыстылығына жету үшін «басқарушы және орындаушы» принципі
негізінде үлгерімі жақсы және нашар болып
табылатын оқушыларды анықтап, біріктіре білу
қажет. Сонымен қатар техникалық сызу сабағында диада топтарынан бөлек, төрт немесе бес
баладан тұратын топ құрастыру өте тиімді. Бұл әдістің негізгі кемшілігі шамадан тыс шудың
пайда болуы, себебі тапсырмаларды орындау кезінде топ мүшелері өз ойларын ашық айту
барысында, пікірталас туындауы мүмкін. Шудың пайда болуы оөытушыларды топтық жұмыс
өткізуден бас тартуға әкеліп соқтырады. Алайда, біріккен ойлағыштық іс жекелей жұмысқа
қарағанда
нәтижелі болып табылады, және менің тәжірибем көрсеткендей, топтық жұмысты
жиі қолдану кезінде шуыл біртіндеп басылып балалар бірін-бірі тыңдауды үйренеді.
Оқыту әдістемесінің сызу бар үлкен саны әр түрлі графикалық тапсырмаларды орындау.
Емес, олардың барлығы үшін пайдаланылуы мүмкін шешім тобы оқушылары. Пікірі бойынша,
Н.П. Щербо, бірлескен шешім үшін ғана қажет ететін мәселелердің қазбаның жалпы көңіл,
логикалық ойлау, соқтығысу түрлі көзқарастарды және т. б. Техникалық сызу пәнінің оқу
бағдарламасының көп бөлігі графикалық тапсырмаларды орындауды талап етеді. Сондықтан да
топпен жұмыс технологиясы тек қана оқушылардың жеке көз қарасын, логикалық талқылауды,
ой түйінің қажет ететін кейбір сабақтарда ғана қолданылады.
Топтық жұмыс жағдайында оқытудың тиімділігіне әсер ететін қолайлы эмоционалдық
фон пайда болады, яғни:
қорқыныш жоғалады, оқушылардың өз күштеріне сенімі артады,
шаршаңқылық жоғалады, қарым-қатынас орнайды, танымдық қызығушылығы ынталандырады.
Осылайша, техникалық сызу сабағында ұтымды ұйымдастырылған топтық қызмет
оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің өсуіне ғана емес, жеке тұлғасының қалыптасуына,
оқушылар ұжымының бірігуіне септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: