Сұрақ: Ораза кезінде емізулі сәбиі бар аналар не істесе болады?
71.
Жауап:
Ислам жеңілдік діні. Құранда: «
Алла Тағала ешкімге шамасынан тыс, көтере
алмайтын міндетті жүктемейді
»,
–
делінген. (Бақара, 184) Сондықтан аяғыауыр немесе
емізулі баласы бар аналарға осы жеңілдік аясындаораза
ұстамауыларынаболады.Бірақ кейін
қазасын өтеуі шарт. Хадисте: «
Алла Тағала оразаны және намаздың жартысын жолаушыға
жеңілдетті, әрі Ол
,
аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерге оразаны жеңілдетті
»
,
–
делінген.
Сұрақ: Егер ораза кезінде әлсіздікті сезінсе оразаны бұза алама?
72.
Жауап:
Егер ауыз берік адамның
оразаны жалғастыруы
ауыр болып жатса, ол күндері оразаны
тоқтата тұруға болады. Алайда, жеңіл
-
желпі қиналғанға бола оразасын бұзуы дұрыс емес. Шын
мәнінде өзін жайсыз сезініп, денсаулыққа қауіп төнер болса, аузын ашуға болады (мысалы,
дәрігердің айтуымен). Құранда:
«Ол сендерге дінде қиындық қылған емес».
(Бақара,
78).Әлсіздікті сезініп, оразасын ашқан адам денсаулығы жақсарған соң қаза болған күндерін
өтеуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: