Мұсылмандары діни басқармасы ақТӨбе облыстық орталық «НҰР Ғасыр» мешіті


Сұрақ: Ораза Айт мерекесі күні сәресіге тұрып, ауыз бекіту қажет пе?



Pdf көрінісі
бет23/24
Дата10.08.2023
өлшемі6,37 Mb.
#105168
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Снимок экрана 2023—03—21 в 13.34.05

 
Сұрақ: Ораза Айт мерекесі күні сәресіге тұрып, ауыз бекіту қажет пе? 
 
95.
Жауап:
Мұсылмандар арасында Ораза айт намазына барарда әдеттегідей сәресі ішіп, ауызды 
бекітіп бару керек деген ұғым кең тараған. Алайда, айт күні Рамазандағыдай сәресі ішудің 
қажет жоқ. Шариғатымызда мұндай міндет жоқ. Тек, айт намазына шығарда тақ санды: тақ; 
бір, үш, бес, жеті құрма жеп шығу Пайғамбарымыздың сүннеті болып табылады. 
 
Сұрақ: Айт күндері ораза ұстауға бола ма?
 
96.
Жауап:
 
Ораза айттың бірінші күні және құрбан айттың бірінші және одан кейінгі үш яғни 
ташриқ күндері ораза ұстауға тыйым салынады

Себебі қуаныш пен шаттыққа толы бұл қос 
мейрамда мұсылмандар көтеріңкі көңіл
-
күймен мерекеге тән жарасымды да сауапты амалдар 
жасаумен өткізеді. Ал оразаның қазасын айттан кейін кез келген күні, келесі жылдың ораза 
айына дейін өтеуге болады.
 
Сұрақ: Рамазаннан
 
соң келетін нәпіл оразаны қалай ұстайды?
 
97.
Жауап:
 
Хадисте: «
Кімде кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза 
ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады
», 

депсүйіншілеген.
Бұл оразаны Шәууәл айында 
бөліп
-
бөліп ұстауға болады. Сол секілді, бірден арасын үзбей ұстауына да болады.
 
Сұрақ: Бірінші қаза оразаны ұстайды ма әлде Шәууәлдің оразасын ұстайды ма?
 
98.
Жауап: 
Рамазанда түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған адам Шәууәл айында әуелі 
Рамазанның қазасын өтеуіне де, сонымен бірге Шәууәлдің алты күндік нәпілін ұстаса да 


болады. Дегенмен, Рамазан оразасын толығымен ұстау Алла Тағаланың бұйрығы екенін 
ескерген жөн. Ал, Шәууәл айында 6 күн ораза тұту Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті 
болғандықтан алдымен оразаның қазасын өтеу абзал. Себебі адамның белгіленген ажалы 
айтпай келетіндіктен, алдымен парыз оразаның қазасын толық өтеп, нәпіл оразаны одан кейін 
ұстаған дұрыс. Бұған қоса жоғарыда келтірілген хадисте «Рамазан оразасынан соң Шәууәл 
айында 6 күн ораза ұстаса» делінгенін ескерсек, әуелі Рамазанның қазасын өтеудің абзалдығын 
ұғамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет