Сұрақ: Рамазанда балиғатқа толған бала яки мұсылман болған адам не істеуі қажет? 77. Жауап : Олар оразаның қалған күндерін тұтады.
Сұрақ: Өзге дін өкілі мұсылмандықты қабылдаған күнінің немесе баланың балиғатқа 78. толған күнінің қазасын тұтуы керек пе? Жауап: Жоқ. Ол күннің қазасын тұту шарт емес.
Сұрақ: Ауызашар берудің сауабы қандай? 79. Жауап: Ауызашар беру сауабы мол амал. Бұл жөнінде хадисте:
«Ораза ұстаған адамды тамақтандырған (ауызашар берген) ораза ұстағанның сауабын алады. Әрі ораза ұстаушының сауабы кемітілмейді» ,
–
деп сүйіншілеген.
Сұрақ: Қадір түні дегеніміз не? 80. Жауап: «Қадір» сөзі «үкім
түні» мағынасын береді. Демек, қадір түні Алланың тағдырды үкім
ететін түні. Құранда:
«Ол кеште барлық хикметті істер айырылады» ,
–
деген. Қатада:
«Бұл түнде келесі жыл істерінің тағдыры жазылады» ,
–
дейді. «Қадір» сөзінің тағы бір мағынасы
«абырой, бедел». Мұндай жоғары дәрежеге лайық болуының себебі, бұл түннің салмағы мың
айдан да қайырлы.
«Қадір түні мың айдан да қайырлы» ,
–
деп баяндалады. Рамазан келгенде,
Алла
Елшісі (с.ғ.с.):
«Расында, сендерге бұл ай келді! Онда мың айдан да қайырлы бір түн бар. Сонда кім ол түні бейқамдық танытса, оның барлық игілігінен құр қалады. Ал оның барлық игілігінен тек нағыз мақрұм адам ғана айырылып қалады!» ,
–
деп сүйіншілеген.