Сұрақ: Тарауих намазының уақыты қашан? 86. Жауап: Тарауих намазының уақыты –
құптан
намазы мен таң атудың аралығында. Құптаннан
бұрын оқылған тарауих намазы саналмайды. Тарауих намазын оқудың ең абзал мезгілі –
түннің үшінші
бөлігі кіруден бұрын.
Имам тарауих намазын оқып тұрған болса, кешігіп келген
адам алдымен құптанның парызын оқып, кейін тарауих намазына тұрады. Бұл жағдайда құптан
намазының сүннетін тарауих намазының отырыстары арасында оқыса болады. Оқымаса,
соңынан үтірден бұрын оқып алады. Мешітке бара алмаған жағдайда үйінде тарауих намазын
оқуға да болады.
Сұрақ: Тарауих намазының таспихы қандай? 87. Жауап: Оқылуы:
«Субхаанә зил
-
мулки уәл
-
мәләкуут. Субхаанә зил
-
иззәти уәл
-
азомәти уәл
-
қудроти уәл
-
кибриәә и уәл
-
жәбәруут. Субхаанәл
-
мәликил
-
хаййл
-
ләзии ләә йәмуут. Суббуухун
қуддуусун роббунәә уә роббул
-
мәләәикәти уәрруух. Ләә иләәһә иллаллаһу нәстәғфируллааһ
нәсәлукәл жәннәтә уә нәъуузу бикә минәннар».
Қазақша
мағынасы: «Патшалық және мүліктер иесі Алла пәк. Үстемдік, ұлылық, құдірет,
үлкендік және өктемдік иесі Алла пәк. Өлмейтін (мәңгі) тірі (патшалардың) патша Алла пәк.
Өте пәк, тым кіршіксіз Раббымыз, әрі періштелердің Раббы, әрі Жәбірейілдің Раббы, Алладан
басқа ешбір Тәңір жоқ. Алладан жарылқау тілеймін. Я, бір Алла! Сенен жәннат тілеймін және
тозақ отынан сақта деп саған сыйынамын».
Сұрақ: Пітір садақа деген не және оның мақсаты қандай? 88. Жауап: Пітір –
оразаның қате
-
кемшіліктерін толтыратын, Құдайға шүкіршілік ету үшін
берілетін және кедейлерді қуантатын садақа. Хадисте:
«Алла елшісі (с.ғ.с.) ораза ұстаған адамды ұнамсыз сөздер мен жағымсыз іс - әрекеттерден тазарту әрі кедейлерді тамақтандыру үшін пітір садақаны міндеттеді. Кім оны (айт) намаздан бұрын берсе, ол зекет болып қабылданады, ал намаздан кейін берсе, жай ғана садақа болып есептеледі» деген.