Мұсылмандары діни басқармасы ақТӨбе облыстық орталық «НҰР Ғасыр» мешіті


Сұрақ: Пітір садақасы кімдерге берілуі тиіс?



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата10.08.2023
өлшемі6,37 Mb.
#105168
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Снимок экрана 2023—03—21 в 13.34.05

 
Сұрақ: Пітір садақасы кімдерге берілуі тиіс?
 
92.
Жауап:
 
Пітір садақаны Құранда айтылған жағдайы жоқ жандарға, ештеңесі жоқ міскінге, зекет 
жинауға тағайындалған белгілі адамдарға, қарызға батқандарға, Алла жолында қызмет етіп 
жүрген азаматтарға, қаржылары бітіп, жолда қалған жолаушыларға берсе құба
-
құп.
Әке
-
шешесіне, ата
-
әжесіне, әйеліне, өзінің ұл
-
қыздарына, олардан туған немерелеріне садақа беру 
дұрыс емес. Пітір садақаны алдымен бауырларына, туыстарына, ағайындарына, көршілеріне 
берген абзал.
Одан артылып жатса немесе беретін жері болмаса, мешітке апарып берсе де 
болады. Бұл үрдіс бізде бұрыннан қалыптасқан. Мешіт оны мұқтаж жандарға үлестіреді және 
дін жолында пайдаланады.
 
 
Сұрақ: Айт мейрамдары жайлы айтсаңыз?
 
93.
Жауап:
Айт –
мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ислам дінінде екі айт мейрамы бар. Ол Ораза 
айт және Құрбан Айт деп аталады. Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының 1 
күні таңертең
айт намазын оқумен басталып, халық арасында қалыптасқан дәстүр бойынша 3 
күнге дейін дастархан жайылып, айттаумен жалғасын табады. Айт намазына дейін әлеуметтік 
жағдайлары төмен отбасыларының да мереке күндері дастархан жайып халықпен бірге 
қуанулары үшін пітір садақалары таратылады. Араздасқандар татуласады. Ал Құрбан айт 4 
күнге жалғасады. Айт намазы оқылған соң Алланың разылығы үшін ұлық құлшылық болған 
құрбан шалу рәсімі жалғасады. Мерекелік дастархандар жайылып, халық құрбандық еттерінен 
дәм татады.
 
Сұрақ: Ораза айт күні қандай амалдар жасалады?
 
94.
Жауап:
 
Ораза айт күні айт намазына дейін пітір садақасын әлі бермегендер болса,пітір 
садақасын беріп үлгеруі тиіс. Намазға шығар алдында құрма жеп, тәкбір (Аллаһу Әкбар) айтып 
мешітке барады, айт намазын оқиды. Жаңа киім киіп, ғұсыл құйынып, әтірленіп,қуаныш пен 
шаттықты көрсетіп, мұсылмандар бір
-
бірін құттықтайды. Ораза айт кезінде мерекелік 
дастархан жасап, туыстар мен дос
-
жарандарды қонақ етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет