4
Өндірістік тәжірибенің мақсаты.
Өндірістің тәжірибенің негізгі мақсаты теориялық
білімін бекітіп кәсіби
саласында тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. Өндірістік тәжірибе
өндірістегі жаңа теориялық, әдістемелік және өндірістік жетістіктерді зерттеу
мақсатымен жүргізіледі.
Студент практика кезінде өзі тәжірибеден өтетін кәсіпорынның немесе
ұйымның құрылымын және бөлімшелерінің атқаратын жұмыстарын
зерттеуге, жер кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстардың
ұйымдастырылуын зерттеуге, осы ұйымдарының жұмыстарын, еңбекті заттай
қызықтыруды
және ұйымдастыруды, жобалау ұйымдары мен жерге
орналастыру
ұйымдары
жұмыскерлерінің
қызметтік
құзыреттерін,
жұмыстарды жоспарлауды, есепке алу мен есеп беруді реттейтін негізгі
нұсқаулық әрі нормативтік құжаттарды білуге тиіс.
Өзі қатынасып бірге
орындаған объектілердің бірі бойынша студент жетекшінің берген
бағдарламасы және тапсырмасына сәйкес дипломдық жобаға материал
жинауға тиіс.
5
Өндірістік тәжірибенің міндеттері.
Оқу және зерттеу:
1.
Өндірістік тәжірибе өткізілетін әр түрлі меншіктегі,
салалардағы
мекемелердің, органдардың жұмыс жүргізу тәртібімен танысу;
2.
техникалық құжаттар мен есеп беруді құрастыруға қатысу, ұжым
атқарушыларының жұмыстарын ұйымдастыру мен жоспарлау;
3.
техникалық құрылғылар мен құрал-жабдықтарды сертификациялауға
дайындық
жұмыстарын
жүргізу,
құрал-жабдықтар
мен
құрылғылардың
техникалық
жағдайын
тексеру,
кадастрлық
жұмыстардың
жобасы
бойынша
топографиялық-геодезиялық
жұмыстар мен жобалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысу;
4.
жобадағы жылжымайтын нысандардың дамуын,
жерді пайдалануды
жоспарлау, жоба мәліметтері мен кадастр жобасын үлгілеу, жерлерді
пайдалануды жоспарлау және кадастр жобасы мен жобаға қатысты
анализдерді сараптау жұмыстарын жүргізу;
5.
кадастр мен жерге орналастыру саласында қызметтерді құқықтық
қамсыздандыру, жер және мүлікке қатысты
мемлекеттік мониторинг
жүргізу;
6.
жер ресурстарын тиімді пайдалану мен жерге экологиялық,
экономикалық сараптау жүргізу бағдарламаларын құрастыру және
оны жүзеге асыруды қадағалау;
7.
жер ресурстарын, жылжымайтын мүлік
пен кадастрлық және жерге
орналастыру жұмыстарын басқарудың үлгілерін жетілдіру;
ұйымдастырушылық және басқарушылық:
1.
ұжымда жұмыс жүргізу дағдыларын игеру;
2.
жұмыс тәртібімен қойылған міндеттерді өзбетінше шешу жолдарын
үйрену;
3.
мәдени ой-өрісін кеңейту;
4.
тұған өлкенің табиғи байлығы, табиғатты пайдаланушылардың
шаруашылық әрекеті туралы студенттің көз қарасын кеңейту;
5.
ұжымда өзін ұстау білу, аудиториямен жұмыс жүргізу, әріптестерімен
бірге жұмыс жүргізу;
6
6.
жалпы жұмыс орындау критерий ретінде дүниеге
ғылыми көз қарас
қалыптастыру;
Тәжірибе өтетін мекемелердің жағдайында оқу процесінің талабына және
тәжірибе базасының ерекшелігіне сәйкес студенттердің жұмыс әрекеті алдын
ала жоспарланады.
Өндірістік тәжірибе базалары ретінде мекемелер, ғылыми мекемелер мен
орталықтар, ғылыми-зерттеу институттар, аудан, облыс әкімшілктер
жанындағы жер комитеттері, аумақтық органдар, жер-кадастрлық қызметтер.
Достарыңызбен бөлісу: