қосу азайтқыш көбейтінді қосылғыш қалдық бөлу қосылғыштар айырма бөлінгіш қосынды немесе көбейту сумма көбейгіш бөлгіш алу көбейткіш бөлінді азайғыш көбейткіштер бөлік Бұлардан басқа:
еселік, бөлшектің алымы мен бөлімі, көлем, аудан, түбір, даража, көлбеу, теңдеу т.б. сөздер бұрынғысынша алынды (қабылданды).
9. Геометрияда көп кездесетін терминдер:
Бұрын:
кесік, қима, қиысу деп әртүрлі айтылып келген сөздер:
сечение – қима//қию секушая – қиған пересечение – қиылыс//қиылысу т.б. түрінде бірыңғай алынады. Осы ізбен:
высота – биіктік; «ен», «бой» емес, величина положительная – жөн шама; «оң» емес, величина отрицательная – теріс шама, число – количество – екеуі де: «сан» деп алынады.
10. Математика ғылымының ең негізгі ұғымдары болып табылатын:
«отношение», «относительная» «зависимость» сөздері әзірге былайша жобаланды:
отношение – қатынас; «байланыс» емес соотношение – қатынастастық, относительная – салыстырма, зависимость – іліктестік, тәуелділік. Осылай деп жоба түрінде алып
отырмыз, бірақ, әлі де ойланыңқырап, бұдан да гөрі лайықтырақ балама сөз
табылса, өзгертуіміз де мүмкін.
11. Бір буын ішінде қайталанып келетін екі дауыссыз дыбыстың соңғысы
қазақша тексте түсіріліп жазылады:
клас – «класс» емес; бірақ, қайталанатын екі
дауыссыз екі буынға айырылып кететін болса, екеуі де жазуда сақталады:
касса – «каса» емес.
12. Математикалық өрнегі, яки бейнесі (образы) халықаралық термин ретінде
қабылданған: