тәуелдік жалғау жалғанады. Ал, мәселен, олай бір сөз болып тұтасып кетпеген
«ат
басы»
сықылды сөзге өйтіп жаңадан тәуелдеу қосымшасын жалғай алмаймыз: яғни
«Құрманбайдың ат басысы»
– дей алмаймыз. Сол сияқты
«қой еті»
түрінде
тіркесіп жасалған сөздер де мағына жағынан мызғымас бірлікте бола алмайды.
Мәселен, оған жаңадан тағы бір анықтауыш қосатын болсақ, айталық,
«жас»,
«сан»
сықылды анықтауыштар қосамыз десек, онда
«жас қой еті», «сан қой еті»
деп айта алмаймыз. Олай етсек
«жас»
та,
«сан»
да тек
«қой»
сөзінің ғана
анықтауышы болып қалады. Ал,
оларды
«ет»
сөзінің анықтауышы қылу үшін:
«қойдың жас еті»,
«қойдың сан еті»
деп, жаңа анықтауыштарды
«қой еті»
деген
екі сөздің арасына сыналауымыз керек. Демек, осы сықылды болып тіркескен
сөздер екеуден-екеу ғана тұрғанда бір сөзге ұқсағанмен, оларға жаңадан
анықтауыш қосылғанда
екеуінің арасы ашылып, мағынасы да алшақтап кетеді.
Бұған қарағанда ілік жалғауының жасырын түрінде тұрған сөз сындық
мағына білдіріп, оның анықтайтын сөзі тәуелдеусіз зат есім болып келетін
тіркестер жиірек кездеседі. Мәселен,
«желке шаш-ы», «маңдай тер-і», «жастық
тыс-ы», «сиыр қора-сы»
дегендер алғашқы үлгіден басқашалау.
Алайда
«Волна
световая»
дегенді
«жастық тыс»
сияқтандырып
«жарық толқын»
деуге
болмайтын болды. Өйткені,
«жарық»
сөзінің орыс тіліндегі
«свет»
сөзімен дәл
келетін зат есім мағынасынан басқа
«светлый»
дегенге келетін сын есім мағынасы
да бар. Сондықтан,
«жарық»
түбіріне
-тық
жұрнағын қосып:
«жарықтық»
деуге
де болмайтын болды, себебі бұндай қолданыстың
«әулие»
дегенге саятын айрықша
мағынасы тағы бар.
Түпкі мағынасы
«жарыққа себеп болатын», «жарықты шығаратын»
толқынға қатысты болған соң,
«бала-ла», «бұзау-ла»
дегендерге ұқсатып:
«жарық-
та»
деген
етістік жасап алып, сосын оған
«-уыш»
жұрнағын қосып
«жарықтауыш»
дейтін туынды түбір туғызып, сөз болып отырған терминді
«жарықтауыш толқын»
деп
беруге болар еді, бірақ ондай жасанды сөз жалпы
көпшілікке тым жат, ерсі көрінер деп те ойладық. Сөйтіп, бұл терминді және
осыған ұқсас
«инерция заңы», «электр ұшқыны», «дыбыс интерпретациясы»
деген
сияқты біреуі ілік жалғауы түрінде, екіншісі тәуелдеулі болып келген терминдердің
бәрін де амалсыздан алдық. Біздің білуімізше бұл сықылды терминдерге ендігі
істейтін амалымыз – жалғыз-ақ:
оның бәрін де
«отағасы»
сияқтандырып қосып
жазу.
«Маңдай тер», «табан ақы»
дегендерді де қосып жазған жөн. Бірақ бұл –
жалпы емле мәселесі. Оны өз алдына сөз қылармыз деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: