Iii. Алфавит, орфография, терминология мәселелері



Pdf көрінісі
бет20/24
Дата20.08.2023
өлшемі0,67 Mb.
#105420
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
alfavit-orfografia-terminologia-maseleleri

3. Передача – жеткізу
«У»
жұрнағы етістікті нағыз зат есім қылып шығара алмайды. Осы жұрнақ 
арқылы жасалған 
«бару», «айту», «ішу»
сықылды сөздер зат есім болғанымен, 
етістік мағынасынан мүлде айрылып кете алмайды; басқа сөздерді өзіне етістік 
күйіндегідей бағындырып, бағыныңқы сөздеріне септік жалғауын жалғатып
әйтпесе өзіне бағынған есімдерді үстеу қылып жіберіп отырады.


«У»
жұрнағынан шын зат есім болып шыққан сөздер санаулы. Олар: 
«ауру», 
«жайлау», «егу»
дегендер сияқты бірер ғана сөздер. Бұлардың 
«шын»
зат есім 
болып кеткендігінің белгісі сол – өздерінен бұрын келген сын есімдер оларға 
анықтауыш болады және әуел бастағы сын есім мағынасынан айырылмай тұрып
қандай? деген сұрауға жауап береді. Бұларды қатыстырып: 
«ескі ауру», «биылғы 
жайлау», «болат егеу»
деуге болады. Ал, енді 
«бару»
дегеннің алдынан 
«жаяу»
деген сөз келсе, ол сын есімдік қасиетінен айрылып, үстеу болып кетеді: 
«жаяу 
бару»
тіркесі 
«қалай бару?»
керектігін көрсетеді, 
«қандай бару?»
деуге келмейді.
Сонымен, 
«жеткізу»
тәрізді, соған ұқсайтын сөздер 
«амал»
мағынасындағы 
зат есімдер арқылы берілетін терминдерді жасауға жарай бермейді. Орыстың 
«передача»
деген сөзінде екі мағына бар: 1. 
«Передача энергии на расстояние 
вполне возможна»
дегендегі 
«передача»
сөзінің мағынасы – 
«амал»
. Бұған біздің 
«жеткізу»
деген сөзіміз жарайды: 2. 
«Установлена ременная передача»
дегендегі 
«передача» «амал»
емес, деректі зат, конкретті нәрсе. Бұған біздің «жеткізу» деген 
сөзіміз жарамайды (балама бола алмайды). Мағынасы жағынан бұл жердегі 
«передача»
біздің 
«егеу», «сабау»
сияқты туынды зат есімдер. Сондықтан бұл 
мағынаны 
«жетек»
сөзі арқылы беруді лайық көрдік.
Етістіктен зат есім болған осы тақылеттес орыс сөздерін қазақшалағанда 
көбінесе-ақ олардың мағыналарын жоғарыдағыша екі айырып берген жөн: біреуі – 
амал мағынасындағы «-у» тұлғалы сөз болуы керек те, екіншісі – зат, нәрсе 
мағынасын білдіретін нағыз зат есім болуы керек.
Әйтпесе, құр 

жұрнағымен ғана тұлғаланған сөздерден туынды термин 
жасайтын болсақ, орысшасында анықтауыш болып келетін сын есімдерді біз не 
үстеу етіп жіберуіміз керек те, не болмаса 

тұлғалы сөздің ауанына қарай тиісті 
септік жалғауын жалғап айтуымыз керек. Мысалы, сәуленің шағылысуын 
білдіретін отражение деген терминнің нағыз зат есім болып шығатын қазақша 
сыңары жоқ. Сондықтан орыс тіліндегі 
«внутреннее отражение»
деген терминдік 
тіркестің анықтауышы болып тұрған «внутреннее» деген сын есімді біз зат есім 
қылып, әрі оны 
«шағылысу»
сөзіне бағындырып, шығыс жалғау жалғап септедік. 
Сонда оның қазақшасы 
«ішінен шағылысу»
болып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет