интерференция световая
–
жарықтың интерференциясы
искра разрядная
–
разряд ұшқыны
искра электрическая
–
электр ұшқыны
единица измерения
–
өлшем
«Единица измерения»
деген терминді
бұл кезге шейін біресе
«бірлік»
деп,
біресе
«өлшеуіш»
деп түрліше атап келдік.
«Бірлік»
сөзінің қолайсыз жері – оның
бұдан басқа да мағыналарының көптігінде. Мәселен,
«күштің бірлігі»
дегенді
«бірнеше күштердің бір іске не нәрсеге бірыңғай жабыла бірігіп кірісуі»
деп те
түсінуге болады. Сондай-ақ,
«күштің көп емес, біреу-ақ екені, жалғыздығы»
деп те
түсінуге болады. Ал,
«өлшеуіш»
деген сөзде
«өлшейтін аспап»
мағынасы да бар.
Біздің
«өлшем»
деген сөзге тоқтаған себебіміз –
«өлше»
деген етістікке
-м
жұрнағын жалғағанда туатын осы
«өлшем»
мағынасы
жағынан көбінесе-ақ
бірнәрсені санап айтуға келетін белгілі бір шаманың атын білдіреді. Мысалы, осы
-
м
жұрнағын
«шақыр»
деген етістікке жалғасақ,
«шақырым», «үз»
түбіріне қоссақ,
«үзім», «қайна»
сөзіне қоссақ
«қайнатым»; «жұт»-қа
қоссақ,
«жұтым»
болады.
Содан барып екі ауылдың ортасын
«шақырымдап»
өлшеп,
«пәлен шақырым»
дейміз; нанды үзімдеп өлшеп,
«бір үзім нан»
дейміз;
«екі қайнатым шай», «бір
жұтым қымыз»
дейміз. Сондағы
«шақырым», «қайнатым»
секілді сөздердің бәрі
де белгілі
бір шаманы білдіретін
«өлшем»
мағынасында айтылады. Біз
«өлшем»
деген терминді де сол жолмен өлше деген етістікке жоғарыдағы
-м
жұрнағын
жалғау арқылы жасадық. Сондықтан бұл сөз де сол
«шақырым», «жұтым»
сықылды бір нәрсенің шамасын өлшеуге жарайтын мөлшерлердің бәрін қамтитын
жалпы ұғымға ие бола алады.
Әрине,
-м
жұрнағының
қызметі осы аталған
«өлшем»
тәрізді
зат есім
туғызумен шектеліп қалмайды. Бұл жұрнақты бірқатар етістікке жалғап, зат есім
жасап алған соң, оның үстіне
-ды, -лы
жұрнағын қосып, сын есім жасауға болады.
Мәселен,
біл-ім-ді, күт-ім-ді, төз-ім-ді
т.б. cияқты сын есімдер осы жолмен
жасалған.
Осылайша -
м
-ды тұлғалы сын есімдердің
-ды
қосымшасын алып
тастағандағы зат есім болып қалатын тұқылдары:
«білім», «күтім», «төзім»
т.б.
сын есімнің түбірге
-лық
жұрнағын жалғау арқылы жасалатын
«зорлық»,
«сұлулық»
т.б. сияқты дерексіз (абстракт) зат есімдерге де ұқсайды.
Өйткені
жоғарыдағы
«білімді», «төзімді», «күтімді»
сын есімдеріне
-лық
жұрнағын
жалғап,
«білімділік», «төзімділік», «күтімділік»
дегенде бой көрсететін абстракт
мағына білім, күтім, төзім деген туынды зат есімдердің өз бойларында да бар.
Сондықтан осы кезге шейін:
«серпімділік»
– упругость,
«өткізімділік»
–
проводимость деген сияқты
-м-ды-лық
болып үш жұрнақ қабаттасып жалғанатын
сөздерді ықшамдап,
«серпім», «өткізім»
т.б. түрінде алдық.
Достарыңызбен бөлісу: