О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет23/161
Дата23.08.2023
өлшемі3 Mb.
#105486
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   161
Байланысты:
О.ӘБУТӘЛІП

2-үлгі
Өмірбаян 
Мен, Сұлтанова Ғалия Айханқызы, 1964 жылы 20 сәуірде Талдықорған 
облысы Ақсу ауданының Қызылтаң ауылында тудым. 
Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын. 
1971 жылы Ақсу ауданындағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта 
мектептің 1-ші сыныбына бардым. 
1981 жылы мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы С.М. Киров 
атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне 
оқуға түстім. 
1986 жылы университетті үздік дипломмен бітірген соң, ҚР Ұлттық 
Ғылым академиясының Тіл білімі ғылыми-зерттеу институтына кіші 
ғылыми қызметкер болып қабылдандым. 
1989 жылы Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің 
Қазақ тілі кафедрасына оқытушылық қызметке ауыстым. 
1995 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі рай категориясы» тақырыбында 
кандидаттық диссертация қорғадым. 
1998 жылы доцент атағын алдым. 
Отбасым бар. Жолдасым – Бекжанов Берік Бексұлтанұлы, 1961 
жылы туған, «Рауан» акционерлік-коммерциялық бірлестігінде бөлім 
меңгерушісі. Ұлым – Бекжанов Нұрлыбек Берікұлы, 1987 жылы туған, 
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақтың ұлттық техникалық университетінің 
4 курс студенті. Қызым – Бекжанова Данагүл Берікқызы, 1989 жылы 
туған, Алматы қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №161 қазақ 
гимназиясының 11 сынып оқушысы. 
Қазақ, орыс тілдерін жетік білемін. Аудармамен кәсіби деңгейде 
айналысамын. Бос уақытымда спортпен шұғылданамын, көркем 
әдебиет оқимын. Әскери қызметке міндетті емеспін.
Мекенжайым: Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 21 үй, 57 пәтер. 
23 қаңтар, 2010 жыл
 
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Өмірбаян нешінші жақта жазылады?
2. Өмірбаянның қанша түрі бар?
3. Өмірбаянның қызметі мен ерекшеліктерін айтыңыз?
4. Өмірбаянның түйіндемеден айырмашылығы неде?
5. Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады?


33
Орынғазы Әбутәліп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет