Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»


Дерек:  Геродот. Тарих. І- кітап, Клио



Pdf көрінісі
бет10/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

Дерек
Геродот. Тарих. І- кітап, Клио
] / Қазақ тіліне ауд. М. Ілес, Ә. Шашаев. – 2007. – 464 б. – 3000 
дана. – ISBN 9965-35-640-8-( Т.1. – 35,37 бб.).
Сонымен кейінгі оқиғалардың өрбу барысына тоқталар болсақ, Кир лидиялық Крездің 
ақылына тоқталып өзіннен өтіп, әскерлерінің әлсіздеу бір бөлігін және мол дастархан мен күшті 
шараптарды қалдырып өзі шегініп кетеді. Міне осы амал-айлаға алданған сақтардың жіберген 
әскері парсыларды қырып салып, мол дастархан мен шарапты көріп жеңістерін тойлады. Әбден 
масайып ұйқыға кеткен сақ әскерінің көпшілігін өзеннен бері өткен Кир әскері қырып салып, 
қалғанын, оның қолбасшысы Томиристің ұлы Спаргаписпен бірге тұтқынға алады. Тұтқынға 
түскеніне қорланған патшайымның ұлы, Геродоттың айтуы бойынша қолын босатқанда өзіне-
өзі қол жұмсаған. Ал, Трог-Юстиннің пікірі бойынша патшайымның ұлы кескілескен шайқаста 
қаза тапқан. Қалай болмасын Спаргапис қаза тапты. 
Енді Томиристің әрекетіне тоқталар болсақ, өз күштеріне сенбеген сыңай танытып, шегініп, 
қашқан секілді әрекет етеді. Соңынан қуалаған Кир әскерін тар шатқалға айламен кіргізіп, еркін 
қимылдауына мүмкіндік бермей, деректердің көрсетуі бойынша 200 000 парсыларды, соның 
ішінде патшасы да бар, бірін қалдырмай қырып салады. Ұлының қазасынан кейін ашынған 
Томирис Кирдің кесілген басын қан толтырылған меске: «Тойымсыздықпен іздегенің қан болса, 
тойғаныңша іш» деген сөзбен тастатқан. 
Қанша дегенімен, бұрын-соңды жеңіліп көрмеген Кир өз өлімін тап осы Оксустың 
(Әмударияның) жоғарғы жағында сақтардан тапқан болатын. 


МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ

«5. Скифтердің өздерінің айтуына қарағанда, олардың халқы – жас халық, басқалардың 
бәрінен жас. Бұл былай болған еді. Бұрын құлазып бос жатқан, адам аяғы баспаған бұл өлкенің 
ең алғашқы тұрғыны Тарғытай атты кісі екен. Скифтердің айтуы бойынша, ата-анасы Зевс құдай 
мен Борисфен өзенінің қызы болған көрінеді (ал мен олардың бұл пайымдауларына, қанша айтса 
да, сенбеймін әрине). Ал әлгі Тарғытай дегеннің болғаны рас. Оның Липоксаис, Арпоксаис және 
Колаксаис (кенжесі) деген үш ұлы болыпты. Осылар патшалық құрып тұрған кезде Скифия 
жеріне аспаннан алтыннан жасалған бұйымдар: соқа, мойынтұрық, айбалта және тостаған 
түсіпті деседі. Бұл заттарды бірінші болып үлкен ағасы көріпті. Көре сала жетіп барып, жерден 
көтеріп алайын десе, әлгі алтындар жалын ата лаулап жана бастапты. Үлкен ағасы шегініп кетіп, 
енді екінші ағасы жақындап барса, әлгі алтындар лаулаған жалынға оранып тағы да жана 
жөнеліпті. Алау ата жанған алтынның ыстық аптабына шыдай алмаған екі ағасы да кейін 
шегініп кеткеннен кейін олардың кенже інісі – үшінші ұл таяп барған бойда жалын басылып, 
өрт өшеді. Сөйтіп ол әлгі алтындарды үйіне алып келеді. Сондықтан оның екі ағасы патшалықты 
кіші інісіне беруге келіскен екен деседі. 
6. Сонымен, жұрттың айтуына қарағанда, Липоксаистан авхаттар деп аталатын скиф 
тайпасы, оның ортаншы інісінен – катиарлар мен траспилер тайпасы, ал патша болған кіші 
інісінен паралаттар тайпасы тарайды. Бұл тайпалар, бәрінің басын қоса айтқанда, соколаттар, 
яғни патша әулеті деп аталады. Ал эллиндер оларды скифтер деп атайды. 
7. Скифтер өз халқының қалай пайда болғаны туралы осылай дейді. Дегенмен де, олар 
өздерінің тұңғыш патшасы Тарғытайдың кезінен бастап Дарийдің скифтер жеріне баса – көктеп 
кіріп барғанына дейін тұп-тура 1000 жыл ғана болды деп ойлайды. Біз жоғарыда айтып өткен 
қасиетті алтын заттарды скиф патшалары әрқашан көздің қарашығындай етіп мұқият сақтап 
қастерлейді, құрмет тұтады, оларға арнап жыл сайын ағыл-тегіл мол құрбандық шалады. Егер 
мереке кезінде кімде-кім ашық аспан астында әлгі заттарды ұстап отырып ұйықтап қалса, онда, 
скифтердің пайымдауынша, бір жылға жетпей қайтыс болады. Сондықтар да скифтер ол адамға 
бір күн ішінде атпен аралап жүріп айналып өте алатындай жер береді. Олардың жері соншалық-
ты көп болғандықтан Колаксаис оны, скифтердің өздерінің айтуына қарағанда, үш патшалық 
етіпті де, ағайынды үшеуі бөлісіп алыпты-мыс. Ең үлкен патшалық деп қасиетті алтын сақталған 
патшалық танылыпты. Скифтердің жерінен әрі қарай, яғни солтүстікке қарай созылып жатқан 
аймақта, жұрттың айтуынша, адамдар еш нәрсені де көре алмайтын сияқты және бұрқырап 
ұшқан қалың ұлпа қауырсынның салдарынан ілгері өте алмайтын көрінеді. Шынында да, ол 
жақта жердің беті мен ауада қаптап ұшып жүрген ұлпа қауырсыннан еш нәрсені көру мүмкін 
болмай қалады екен». 
Ежелгі дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы 
[Мәтін]: 4 томдық / Құрас. А.Н. Гарковец. – Астана: Фолиант, 2007. Т. 1: Ертедегі грек 
авторлары Ұлы Дала туралы [


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет