Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»


Дерек: Лериялық Ферекид. Теогония



Pdf көрінісі
бет9/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

Дерек: Лериялық Ферекид. Теогония
] / Қазақ тіліне ауд. М. Ілес, Ә. Шашаев. – 2007. – 464 б. 
– 3000 дана. – ISBN 9965-35-640-8-( Т.1. – 25-26 бб.).
«201. Бұл халықты бағындырғаннан кейін Кир массагеттерді де бағындырсам дегенді ойына 
алды. Бірақ бұл массагеттер, жұрттың айтуына қарағанда, өте үлкен әрі ержүрек тайпа көрінеді. 
Олар Аракс өзенінің арғы жағында, күннің шығысына қарай созылып жатқан бағытта 
исседондарға қарама-қарсы жақты мекендейді. Оларды басқа жұрттар да скиф тайпасы деп 
санайды екен. 
205. Массагеттердің патшайымы – қайтыс болған патшаның жесірі еді. Аты Томирис 
болатын. Кир арам оймен, оған үйленіп алу ниетімен бейне бір құда түсу үшін елшілерін 
жібереді. Бірақ Томирис Кирдің өзінің жеке басына емес, массагеттердің патшалығына қызығып 
құда түспек амал-айласының бар екенін түсініп қояды да оған тұрмысқа шығудан үзілді-кесілді 
бас тартады. Көздеген мақсатына қулық-сұмдықпен жете алмайтынын сезген Кир енді 
массагеттерге қарсы ашықтан-ашық соғысқа аттанбақ болды. Патша өз әскерлерін (Аракс) 
өзенінен өткізу үшін қалқымалы (понтон) көпірлер салуды, ал көпірлерді көтеріп тұратын 
кемелердің үстіне мұнаралар орнатуды бұйырады. 
206. Кирдің әскерлері осы жұмыстарды атқарумен айналысып, бастары қатып жатқан кезде 
Томирис өзі арнайы жіберген жаршысы арқылы мынадай сөз айтады: «Ей, мидиялықтардың 
патшасы! Арам ниетіңнен қайтып, тезірек қараңды батыр! Мына көпірлерді салудың өзің үшін 
пайдалы не зиянды болатынын сен алдын ала тіпті де біле алмайсың! Бәрін де тастап, өз еліңе 
патшалық құра бер, біздің өз елімізде өзіміз билік құруымызды өлердей қызғанба! Бірақ сен 
менің бұл ақылыма құлақ қоюды, әрине, қаламайсың. Өзіңе қалай ұнаса, солай әрекет етуді 
ұнатасың. Біздегі бейбіт өмірдің быт-шытын шығарып, тас-талқан етпексің. Егер сен 
массагеттермен соғысуға соншалықты ынтығып, құштар болып бара жатсаң, онда өзенге көпір 
салып, әуреге түсуіңді тоқтат. Асықпай-саспай бергі бетке, біздің елімізге өтіп ал. Біз бұл 
өзеннен үш күндік қашық жерге дейін шегініп, күте тұрамыз. Ал біздің өз жағыңа өтуімізді 
қалайтын болсаң, онда сен де біз сияқты үш күндік жерге кері шегіне тұр». 
Ежелгі дүниедегі 
және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы [Мәтін]: 4 томдық / Құрас. А.Н. 
Гарковец. – Астана: Фолиант, 2007. Т. 1: Ертедегі грек авторлары Ұлы Дала туралы [


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет