Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»



Pdf көрінісі
бет8/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   123
Байланысты:
конфернция материалы

 
ТАРИХИ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕ ДЕРЕКТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ 
Тәуелсіз Қазақстанның төл тарихын қалыптастыруда тарихшы – ғалымдардың жарық 
көрген зерттеулерін, тың туындаларын неғұрлым оқылым айналымына тарту аса өзекті мәселе-
сінің бірі болып табылады. Тарихи сананы қалыптастырудың негізгі дерек көзі көне жәдігерлер 
мен ежелден келе жатқан тарихи материалдар екені анық. Еліміздің стратегиялық – рухани 
қауіпсіздігінің негізгі діңгегі ұлттық рух – отандық тарихтың айшықты оқиғаларын танымдық 
ұғыну мен оған деген мақтаныш сезімі арқылы қалыптасатыны айқын. Міне осы тұрғыдан ал-
ғанда мектеп оқулықтарының сапасына, оның жазылу әдіс-тәсіліне, педагогикалық-психоло-
гиялық жүктемесіне және көркемдік-мазмұндық беделіне айрықша мән берілуі аса қажет. 
Басты мәселе жас ұрпақта баға үшін емес білім алу үшін және өз еркімен оқуға құмартты-
руға, тарихи оқулықтардың мәтіні таза және құрғақ фактілерімен ғана емес қызықты оқиғалар 
баяндалатын деректермен қатар берілгені жөн.


МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология интитутта қызметкерлерінің күшімен 
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Тарих адамзат ақыл-ойыныңы қазынасы» топтамасы 
шығарылған болатын. Міне осы кітаптардың бірінші томын мектеп оқулықтарына қосымша 
хрестоматия ретінде қысқартып беруге, толық нұсқасын жоғарғы оқу орындарындағы тарих 
факультеттерінде оқытылатын «Ежелгі дүние тарихы» ( бірінші томы: «Ежелгі Шығыс тарихы») 
мен «Ежелгі Қазақстан тарихы» бойынша хрестоматия ретінде шығарудың қажеттігін айтуға 
болады.
Бұл қазіргі кездегі жоғарғы оқу орындарында тек орыс тілінде жазылған (Кеңестік кезін-
дегі) «Жалпы тарих» оқулықтарының қазақ тілінде жазылуына негіз беретін деректердің орнын 
толықтырады. 
Сонымен қатар аса құнды деген түп-деректердің таза қазақ тілінде баяндалуы, тарихи 
оқиғаларды тезірек ұғынуға және өзінің ата-бабалық тарихының терең тамырларына қызығу-
шылық тудырар еді. Ал бұл өз кезегінде тарих ғылымы саласында, онсыз да қатары сиреп бара 
жатқан зерттеушілер санын ұлғайтатыны сөзсіз. 
Енді ежелгі дереккөздерге сүйене отырып, қысқаша мәлімет келтіре кетейік. Жоғарыда 
айтылған Иллиада поэмасына жүгіне отырып Геродот мынадай мәлеметтер берді: «...Бұлар 
гиппемолгілер (бие сауушылар), галактофагтер (ашыған сүт (қымыз) ішетіндер), және абийлер 
(кедей – жатақтар, тіршілік құралынан жұрдай. Бірақ сонымен қатар қазір «күркелерді 
мекендейтіндер» және «көшпенділер», мал бағумен және сүт ішумен, ірімшік (сыр) және ең 
бастысы сүттен ірімшік (құрт) жасаумен айналысатын да бар; олар қор жинауды және сауда 
жасауды білмейді, тек затты затқа айырбастаудан басқа...». Мінекей, осы аз-ғана мәлімет ата-
бабаларымыздың бүкіл ежелгі тарихын Геродотқа Гомер поэмасы (б.д.д. VIII ғ.) арқылы 
баяндатып тұр емес пе? Бір шумақ өлең жолы бір кітапқа жүк болары сөзсіз. Сондықтан бұл 
шығармаларда оқулыққа енгізу керек пе – жоқ па деген сұрақ болмаса керек. Бұндай 
мәлеметтерді шексіз келтіре беруге болады. Тәуелсіз Қазақстанның «Ежелгі тарихының» 
жазбаша мәлеметтері жоқ деген сырттан таңылған жаңсақ пікірлерден арылатын уақыт жетті.
Сондай бір, хрестоматияға енгізуге болатын тақырып: «Томирис патшайымға және сақ 
тайпаларына қатысты ежелгі дүние түп-деректері» дегенді мысал ретінде келтіре кетейік. 
Сақтар және оның патшайымы Томирис туралы мәліметтер көптеген зерттеуші ғалымдар мен 
жазушылардың шығармалары мен мақалаларында берілген болатын. Оларда берілген 
мәліметтер әр түрлі және әрқайсының жеке танымдық түсінігі мен өзіндік пайымдауына 
негізделген. Міне сондықтан біраз болса да пікір алшақтықтарының кездесіп қалатыны айтпаса 
да түсінікті. Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында мемлекеттік «Мәдени мұра» 
бағдарламасы негізінде 
«Ежелгі дүниедегі және византиялық дереккөздеріндегі Ұлы Дала 
тарихы» (4 томдық/ Құрастырған А.Н. Гаркавец.- Астана: Фолиант, 2007) 
жинағы қазақ тіліне 
аударылып жарыққа шыққан болатын. Әсіресе сақтарға (гректер-скиф деген жалпы атаумен, 
парсылар-сақтар деп көрсеткен) қатысты деректер: 
«Ертедегі грек авторлары Ұлы Дала 
туралы» (Қазақ тіліне аударған М.Ілес, Ә.К. Шашаев.- Фолиант баспасы, 2007. – 464 б.) 
кітабының 1-ші томында жинақ ретінде берілген. Оқырман қауымды тікелей және нақты 
дереккөздерімен таныстыру үшін төменде осы томнан неғұрлым қысқартылған және жоғарыда 
қойылған сұрақтарға қатысты мәлімет көзі болатын деректерді беруге талпыныс жасалды. 
«Үзінді 113. Лериялық Ферекидтің айтуына қарағанда, скифтердің патшасы Иданфур Истр 
өзені арқылы баса-көктеп шабуылға шығып келе жатқан Дарийге қарсы соғысқа шығатынын 
айтып ескертпек болғанға, әдеттегідей хат жазудың орнына символдық белгілер, атап айтқанда, 
тірі тышқан, құрбақа, құс, жебе және соқа жіберген екен деседі. Мұндай сыйлықтардың құпия-
сыры неде екенін біле алмай басы қатқан Дарий өзінің мыңбасы нөкерлерінің бірі Оронтопагты 
шақырып алып, мұның мән-жайын сұрастырғанда ол былай депті: «Скифтер парсыларға беріліп, 
біржола бағынатынын айтыпты». Себебі ол тірі тышқанды баспананың белгісі, құрбақаны 
судың белгісі, құсты ауаның белгісі, жебені қарудың белгісі, соқаны егістік жердің белгісі деп 
ұғыпты. Ал Ксифорд деген көріпкел нөкері әлгі сыйлықтардың сырын мүлде керісінше, басқаша 
түсіндіріпті: «Егер сендер құс болып, аспанға ұшып кетпесеңдер, тышқан болып інге тығылып 
қалмасаңдар немесе құрбақа болып суға сүңгіп кетпесеңдер, онда біздің жауынгерлеріміздің 


«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

жаңбырдай жаудыратын сұр жебелерінен құтылып кете алмайсыңдар. Өйткені бұл сендердің 
жерлерің емес, біздің жеріміз! – деп отыр», – дегенді айтыпты». Яғни, бұл мәтіннен ежелгі 
дипломатияның тұспалдап еткізу (ультиматиум, ескерту) үлгісін өруге болады. 
Ежелгі 
дүниедегі және византиялық дерек көздеріндегі Ұлы дала тарихы [Мәтін]: 4 томдық / Құрас. 
А.Н. Гарковец. – Астана: Фолиант, 2007. Т. 1: Ертедегі грек авторлары Ұлы Дала туралы 
[


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет