Ключевые слова.
Национальное самосознание, фольклор, преемственность, эпические поэмы, антропо-
центризм.
Abstract.
The authors of the article consider the role and place of Abai’s worldview in the modernization of the
public consciousness of the New Kazakhstan. They show the history of the formation of the worldview of the Kazakh
society and the importance of the great thinkers of our country in their formation.
Keywords.
National identity, folklore, continuity, epic poems, anthropocentrism.
МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
23
Патриотизм мен отаншылдық рухтың түп қазығы саналатын саяси санадағы жаңғыру
болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін
емес. Қазір біздің елімізде азаматтық белсенділікті жандандыру қажеттігіне көңіл аудару өзекті
мәселе. Мемлекет пен қоғамның саналы әрі сындарлы серіктестігіне жол ашу қоғамдық сананы
қалыптастырудың кілті. Сондықтан да Екінші республика құру барысында ұлттық сананың өсуі,
мәдениеттің қайта өрлеуі (халықтың рухани бастауларына зор көңіл аудару) объективті процесс.
Бұл бағытта халықтың рухани бастауларға көңіл аударуы заңды құбылыс. Қазақтың ата тегінің
арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тәңірге табынушылығында және сақтар, ғұндар,
үйсіндер, қаңлылардың мифологиясында алдыңғы орынға философиялык, дүниетанымдық зәру
мәселе ретінде көшпенділердің (ғұндар), малшы-егіншілердің және отырықшы тайпалардың
тіршілік бағыттарының жолдарының ара қатысы шығады. Бұл дала мен егістік Тұран мен Иран
арасындағы өзара қатынас мәселесіне ұласады. Бұның өзі көне түрік жазу мәдениетінің дүниеге
келуімен белгілі. Үлкен мәселелер тізбегі көне Қазақстандағы діни бағыттарға байланысты.
Тәңірге (көкке) табыну, Жер, Суға, Ұмайға табыну, бақсылық пен тіленшілікке ұласты.
Тұрғындардың идеологиялық қауымдастығын сақтау үшін діннің әмбебаптық калыптағы
қажеттіліктерін іске асыру ретінде буддизм пайда болды. Осымен бірге Маннидің үш уақыт
жайындағы концепциясының нәтижесінде манихейшілік дамып өркендеді. Христиан діні болса,
несторианство және яковитство қалыптарында заороастризммен жарыса дамыды, ал бұлардың
екеуі де даланың барлық халықтарына ықпал жүргізген Митра құдіретіне ұмтылды. Бұл
мәселелер діндердің синкретизмін және әртүрлілігін ой елегінен өткізуге алып келеді. Мұның
өзі руникалық жазбалар куә болғандай, синтез, жалпылау мәселелесін алға кояды.
I, II мынжылдықтар аумағы Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің өркендеу кезеңі болды.
Бұл астрономия, математика, жаратылыстану ғылымдарының оңтүстік қалаларында дамумен
және өзінің алғашқы өкілі Қорқыт болған, бүкіл далаға таралған, жыраулық өнерінің кеңінен
таралуымен белгілі. Әл-Фараби философиясында идеялық болмыстағы ғылыми жүйесі және
әлеуметтік этикадағы сана мен диалектика туралы ілім негізделді. Жүсіп Баласағұн «Құтадғу
білік» еңбегінде ғылым байлығы мен күнәсіз өмір сүру негіздері туралы ғылымды дамытты.
М. Кашғари «Диуан-и-лұғат ат-түрік» атты еңбегінде түрік мәдениетінің болмыстық категория-
ларын айқындап, оның этникалық терминологиясын негіздеді. Х.А. Йасауи «Диуан-и-хикмет»
еңбегінде қоғамдағы әлеуметтік тұрмыстық тәртіпті айқындап, тақуалық пен опасыздықтың
мәнін ашты. Бұл суннизм мен суфизм ағымдарын таратқан халықты исламдандырудың жемісі
еді.
Моңғол шапқыншылығынан кейін қазақтардың этникалық шоғырлануы қазақ хандығының
нығаюы, көшпенділер мен жартылай көшпенділердің отырықшы егіншілікпен байланысын
қалпына келтіру көкейтесті мәселеге айналды. Мұның өзі тұрғындардың тілдік қауымдастығын,
оны түрік әдеби тілі болған кыпшақ (күман) тілі негізінде құру мәселесін туындатты. Бұған
Дешті қыпшақтың әдебиетін дамытуда елеулі орынға ие болған Мухаммед ибн Қайсаның
«Үлкен кітабы» игі ықпалын тигізді. Мұнда агиографиялық және діни әдебиеттің ғылыми
еңбекпен арақатынасы әрқашан өзгеріп отырды. Бұл құбылыс, әсіресе, Хусам ад-Дин Баршын-
лықта көбірек байқалады.
Фольклор және жырау өнері қарқынды дамып (Аталық, Сыпыра жырау, Қодан-Тайша,
Асан қайғы, Қазтуған), олардың үлгісі «Кодекс куманикус» ескерткішінде сақталып қалды,
егемен елімізде мәдени-мұра бағдарламасында олар қазір жаңа қарқынмен зерттелуде.
Біз өмір сүріп отырған заманымыз- жаңа замандағы – Жаңа Қазақстан, философияға «дәуір-
дің рухани квинтессенциясы» ретінде қайта оралу кезеңі болып отыр. Мұның ішінде методоло-
гиялық және дүниетанымдық мақсат-мүдделері қортылып, адамзат болмысы мен тіршілік тыны-
сының негізгі мәселелері, өмір мәнінің негіздері қарастырылуда, әлеуметтік мінез-құлықтың
бағыттары белгіленіп, адам өмірінің өнегелік бағыттары айқындалып мәдениет негізі салынуда,
осыларды іске асыруда философиялық антропология мен мәдени философиялық талдаулардың
орны аса зор деп есептейміз.
Қазақ халқының дүниетанымы өз қалыптасуы мен дамуында бірнеше сатыдан өткен. Ең
алғашқы қазақтың «Қазақ» болып, біртұтас ұлттық ерекшелігі айқындалған, жеке-дара мемле-
«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
24
кеттігін иеленген халық есебінде тарихта жариялануы ХV ғасырдың ортасына келетіні қазір
дәлелденген қағида десек, сол тұста оның алғаш рухани тұтастығы, өзін ұлт есебінде, халық
есебінде сезінуі, алғашқы синкретикалық дүниетанымы да қалыптасқан деуіміз керек [1, 40 б].
Бұл кезде қазақ жеке хандық (мемлекет) құрып, өз құрамында бірнеше тайпаларды (қып-
шақ, найман, керей, арғын, үйсін, қоңырат, т.б.) біріктіріп, далада өз кеңістігін тауып, өз болмы-
сын, тілін, ділін, дінін, мәдениеттік шаруашылығын жайғастырып, өзіне өмір салтын көшпенді-
лікті қалап алды. Сапырылысқан бауырлас, тайпалас халықтар арасынан сытылып шығып, өз
отауын тігіп, өзімен өзі болып, ел болып орнығып, елдік белгілерін нығайтып өмір сүре бастады.
Осы алғаш тұтастануда ұлттық тұтастықтың пайда болуына әсерін тигізген көп мән жатыр.
Мұны ескермей, әрқашан осы біртұтасқан ұлттық тұлғаға, түп-тамырға қайта оралмай қазақтың
тарихын, болмысын, бірлігі мен тірлігін түсіну мүмкін болмас еді, бұл мәселе Жаңа Қазақстан
құруда қазіргі қоғамда біздер үшін өте өзекті мәселелердің бірі, мемлекеттік қауіпсіздіктің негізі
және қоғамдық сананың арқауы болып отыр.
Бұл мәселелерге Абай даналығында өте маңызды ой толғаулар кездеседі. Абай да халқына:
еңсеңді көтер, көзіңді аш, еңбек ет, оқып білім ал, басқа халықтардан өнер білімге үйрен,
жамандықтан без, жақсылықты бойыңа жина дейді. Жақсылықтың (яғни адамгершіліктің) өзі
оқып-білгенде, сауатынды аш, надандықтан қаш, ақыл ой жинастыр, білімді-өнерлі бол, барлық
жақсылықтың, байлықтың көзі сонда, малға да, жанға да бай, оған ақылы сай адам бол дейді
Абай [2, 15 б].
Абайдың шығармаларында осы ойлар әсіресе толық, әсіресе бүкпесіз айқын, әсіресе әдемі
де әсем айтылған. Абайдың дүниеге деген көзқарасын, дүниетанымын қазақ ойының даму шыңы
дейтініміз оны данышпан хакім дейтініміз ол – өз шығармаларында замана ағымын түсінуі,
дүниенің тылсым сырына үндес болуы, соның өз лүпіліне, дабылына сай мақаммен ойлауы, дәл
басып жырлауы сол арқылы, қазақтың байырғы дүниетанымы мен жаңа заман игіліктерін
синтездеуге жол ашуы, қазақтың өз айшықтарын, өзінің ұлттық тұтас тұлғасын сақтай отырып,
бұрынғы тарихи белестерден өткендегі жинақтаған өміршең қасиеттерін, тәжірибесін төкпей-
шашпай, заманның заңды талаптарына бейімделе дамуын көксеп, сананың бірден-бір жолы
адамгершілікке, имандылыққа берік болуы, осы жолды білгірлікпен, білімділікпен ұштастыру,
мәңгі-бақи бұл жолдан таймай іздене, ұмтыла ойлау, іс қимыл жасау деп көрсетуі еді.
Бұл жолдың қиындықтарын, қайшылықтарын, қалтарыстарын талдап беріп, неден безіп,
неге ұмтылу керектігін рухани азық қылып, нені арқалану қажеттігін, қазақ болашағының
суреттемесін, өмір сүру кодексін,ережелерін жасап берген осы – Абай, данышпан бабамыз,
десек артық болмас. Абай қазақты қатты сынаған, замана тезіне салып сынаған, дұрыс болсын,
заманына сай озық болсын, елдің алды болсын, арты болмасын, қылмыс қылмасын деп сынаған,
өмір сынағынан сүрінбей өтсін деп сынаған да мінеген, қазақты жаңа өмір салтына баулыған,
жаманын қудалап атша жаратқан, түзеген, тазалаған, бейімдеген, бейілдеген, осылардың
барлығы қазақ философиясының негізгі арқауы болып есептеледі.
Қазақ философиясының мәні мен мазмұны оның генезисі және басталуы арқылы айқындал-
мақ. Себебі әрбір ұлттық философияның бір-бірінен өзгешелігінің өзі осы, оның генезисі мен
басталуында. Біз осы мәселелердің мәнін іздегенде қазақ философиясын еліктеуге салынып өзге
ұлттар, халықтар философиясының үлгісіне салмай өзіне тән менталитетінен шығарсақ, ондай
жағдайда біз ешқашанда Абай дүниетанымын аттап өте алмаймыз. Осы себептерге байланысты
қазақ философиясы деген ұғым Абайға келіп тіреледі. Абай философиясының арқауы адам.
Әрине, бұл жаңалық емес. Қашанда болмасын даналар өз -зейіндерін адамға арнаған. Бірақ,
ақын адам туралы сөзді айта келіп, оны Алланың сөзіне тірейді. Сонда, Алланың сөзі бар,
адамның сөзі бар. Мәселе сөзде. Платон идея десе, Аристотель формалардың формасы десе,
Абай Алла сөзі дейді.
Абай бұл тұста Алланың сөзі аксиома, сен оны ұқ, қабылда деген діни дәстүрдегі қарадүр-
сіндікке салмайды, ол Алланың сөзі рас, бірақ оның растығы адамның сөзі арқылы расталмақ
деген өте терең философиялық концепция ұсынған.
Абай дүниетанымын зерттеуде қандай тәсілді қолдандық дегенге келсек, негізінен оның өзі
қолданған тәсілді алдық. Ақын алтыншы қара сөзінде қазақтың «Өнер алды – бірлік, Ырыс алды
МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ НАСЛЕДИИ
25
– тірлік» деген мақалына өзінше түсінік берді. Мұндай тәсілді европада герменевтика деп
атайды. Ол тек метод емес, әрі философия [3, 71 б].
Герменевтика тек қана Абайды емес, қазақ дүниетанымын, философиясын тануда өте
тиімді тәсіл. Себебі, қазақ философиясы герменевтикалық мазмұнда. Қазақша ойлау жүйесі
астарлап сөйлеуге негізделген. Мысалы билерді алсақ та жеткілікті [4, 125 б].
Абайдың ойлау дәрежесі өте биік, ауқымы кең. Ол өз шығармаларында аз сөзбен, саралы
да сырлы сөзбен қазақ болмысының көптеген мәселелерін қойып, шешімін айтып береді, ойға
салады. Оның ой толғамының негізгі діңгегі адам төңірегінде, адам болу, адами өмір сүру
шарттарын анықтауында. Бұл адам мәселесін қарастыруда Абай дүниежүзілік философиялық ой
деңгейіне көтерілген. Адам мәселесін таза күйінде, жалпы заңдылықтар тұрғысынан, адам
болудың жалпылама шарттары тұрғысынан қарастыра білуі оның мәніне үңілуі, адам ететін
негізгі қасиеттерін дәл анықтауы, – міне олардың бәрі осының айғағы. Осы ретте ол адамгер-
шілік хақында да көп толғанған, адамгершілігі жоқ адамның иманы жоқ, иманы жоқ адам ол
адам емес, есуас, мақұлық «санасыз, ойсыз, жарым ес» ондайлардан «сасу», ондайларға жоламай
«қашу» керек деген [1, 70 б].
Оқуға, білімге шақырғанда да Абай кең ауқымда ізденуге, дүниежүзі ғұламаларына
сүйенуге, оқығаныңды, білгеніңді ізгілікпен, әдеппен ғибратпен, имандылық жолынан таймай,
адам қажетіне тарту, ойын, біліктігін, адамгершілік қасиеттерін арттыруға, әділдік, бостандық,
сұлулық, сүйіспеншілік тұғырына көтеруге мегзейді. Сөйтіп ол жан-жақты дамыған, толықсы-
ған, толған, адам бейнесін, тұлғасын жасайды, сол тұлға үлгісінің деңгейінен жан-жағына сын
көзімен қарайды, бұл армандаған образына сай адамды таппай қиналады, «сөзіңді ұғар адам
жоқ» деп қынжылады. Оның: «Баяғы жартас – бір жартас, Қыңқ етер түкті байқамас», – деп,
«надандардан түңіліп», ақыл ойға құлақ салар адам таппай, «ойланар», «сөз ұғар ел» таппай
шарқ ұруы, «жалғыз қалуы», қамығуы – Абай атамыздың жүрегінің түкпірінен шыққан шынайы
сезім, халқы үшін, соның болашағы үшін деген күйкі-күйзеліс, қайғы-мұң екені хақ [5, 122 б].
Абай өлеңдері адамға деген сүйіспеншілікке толы, бірақ ол жалаң сүй де күй емес,
сүйіспеншіліктің ауыртпалығын, мұңлы тіпті кайырлы немесе қайғылы жақтарын да айтады,
сөйтіп ой өрнегін нақтылап, нәрлеп салады. Өмірдің, тағдырдың, жалғанның екі жағы барлығын,
екі жағын да ескеру, екеуіне де төзу керектігін, төзімді, қайырымды, тағатты, қанағатшыл болуға
баулиды. Адамды сүй, бүкіл адамзатты сүй дейді, хақ жолы, имандылық жолы осы деуі Абайдың
гуманистік ой-тебіренуінде терең мазмұнның ішкі астарын ашып берерлік қағида. Адамға
қастық қылма, «адамдық атын жойма» деп, бүкіл адамзатқа, жан иесіне бір ғана, біреу де болса
ұлы талап қоюы, Абайдың ақын ретіндегі, хакім ретіндегі ұлылығының белгісі [5, 304 б].
Алла-тағала адамзатты махаббатпен жаратқан, олай болса әр адам, Алланы өз жанынан
артық көріп сүюі керек, алланы сүю ол жаратқан бүкіл адамзатты сүюмен барабар,- міне осы үш
сүю адамның иманы, сенімі, діні. Осы ақиқатты берік ұстау, сақтау, өмір азығындай арқалап
өту, осыны терең білу, түсіну шарт, – сонда сен адамдығыңнан айырылмайсың. Осы үш сүюдің
қарама-қарсысы, оларды бұзатын үш істен, шайтан ісі болып табылатын «пайда, мақтан,
әуесқойдан» сақтан, «онан шошы»дейді Абай. Яғни ұлы ақынның айтуынша, әр адамның
дүниетанымының, сенімінің түп қазығы, имандай сенер ұйытқысы адамды, адамзатты, алланы
сүю; бар ойын, сана-сезімін, іс қимылын осы түп қазықтан бастама алса, соны иман тұтса,
шайтан ісіне жоламаса, сонда ғана сен адамдық мәніңді сақтайсың, адам атына сай боласың.
Егер осы түп қазыққа берік болмасаң, сенімің, иманың таяз болса, қаншама «руза, намаз, зекет,
хаж» жасасаң да, яки иман-сенімнің сырт көрінісін, шарттарын орындағаныңмен, ішкі сенімің,
иманың таза болмаса, сен адам болмайсың:
Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті
Қылғанменен тартымды бермес жеміс [5, 305 б.]
Абайдың адам, қоғам, тәрбие туралы жазғандары, терең философиялық антропологиялық,
мәдениет философиясы бағытында мәні бар ойлары қазіргі тәуелсіздікке қол жеткен уақытта
ерекше маңызды болып, қазақты өзіне-өзін танытып, бүкіл дүниеге әйгілі қылып, қаз басып келе
жатқан ұлттық мемлекетіміздің сүйеніші, арқауы боларлық идеологиялық сипаттағы құнды-
лықтардың негізін қалайтын ойлар жүйесіне айналып отыр. Қазақстан Республикасының ұлттық
«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
26
мемлекеттік тұғыры, оның мәдени, адами болмысы, болашағы осындай терең тамырлы, өміршең
идеялардан бастама алғанда ғана іске асатыны, сонда ғана ұлттық тұтастықты сақтап, бұдан
жарты мың жылдан астам уақыт бұрын дүниеге келген біртұтас қазақ хандығын құрған, содан
кейін де қазақ атын да, затын да сөндірмеген, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген ата-бабаларымызбен
мұраттаса-мұраласа, өмірлеріне жалғаса, сабақтаса, бүкіл дүниежүзілік өркениет құндылықта-
рын өз бойына ұлттық менталитін жоғалтпай, қайта сол негізде қабылдап, қорытып дами
беретіні анық.
Қорыта келе, Абайдың шәкірттері болып есептелетін, қазақ зиялылары, ақын жыраулары,
ойы озық, ақылы кең даналары осы қиын-қыстау жағдайдан шығу жолын іздестіріп бірі оны
таппай қиналып, пессимизмге салынса, енді бірі мойынсынбай, өрлік мінез танытып, күреске,
бостандыққа шақырса, үшіншілері кеңінен ойлап, бүкіл адамзат игіліктерінің биігінен толғап,
осы қалыптасқан тарихи жағдайдың шиеленіскен ішкі қайшылықтарының шешімін дөп басуға
үмтылған, соған өз үлестерін қосқан, олардың үлгілері қазіргі Жаңа Қазақстанның қоғамдық
санасын қалыптастыруға зор үлес қосатындығына ешқандай күман жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |