МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «МОДЕРНИЗАЦИЯ СОЗНАНИЯ:
ХАРАКТЕР ПЕРЕДАЧИ ОБРАЗА «ӘЛЕМ» В ДУХОВНОМ
НАСЛЕДИИ
51
Алланы танып өмір сүргендердің дүниенің өткіншілігіне әдейі бейім еместігін, ақырзаманда
өмір сүргендердің дүниенің
фәни екендігін ұмытып, мәңгі өмір сүретіндей әрекет ететінін
айтады.
Ей, мүміндер, бұл дүниенің соңы жоқ,
Шындықты білсең, ол ақиқат,
Білмегеннің иманы жоқ.
Құл Хожа Ахмет естіп, оқып, жерге енді. (1.Х-76 б.).
Ақыр заман үмбеттері, дүниенің уақытша, екендігін білмейді;
Кеткендерді көріп, одан ғибрат алмайды (18. Х.-89. б.).
Дүние біз үшін, жаратылған құлдар үшін қоныс мекені. Бұл жерде мал – мүлік жинау,
көбейту туралы ойлау мүмкін емес. Адам бұл дүниеде тіпті өз денесін тастап кетіп жатса, оның
дүние игіліктерін сараңдықпен жинақтауы адамды өз мақсатынан тайдырады. Пайғамбарымыз
(с.с.а.): «Әр халықтың фитнасы бар. Менің үмметімнің фитнасы – байлық» – деп бұйырды. Қожа
Ахмет Ясауи де дүние-мүлік жинағандардың тойымсыз екенін, Аллаға деген сүйіспеншілікке
бөленгендердің ақша мен мал-мүлікті қадірлемейтінін, бұл олардың жүректерін
нұрға
толтыратынын айтады:
Күнәсін сезіп жүрек езілді де,
Қысылып жер астына кірдім міне (9. Х.-60. б.).
Көз тоймас түгел берсем дүние малын,
Тоймастың көзіне қүм қүйдым міне!. (11. Х.-64. б.).
Әзірет Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың тақуалығының тағы бір нышанын о дүниеге атта-
нып бара жатқанда айтқан мына сөздері дәлелдейді. Кожа Ахмет Ясауи дүниеден өткелi
жатканда туыстары: «Сiздi акiреттiк сапарға аттандыру рәсiмiн кiмнiң жасағанын қалар едiңiз?»
дегенде, Қожа Ахмет: «Мен өлемін, жаназа намазымды қазақ халқының перзенті, таһаратсыз
жер баспаған, үйіне бала-шағасының бiр күнге жететiн нәпақасынан артық еш нәрсе апармаған,
бес күндік дуниенің байлығына қызықпаган, бар өмiрiн мешiтке арқалап отын тасумен өткерген
Тама Бура баба шығарады» деп тапсырады [3]. Дүниенің жалған екендігін мойындаған Алланың
құлы, о дүниеге аттанып бара жатып та, түйсінген. Ол Алла жолындағы құлшылығының сауабы
ақтық демі шықққаннан кейін де сақталуын ойлаған жан.
Достарыңызбен бөлісу: