yıl» (йыл) сөзі қазақшада «
жыл» болып жазылады.
Бұл жерде «сөз басындағы
й- = ж- » сәйкестігі екені анық. Әлбетте, мұндай эквиваленттің бір
сөзде кездейсоқ болып көріну мүмкіндігі де жоқ емес. Сонымен, екі тіл арасындағы дыбыстық
эквиваленттілік кездейсоқтық болмай қатынастың немесе туыстықтың бар екендігін дәлелдеу
үшін «ұқсас жұптардың» қанша мысалы қажет? Бұл сұрақтың жауабын америкалық ғалымдар
есептеді. Коуэннің пікірінше
3
, мұндай «үш жұп» екі түрлі тілдегі сөздердің тарихи сәйкестігін
дәлелдеу үшін жеткілікті, ал Гринбергтің пікірінше
4
, «үш-төрт жұп» табылса жетеді. Түркия
түрік тілімен туыс екендігі шүбәсіз қазақ тілінде бірдей тұрақты дыбыстық эквиваленттілікті
көрсететін мыңдаған мысалдардың болуы мұның айқын дәлелі.
Егер эквивалент үшін бір мысал ғана болса, бұл кездейсоқтық болуы мүмкін: Tүрікше = Қазақша
й- =
ж- yıl =
жыл (ұқсастық,кездейсоқтық сияқты көрінуі мүмкін)
Егер бірдей эквиваленттілік көптеген мысалда болса, бұны «тұрақты дыбыстық эквиваленттілік» десек болады. Tүрікше = Қазақша
й- =
ж- yıl
=
жыл (сәйкестік, бірдей)
yok
=
жоқ
(сәйкестік, бірдей)
yat-
=
жат- (сәйкестік, бірдей)
yaman
=
жаман (сәйкестік, бірдей)
yaş
=
жас
(сәйкестік, бірдей)
т.б. О.Н. Туна бұл «тұрақты дыбыстық эквиваленттік» әдісін қолданды, ол шумерше сөздермен
түркі тілінің сөздері арасындағы байланысты дәлелдей алды. Ол сөздер шумер мәтіндерде бар,
бірақ Лансбергердің айтуы бойынша шумердің өз лексикасы емес, солтүстіктегі халықтан
алынған екі жүзге жақын сөздер еді. Шумердікі емес, солтүстіктегі белгісіз бір халықтікі
делінген осы сөздер тобын Осман Недим Туна түркілердікі деп анықтайды.
Ең алғаш 1947 жылда шумерше