Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет103/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

splatter[s] like an egg of fire
)
.
Отты «жұмыртқа»
тағдырдың тəлкегімен үкі ұясына өлім əкелетіндіктен, бұл көрініске мұқият
зер салу керек:
Отты шар кеп, құлап түсті ұясына үкінің,
Ақ-қара бір күйікке де айналдырып бітімін.
Алқызыл отқа оранған сол құсқа амалсыз,
Қарап тұрдық, жанып жатқан көз алдында кісінің. (А.Ə.)
Кішкентай əлжуаз көжектің («қысқа құлақ») пайда болуы қоршаған
ортаның əп-сəтте өзгеріске ұшырауын көрсетеді:
Кіп-кішкене қыли көзді сұр көжек,
Жанып кетті күлге айналып бір бөлек. (А.Ə.)


Өлең көжектің күлге айналып кетуін сипаттаса да, айтушының өлімге
деген сенімді көзқарасы оқиғаның өзегіне айналды. Эпифания азапсыз
əлем арқылы бəрін пайымдап жəне басқаларға түсіндіру арқылы көңілді
жұбатып, сенімділік орнатады. Алайда лирикалық кейіпкер тек надандық
пен қорқынышты ғана сезінеді. Курсивпен ерекшеленген өлең соңында
ақын поэзияның эстетикалық жағдайына назар аудартады; ол мəңгілік
жерде қалатындай айқайлайды:
Сондай сұлу, арманға толы ажары, пай-пай!
Құлаған от пен ащы айқай.
Қосылып үрей, əлсіз жұдырық кетті
Надандықпенен көкті де жайпай! 
(А.Ə.)
Мұндағы қатаң түрлену барлық бұрмалауды жоққа шығарып, шындықты
жұмсартып жеткізеді. Қаһар эпифанияны ысырып шығарғанда, арбау мен
бойсұну əлсіз ғана қарсылықпен бірге күйрейді. Мұндай таңғажайып
құбылыстың сұмдығынан асып кету мүмкін емес. Бірақ өлеңнің осы секілді
тəжірибесіне қайтып оралғысы келмеген Бишоп, белгісіздіктің тұрпаты мен
мазмұнын жоққа шығарып, о дүниеге сенетін, бірақ агностикалық күйде
ишарат жасайды. Бишоп, Уордсуорт сияқты, адамзаттың диллемасын
табиғи көріністен жатсынудың бір түрі ретінде көреді. Бірақ Уордсуорттан
айырмашылығы – оның басқа əлемге енуге қабілеті де, ынтасы да жоқ жəне
мұндай қатаң шындықтан жырақтанып, өзін эпифаниялық əлемдемін деп
сендіреді. Өз ойын айыптай да алмайды, елеусіз қалдыра да алмайды. Ол
тек аза тұтады.
Эпифанияға сенімсіздікпен қарағанымен, Бишоп уақыт өте келе, табиғи
немесе феноменалды əлеммен бəсекеге түскендей тіпті жауласқандай күй
кешеді. Мұндай драмалық жағдай эпифанияға сұранып-ақ тұр. «Балық»
(
The Fish
)
 
[NS] – Бишоптың антологиялық өлеңдерінің бірі. Ол қайықта
отырған қарақшының ізгі жанға айналу кезеңін сипаттау үшін
Уордсуорттың рухани іліміне сүйенеді. Ақын айтып отырған құрлық пен
теңіз, ауа мен су арасындағы үйлесімнің бұзылуы өмір мен өнер
арасындағы шекараны көлегейлеп тастағандай болады. Бишоп балықты
құрлықтың тілімен «қауырсын», «таушымылдық», «қалайы» жəне «əк»
деген сөздерді қолдану арқылы сипаттайды. Ақын қалай түрлендірсе де,


балық өз кереметін көрсетіп бағады. Балықтың əлсіз қарсылығы ақынды
асқақтықтан 
төменге 
түсіреді: 
«Ол 
қарсыласпады. 

Мүлдем
қарсыласпады». Ақын көп ұзамай өзінің балық туралы білері тым аз екенін
ұғады.
Алдыңғы кездесудің дəлелі: «Екі жіптің ізі қалған, / жіңішке, қара жіп те
із салған / əлі де ілініп, салбырап тұр еді / үзілген еді, жүзіп ол жөнелді»
деп басқа балық туралы айтып тұр. Алдында «соғылған, ұрылған/
сүйкімсіз» балық (жағалау сызықтары сипаттауды жұмсартады) енді шоғыр
басшысы əрі қаһарманға айналып шыға келді:
Бес ілгек бес төсбелгідей,
Ілінген көне бауларға.
Бес тал түк – даналық белгісі
Басында балықтың қалған ба. [CP, 43] (М.С.)
Жанталас өмірден жаны жараланып, зəрезап болған ақын балықтың
жағдайынан өлімнің белгісін көруі керек еді. «Жалға алған кішкентай
қайық» – ақынның өз əлеміндегі адамгершілік болмысын көрсететін
тұйықталған бір əлем. Мұндай қисынсыз, мағынасыз əңгімеден кейін
оқырман сезімнен психологиялық күйге, сонан соң жалған дүниенің ұсақ-
түйегінен биік тұрған рухани тұтастыққа өтеді:
Қарап тұрдым, қарап тұрдым,
Жалға алған қайығыма.
Жиегі толып кеткенше,
Түбінен ернеуіне жеткенше.
Суға тамған майдан
кемпірқосақ көрінді.
Тозығы жеткен қозғалтқышқа дейін,
Тат басқан ожауларға дейін,


Күнге күйген тіректерге дейін,
Арқанмен шандылған ескек тұтқаларға дейін,
Бөренелерге дейін
Кемпірқосақ, кемпірқосақ керілді!
Балыққа бостандық берілді. (М.С., А.Ə.)
Христиандық тəмсіл бойынша суға тамған май тыныштық əкеледі,
сондай-ақ тылсым əлеммен байланыстырылады. Шынайы эпифания
ақынның сирек кездесетін уордсуорттық «уақыт дақтары» арқылы бір
сəттік көпшілікпен қабылданған даналықты құлықсыз қабыл алды. Мұндай
түсініктен даналыққа секіріс жасау эпифанияға тəн еріктілікті білдіреді.
«Балық»
ақынның негізгі қағидасы болса да, Бишоптың көңілсіздігі мен
қанағаттанбауы өлеңге үрей ұялатып, өлең нағыз даналықты даралаудың
орнына сезім жайлы жырлап кетеді. Балықтың ғайыптан тірі қалуы
ақынның негізгі жұмысын ұмыттырып, оны өзіндік ұстамдылығынан
айырады. Эпифанияның тəсілі мен мақсатын толық түйсінген, алайда оған
күдіктене қараған Бишоп, негізінен, көріністен тысқары шығармашылық
орындау əлеміне қарай ойлана жылжып, одан амал тауып шегінуді қанағат
тұтады. Оның саяхаттарының көп бөлігі эпифанияның шешуші сəттерін
айналып өтеді. Тіпті шарықтау шегіне жеткен кезде де, ақын өлеңді
саяхатқа күштеп қайтарып, өлеңнің өзіндік қалыпты шеңбері аясында
сарынын 
кері 
бұрады. 
«Лабазда»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет