Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет105/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Бретон мүйісі» 
өлеңінің орта тұсында Бишоп пейзажға «тесіле
қарағанда», адамның бойында пайда болатын қорқыныш (Китс стилінде)
өзіне қауіп төндіргендей көрінеді.
Үшінші шумақ ырғақтың күрт өзгеруін немесе өлеңнің терең мəнін
көрсете отырып, жеңіл қарсылықпен басталады. Мұнда моторлы қайықтың,
адамзат сияқты, аралға алғаш аяқ басуы тұспалданып тұр. Ал моторлы
қайықты адам айдап келгені белгілі. Бұл жексенбіде арал тынығады.
Өйткені адамзаттың құралы жүргізушісіз қалды. Бірақ ондай нысандардың
болмауының өзі эпифанияға қарай қозғалуға мəжбүрлейді. Мұнда жұмыс
қана емес, құлшылық та тоқтап қалды:
«Кішкентай ақ шіркеулер шалғынды белестерде жебенің жоғалған аппақ ұштары сияқты
шашылып қалды».
Шіркеулердің өзі – басқа бір мəңгілік пен рухани күйдің қуаты. Жол енді
бұрынғыдай емес, ол эмпирикалық табиғат пен «біз көре алмайтын» ішкі
кеңістіктің арасындағы шекара болып қалды. Оның ішінде:


Тұңғиық терең көлдер бар,
Иесіз қалғандай бəрі де.
Жолдар мен таулар да бар жартасты
Өртенген орманның əрі де –
Қашап жазғандай əр тасты. (А.Ə.)
Бұл – жердің өз қолтаңбасы. Алайда Бишоп өлі табиғаттың өзі еш
өзгермейді деп есептейді. Нағыз оқиға өтіп кетті, ал адамзаттың өмірі содан
кейін пайда болған.
Бұл алқаптың жыры да өлген үнсіздік,
Бозторғайдан басқа əнші жоқ өңірде.
Көлегейлеп тұман да тұр сыз бүркіп,
Тот басқан, жыртық торлы көңілге. (А.Ə.)
Бишоп Китстің бұлбұл – «ажалсыз құс» деген ойымен келіспейді. Бірақ
ол құстың сайрауының ішкі жəне сыртқы əлеммен байланыс құралы бола
алатынын жақсы түсінеді. Алайда 
«Бретон мүйісіндегі»
торғайдың
сайрауы мен жыртылған тор өлеңді Бишоптың еркінен тыс сарынға
бағыттап жібереді. Пенелопа тоқыған жəне Тағдырдың қолынан шыққан
метафоралық тор біртұтас сиқырлы бейне қалыптастырады. 
«Лабазда»
өлеңінің кіріспесінде сұмдық ауырлықты мойындап, оны əрі қарай балық
аулау мен тордың, сондай-ақ ақын мен өлең арасындағы өзара байланысты
талдау үшін қолданады. Бірақ 
«Бретон мүйісінде»
торлардың 
ауыстыру
(метафоралық) тұрақтылығы өлеңнің болжамды шегінен шығып кетеді.
Торғайдың қалықтаған даусының үзілуі оның поэзиясының шегіндегі
əлеммен біртұтас болып кетеді. Бұл артықшылықты, яғни Бишоп секілді
мəтін айқындығын қадір тұту үшін осы табиғи иероглификаларды
натуралистік тұрғыдан қамтуды талап ететін бетбұрысты сəтті білдіреді.
Алайда Бишоп назарын аспан көгіндегі көңіл аудартатын факторлардан
адамзаттың қолы тиген жолға, əсіресе табиғилықты жоюға тырысқан
жағдайларға аударады. Лирикалық шаттық немесе терең ойлы медитация


емес, баяндаудың айшықталуы ретіндегі бұл «жабайы» жол шектеулер мен
мүмкіндіктердің өлшемі болады. «Баспалдағына дейін иін тірескен адамға»
толы автобус саяхаттың да шегі сияқты,
«келді де...тоқтады…».
...бала көтерген ер адам шығып, келеді жартасты жағалай.
Жап-жасыл шалғындар сұлық, түймедақ гүлдерін аралай.
Куə да сол гүлдер оған, еңсесі иілген байғұсты,
Қажытты кедейлік сараң, елеусіз үйшігін ай құшты.(А.Ə.)
Бала көтерген ер адамның отбасылық өмірі елестейді: оның үйі көз
алдында жоқ болып кеткендей. Ақын ішкі кеңістіктің басқа күзетшілеріне,
екі жолаушыға, қызыға қарайды. «Бүгін екі жолаушы ғана, оның бірі
желбегейін иығына іліп алған», бірақ оның күнделікті «тұтыну заттарының
автокөлік бөлшектері мен сорғы бөлшектерінен» еш айырмашылығы жоқ.
Белестер мен белдерде шашылып жатқан кішкентай шіркеулер сияқты бұл
адамдардың да сенімдері ескірген.
«Бретон мүйісі»
де 
«Ескерткіш»
сияқты эпифаниялық сəттердің
6
бастауында қайта-қайта қалыбынан айнып отырады. Бишоп пікірін өзгертіп
отырғандай, бірақ не мақсатта? Ол аралдан тұман арқылы құрлыққа
ауысып, одан кейін автобустың келуін жəне кетуін сөз еткенде не нəрсеге
үміт артты? Өлеңнің соңғы шумақтарында, эпифанияның шарықтау
шегінде, бір өзгеріс болады. «Балықтың үйі» өлеңінің соңғы жолдарымен
байланысқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет