Шыршалы жартастарда терек пен хакматак –
сүреңсіз, солғын, түсі алуан,
біріне-бірі ұқсамай, сірə, құралған
жырымдалған жартасқа жармасады,
кеңістік те көрініп көзге мұнардан… (М.С.)
Бишоп оқиғаны «сүреңсіз, солғын, түсі алуан» деп сипаттап келеді де,
оны табан астында қарапайым қалыпқа түсіреді. Мурдың «Мола» (
A
Grave
)
4
өлеңінде «Шыршалар шеруде тұрғандай, əрқайсысы зүбəржат түске
еніп» деп сипаттаса, Стивенстің «Қараның өктемдігі» (
Domination of
Black
)
5
өлеңінің əр шумағында жаңғырық бар. Стивенстің өлеңіндегі «ауыр
убалдырғанның» «адымдап келе жатқан» кейпі жəне «тауыстың айқайы»
санада қорқыныштың кенеттен пайда болғанын білдіреді. Бишоптың тілі
Стивенстің құбылтуларына (троптарына) параллель болып келеді. Ол бұл
дүние мен о дүниенің шындығы жəне құпиясы арасындағы байланысты
мойындайды. Стивенстің тауыстың сұңқылынан қорыққаны – өз
білімсіздігінен ыңғайсыздануы. Ал Бишоп болса, көріністі сипаттайтын
күдіктен туындаған ретсіздік арқылы бұл қорқынышты басқандай болады.
Достарыңызбен бөлісу: