«Бретон мүйісінің»
бірінші жолындағы «құстардың сайрап,
бұзаудың мөңіреп, автобустың жолға шығуы» таңғаларлық жағдай емес.
Мұндай тегеурінді үздіксіздік – Бишопқа тəн құбылыс. Оқырман да мұның
ақиқат екенімен келіседі. Бірақ бұл өлең Бишоптың басқа өлеңдеріне тəн
емес эпифаниялық кіріспе арқылы аяқталады. Мұндағы жасырын
салқындықтың «жердегі үміттің» шегінен бастау алатын түп-тамыры бар.
Егер Бишоп өзінің өлең əлемін əдейілеп шектеп, соңғы сөзді сақтап
қойғысы келсе, онда соңғы шумақтың əсері қандай болар еді?
Бүгін тұман қалың емес сеп-селдір,
Алыс қалған арманымдай тым аппақ.
Қарауытып бұлақ ағар мөп-мөлдір,
Құстар сайрап, бұзау да жүр ойнақтап.
Соған үнсіз куə болып жол жатыр,
Жол сорабын шаң жабады будақтап,
Жүйткіп, əне, автобус бара жатыр. (А.Ə.)
Бишоп үшін өлеңнің ашық аяқталуы өлеңдегі табиғат пен мəдениет
вербалды сəйкестік тапқан сəттегі кідірісті аңғартады. «Ызғарлы
көктемдегі» (
A Cold Spring
) «суық аппақ күн нұрын» еске түсіретін «көне
салқындық» таңғаларлық əлемдегі бұлақты, бұзауды, құстарды тіпті
автобусты бейнелейтін беймəлім əлемге шақырады.
Бишоп Жаңа Шотландиядан Бостонға дейін автобуспен жасаған сапарын
есіне алып, қағаз бетіне түсірген кезде, өлеңді эпифаниялық түсінікпен
шектелетін қарама-қайшылықпен жəне алмасумен жазды. Бірақ соңғы
сəтте ол жаратылыстың табиғи ішкі əлемінен бас тартады. «Бостонға
оралу» (
Back to Boston
),
7
(
«Бұлан»
өлеңінің тақырыбы [G]) өлеңінде
автобуспен саяхаттау анық бейнеленген. Бірақ романтикаға жауап ретінде
ол мұны да өмірмен қарама-қайшылық секілді көреді. Батыс сапарында
пайдаланған троптарды (құбылту) баяндаушының ыңғайына көндірген
Бишоп, өзі күткен эпифанияны қалыптастырғанымен, кейін одан қайта бас
тартады. Өлеңде қолданылған құбылтуды толықтай дамытудың орнына, ол
тоқтап, табиғат пен мəдениетті үрей тудыратын жабайы емес, тіпті қатаң
түрде қолға да үйретілмеген жаратылысқа біріктіріп, «біздің кішкентай
ғана жердегі үмітіміз» жайлы терең ой толғауды жөн көреді.
Өлшемді жинақтар адам күйінің моральдық жетілуін қайталайды.
«Лабазда»
(«Қайта, қайта көрдім, сол бір теңізді, сол бір теңізді/
толқындары ақырын ғана жағалаудың тастарын ұрған») өлеңіндегі
қайталанатын ұқсастықтан немесе
«Крузо Англияда»
(«Теңізден көтерілген
күн де – сол, теңізге батқан күн де – сол») өлеңіндегі табиғаттың
бірсарындылығынан айырмашылығы –
«Бұландағы»
табиғат əлемі
оқырманның үмітін жалғамайды, келешек болжамсыз əрі қайталау да аз.
Бірақ мёбиус таспасы (геометриялық бейне), ирелең жəне айналмалы алты
шумақ, яки көз үйренген бір сөйлем бұлдыр көріністі қалыптастырады.
Көрініс картаға сыймауы мүмкін, бірақ оны сипаттауға болады. Бұл өлеңде
бейнеленген əлем ақынның көңілсіз саяхаттың жайсыздығына үйдегі
жайлылықпен қарсы тұруын қолдайды. «Балық, нан мен шай» тұтынатын
қарапайым адамдар табиғат көрінісі, сансыз саяхаттар мен өлеңнің өзіне
қарамастан, бəрін зұлымдықтан қорғайды.
Майшабақтар, күн, тіпті шіркеу жерге тіршілік пен тұрлаусыздық беретін
теңіздің ырқына тəуелді. Қорғансыз табиғат өлеңнен табылған құралға
(автобусқа) еніп кеткендей болады:
Көкжиекке күн де қонды мыс табақ.
Ал автобус батыс жақты ұстап-ап,
Əйнектері алау күнге боялып,
Жүйткіп келед будкасын да,
шоқ сəулеге ыстап-ап.
Сыры кеткен көк түсі оның тазарып,
Заулап келед, бейне жүйрік, қанат бітіп ұшқан ат. [CP, 169] (А.Ə.)
Автобустың апатты жағдайы «Терезенің астында» (
Under the Window
)
өлеңіндегі денсаулық пен аурудың мəселесін сондай анық көрсетіп берген
көліктерді («толқыған раушан гүлшоғы» бар Мерседес Бенц пен
«мүйізтұмсық» көне жүк көлігі) еске түсіреді. Автобус адам анатомиясын
бұлыңғыр көрсеткенімен, оның жүріп келе жатқаны адамның мінезіне
ұқсайды.
Қырға шығып, ойға
Түсіп, күтіп сабырмен.
Жалғыз жүрген жолаушысы
Құшақтасып, сүйіскенше
Туған-туыс бауырмен,
Қоштасады
Күзетіп тұрған итімен. (А.Ə.)
Жападан-жалғыз қалған жолаушы онымен қоштасып жатқанда, үй
күзеткен иті оның беймəлім сапарға бет алуын бақылап тұрады. Мұндай
жанрлық көріністегі белгілі əрі ұтқыр əлемнің байланысуы табиғатқа бірлік
пен үйлесім береді. Осы шақтағы
Достарыңызбен бөлісу: |