«Мен… өзімді сезіндім. Бірнеше күннен кейін жетінші туған күнімді атап өтемін. Мен өзімді,
өзімді, өзімді сезініп, үш бейтаныс жанға үрейлене қарадым. Мен де қан жүріп тұрған денеммен,
дем алып тұрған өкпеммен солардың бірі едім. Біреу «сен де осындай боласың» дегендей болды.
Сонда, бəрі мені өтірік күліп алдап келген бе? Мен бетіме өтірік күліп қараған əйелге ұқсауым
керек пе?» [CP, 33]
Дəл осыған ұқсас жағдай оның естеліктерімен байланысты. Оның жауабы
– интеллектуалды емес, ішкі жауап болатын:
«Сен – сенсің», – деді біреу. «Сенің ішкі дүниең қандай қызық. Сен Беппо емессің,
талшын
ағашы да емессің, тіпті Эмма да емессің. Сен – сенсің жəне мəңгілікке солай болып қаласың. Бұл
– жартасқа шыққан сияқты сезім, тек одан сəл қиындау, ағашқа тез соғылып қалады. Мен неліктен
адам болдым екен?»
Бұл көріністегі мойындау – балалық көңілге тəн құбылыс. Баланың
ересектер əлемінен көріп отырған, естіген екіжүзділігі тек «мен» жəне
«сендер» деген есімдікпен беріліп тұр. Иттің, ағаштардың, тіпті
қызметшінің атауы болған кезде əлі де аты қойылмаған бала
таксономиялық (дəреже) жүйелеу үшін күреседі, адам үшін күреседі.
«Күткенде»
өлеңінде Бишоп осы
атау беру мен атаусыз қалдыру, оқу
жəне жазу, дыбысталу мен тыңдау деген мəселелерге қайтып оралады.
Қалай болғанда да, сипаттау өлеңдері физикалық құбылыстарға көп
байланысты болмағанымен, «мен» деген атаусыз қалу (əлеуметтік
шектелмеген) һəм «мен» деген атау беру (əлеуметтік шектелген)
арасындағы диалогқа көбірек тəуелді болады. Бала əуелі «Вустер,
Массачусетс» жəне «Консуэло əпке» деген жалқы есімдерден пана іздейді.
Бірақ «Бұл қыс мезгілі еді./ Қараңғы ерте түсті» (
It
was winter.
It
got dark /
early (менің акцентім) деген есімдіктердің пайда болуы оның сенімділігін
жоғалта бастайды. Бишоп «it» (бұл) есімдігінің екіұштылығына əрі
өзінің
соған сəйкес болмауына немесе өлең бойында атау беру қабілетінің
жоқтығына сенеді.
Жалғыз отырған «Мен» деген бала
National Geographic
(
АҚШ Ұлттық
географиялық қоғамының ресми журналы. – Ред.
)
деген атауды оқиды. Бұл
«көрген суреттері» ерекше, эруптивті прелапсарлық (
eruptive prelapsarian
)
пейзажды көрсетеді. Метафора туралы айтылған қашу жолынан (
escape
route
) өзге, сауаттылықтың өзі сəтсіздікке ұшырайды.
Осы журналдағы
оқиғаларды оқып отырып, жанартаудың атқылауымен, Оса жəне Мартин
Джонсон деген атаулармен танысады. Əдемі киінген адамдар «Оса жəне
Мартин Джонсон» деген есімге ие, ал
өлген адамдар есімдерінен
айырылып, тақырыпта айтылған «Ұзын торайға» (
Long Pig
) айналады.
Ауызекі сөз бен сауаттылық баланың назарында бəсекеге түсіп, əрқайсысы
оны өз жолымен арбайды. Бірақ ол «жазбаның» не айтып жатқанын біледі:
«Полюсте қалған өлі адам/ «Ұзын торай». Сөйлеу тіліндегі тұрақсыздыққа
еліктеп əрі эвфемизмді жалқы есімге айырбастап, өлген адамды қорек көзі
ретінде қарастырған сөйлеу кіріспесі түсінбей тұрған оқырманын
шатастырып жібереді.
Ауызша белгісіз жағдайлар баланы одан əрі тұйыққа тірейді. Өйткені
баланың көзі ашық-шашық киінген əйелдердің дене бітімін, жыныстық
айырмашылығын
зерделеп
отырады.
«Жараланған,
мойнына
жез
шығыршық ораған» атаусыз қалған бөтен əйелді бала «тікелей əйелдің өзі
арқылы» мынадай мазмұнда «оқиды»: «Мен оны тек өзі арқылы/өзі арқылы
оқыдым / Мен тоқтауға қатты ұялдым» [курсив қосылған].
Оған атау
беретін шарасыз бала пайдалануға ыңғайлы «бұл» («it») сөзіне жүгінеді. Ол
араласып кеткен атаусыздық кеңістігінен, атаусыз белгісіздіктен атауы бар
«қаптама/сары дала, уақыт» деген тұрақтылыққа қарай шегінеді.
Дикинсонның иірімдегі жазбасының күші осындай.
Адамзаттың үлкен шоқжұлдызындағы өз жолын оқып, ұғуға қабілеті
жетпейтін бала осының бəрін естіген
кезде дыбысталған отбасылық
бірегейлікті таниды.
Достарыңызбен бөлісу: