Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет12/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Мэтью Арнольд
: «Бір қарағанда, Француз революциясының кең қанат жаюы мен оның ұзаққа
созылуы салдарынан, Грекиядағы ұлы шығармашылық кезеңіндегідей немесе күшті қайта құру
қозғалыстарының куəсі болған Қайта өрлеу дəуіріндегідей, ұшқыр ойлы шығармалардың көптеп


жарыққа шығуын ешкім күтпеген еді. Бірақ, шындығына келгенде, Француз революциясы осы
сияқты көтерілістерден өзіне тəн сипатымен ерекшеленді. Мұнда, негізінен, таза зияткерлік һəм
рухани қозғалыс орын алды.
 
Француз революциясы саяси жəне тəжірибелік мазмұнға ие болды.
1700–1789 жылдар аралығында Францияда ескі жүйеде өткен қозғалыс, Қайта өрлеу кезіндегі
көтеріліске қарағанда, əлдеқайда шынайы болды. Вольтер мен Руссо тұсындағы, Француз
революциясы кезеңіндегі Францияға қарағанда, Еуропа білімінің биік деңгейін көрсете алды. Гёте
соңғысын (революция кезеңін айтып отыр) «бейбіт мəдениетті артқа тастағаны» үшін жазғырған
болатын. Жоқ, біздің Байронның да, тіпті Уордсуорттың та шындықтың кілті болуының мəнісі
мынада – олар ақыл-ойдың айтарлықтай дамуынан емес, сезімді шарықтатып дамытатын қайнар
көзден нəр алды. Дегенмен Француз революциясы өзінің қозғаушы күшін айқындауда
адамдардың тəжірибесінен гөрі ақыл-ойына көбірек үміт артты. Бұл – оны І Карлдың кезеңіндегі
ағылшын революциясынан ерекшелейтін басты сипаты. Нақ осы жайт, аталған революция аса
сəтті болмағанына қарамастан, біздің төңкеріске қарағанда, əлем қызығушылығын тудырған
анағұрлым күшті рухани оқиғаға айналдырды. Ол белгілі бір тұрақты
 
идеялардан тұратын
əмбебап тəртіпке үндейді. 1789 жылға тəн сұрақ «бұл ақылға қонымды ма?» болса, 1642 жылы
бұл сауал «бұл заңды ма?» деген сұрақ түрінде болатын. Бұл жерде ескеретін жайт: бір
жағдайдағы заң, екінші жағдайда заң ретінде танылмауы мүмкін. Сананың басты қағидасы –
əмбебап шындықтың абсолюттігі һəм тұрақтылығы.
Өзінің беталысын бағдарлап ашылған жаңа саланың жемісін пайдалану мақсатында қандай
ережені ұстанатынын нақтылы айқындау ағылшын сыны үшін аса маңызды. Ереженің мағыналық
қағидасы бір сөзге саяды: ол
 

 
риясыздық (
disinterestedness
). Ал сын қалайша риясыз, адал ниетке
құрылады? Біріншіден, «заттарға деген тəжірибелік көзқарастан» аулақ болу арқылы; екіншіден,
ол өзі жанасатын барлық субъектіде еркін сана ойынына айнала алатын, оның табиғатына тəн
заңдылықты ұстану негізінде. Сондай-ақ идеялар туралы қандай да бір жасырын саяси
идеялардың ықпалынан бас тарту арқылы... Оның бизнесі, мен айтқандай, дүниедегі ең танымал
əрі ойға негіз болған таңдаулы дүниелерді игеруден тұрады».
Сонымен қатар өнерді зерттеу кезінде көңіл күй толқуларына һəм ақыл-ой
əсерлеріне басымдық беретін эстетикалық философия да айтарлықтай
ықпалды болды. Шарль Бодлер мен Уолтер Патер секілді жазушылар
үстіртін тəжірибенің, дүниедегі тəн лəззаттарының жəне көркем тəжірибе
тұжырымдамасының өзіндік мақсат ретіндегі құндылығын атап өтті.
Өнерді ұнату тек өнер үшін керек; оның рухани маңызына, мінсіздігіне
немесе моральдық мақсатына мəн берудің қажеті жоқ деген пікірде болды.
Бодлер де табиғаттың романтикалық идеалынан бас тартып, оның есесіне,
айла-шарғының рахатына бөленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет