Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет13/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Шарль Бодлер
: «Кофехана терезесінен жұртқа қызыға қарап отырған емделуші астаң-кестең
сапырылысқан ойларын тізгіндеумен арпалысқа түсті. Бірақ соңғы уақытта санасына өлім елесі
орала беретін ол, маңайындағы барлық өмір құбылыстарына шаттанумен болды, есінен адасуға
шақ қалғандықтан,
 
барлығын да есінде сақтап қалуға өршелене ұмтылды.
 
Ақырында, тізгіндеуге
ерік бермеген ауыр ойды сілкіп тастап, өзін əп-сəтте сиқырлап алған беймəлім, болмашы күңгірт
елестің соңына түсті. Қуатты құштарлық билеген əуесқойлығы қатерге айналды!»
Əрдайым емделушінің рухани күйін кешкен суретшіні елестетіп көріңіз,
 
сонда сіз табиғаттың
(мінсіз суретшінің) ішке енгізетін кілтіне ие боласыз.
Сауығу балалыққа қайта оралуды еске түсіреді. Емделушілер де, бала тəрізді, барлық
нəрселерге, тіпті ешқандай маңызы жоқ дүниелерге де ерекше қызығушылық танытады. Қиялдың
ретроспективті (өткенге оралу) күші арқылы, егер мүмкін болса, біз артқа шегініс жасап, өзіміздің


балалық шағымыз бен жас кезіміздегі əсерлерімізге оралайық. Төніп тұрған сыртқы қауіп-
қатердің салдарынан рухани қабілеттеріміз «зақымдалмай» таза күйінде сақталған жағдайда,
балалық шақтан туған жарқын əсерлердің тəн ауруына ұшырағаннан кейінгі туындаған
əсерлермен рухани байланысын көре аламыз. Бала барлық нəрсені жаңалық ретінде қабылдайды;
ол əрқашан масаттана алады. Баланың түс пен пішінді ұғынудан алатын лəззаты біз шабыт деп
атап жүрген ұғымды еске салады. Мен бұдан да тереңдей түсіп, асқақ ойдың қуатты əсер
тудырып, адам миына өзіндік ықпалын тигізетінін растаймын. Данышпан адамның жүйке жүйесі
сау, мықты, ал балалардікі əсершіл, əлсіз болып келеді. Бұлардың біреуінде сана айтарлықтай
орныққан позицияға ие; ал екіншісінің барлық болмысы сезімталдыққа тəуелді. Алайда
данышпандық – балалық шақтан бастап қалыптасатын құбылыс. Енді балалық шақ еркінен тыс
жинап алған шикі материалдарды орнымен қажетіне жаратуға мүмкіндік беретін, ішкі болмысын
танытуға мүдделі кемел шақтың қайратына жəне талдау қабілеті мен күшіне ие болады.
Құстың ауаға, балықтың суға қатыстылығы секілді, оның элементі қауым болады. Оның
əуесқойлығы мен кəсібі қауыммен біте қайнасып кетуді мақсат етеді. Нағыз көрермен үшін
қозғалыстың тасуы мен қайтуы шегінде, жақындық пен шексіздік аралығы сияқты көпшіліктің
жүрегінен орын табу – үлкен бақыт. Əмбебап өмірді сүйетін адам мол электр қуатындай күші
болған жағдайда, жұртшылықтың ортасына ене алады. Біз оны жұртшылықтың өзі сияқты
соншалықты үлкен айнамен салыстырар едік, немесе сана сезім дарыған құбылнамадай
(калейдоскоп) өмірдің əр қозғалысын қалт жібермей, оның көпқырлылығын жаңғыртып,
жарқыраған сұлулығын паш еткен болар едік. Əрбір жылт еткен көрініс өмірдің өзіне қарағанда
тұрақсыз һəм баянсыз... Барлық əдемі жəне жақсы нəрселер ақыл-ой мен белгілі бір мақсаттың
нəтижесінен туындайды. Адам баласы анасының құрсағында жатқанда-ақ қаскүнемдік пен
қылмыстың «дəмін» сезінеді. Екінші жағынан, рақым етуші жасанды табиғаттан тыс
тұрғандықтан, барлық уақытта жəне барлық жерлерде адамзатты рухтандыруға үйрету үшін
құдайлар мен пайғамбарлар керек болды, өйткені адам оны өздігінен ашуға дəрменсіз еді.
Жамандық табиғи түрде,
 
күштеусіз жүреді; жақсылық – əрқашан қандай да бір өнердің жемісі.
Менің бар айтпағым: табиғат моральдық мəселелерге келгенде нашар кеңесші, ал себеп –
еліктіргіш əрі жаңартушы, осы айтқандарымды сұлулыққа да қатысты қолдануға болады. Сөйтіп,
сыртқы əдемілікті
 
адам жанының қарапайым кісілігін танытатын нышандарының бірі ретінде
қарастыруға тырыстым.
Біздің шиеленіске толы, əбден шатасқан өркениетіміздің өзге нəсілдерді жабайы деп тануы,
оларға астамшылықпен менсінбей қарауы жас баланың опа-далап жағуға деген көзқарасы сияқты.
Бұл жердегі басты нəрсе адамның терісінің түсінде, сырт келбеттің ерекшелігінде болып отыр;
яғни жас бала да, сол нəсілдің өкілі де нақты көрініске мойынсұнғысы келмей, ақырында, адам
жанының материалды емес екенін мойындауға мəжбүр болады.
Сəн үлгісін адамның ақыл-ойының жетістігі
 
мен алға қойған мақсатының нышаны ретінде
қарастыру керек; оның табиғи сұранысының адам миында шоғырлануы немесе оның жаңаруға
деген тынымсыз талпынысы деген дұрыс. Сондықтан да əрбір сəн үлгісі өзінше əдемі, олардың
əрқайсысының шынайы сұлулыққа жақындауы анық көрсетілген (себебі табылмаса да), азды-
көпті күш-жігер жұмсаудың нəтижесінде тынымсыз адам миының қанағатсыздығы сезіледі».
Уолтер Патер Оксфорд университетінде эстетика профессоры болды, ол
өзінің ғылыми мақалалары арқылы суретшілер мен жазушылар буынына
елеулі ықпалын тигізді. Қайта өрлеу дəуірінде «Қорытынды» (
Сonclusion
)
атты зерттеуінің төңірегінде дау-дамай туындады, бұл шығармада
викториандықтарды өмір мен өнерден қара бастың қамын биік қоюға
шақырды. Ол «жоғарғы» рухани мəнге немесе моральдық мақсатқа
ұмтылудың қажеті жоқ, өнердің өз тəжірибесі жеткілікті сыйақы болады»


деген ойды негіздеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет