Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет11/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Г.В.Ф. Гегель
: «Өйткені əмбебап идея нақты осындай бірлікке құрылған, бұл бірлік тек
əмбебап идеяның құпияларын толықтай игеріп, оларды біріктіргеннен кейін ғана өнермен біте
қайнасады. Осы үдерістің негізінде көркемдік нақты кезеңдер мен формалардың жиынтығына
айналады. Сол себептен бойымыздағы көркемдікті əрі өзімізді зерттей отырып, біз əдеміліктің
жиынтығы ерекше формаларға қалай таралып жатқанын анықтауымыз керек. Біздің зерттеуіміздің
бұл екінші бөлімі өнер формаларымен танысуды айқындайды. Ал формалар өздерінің шығу тегін
анықтауда түрлі тəсілдер мен мазмұн ретіндегі əмбебап идеяны түсінуге ұмтылады. Өнер
формасы дегеніміз – түрлі мағыналар мен қалыптардың қарым-қатынасы деуге болады. Мұндағы
қарым-қатынас əмбебап идеяға құрылған, сол себептен ол аталған саладағы түрлі формалардың
шынайы негізі бола алады».
Кант пен Гегельдің идеялары, сезімдік тəжірибе əлемі мен шынайы сана
əлемі арасындағы айырмашылық Фридрих Шиллер, Уильям Уордсуорт,
Сэмюэл Тейлор Колридж бен Ральф Уолдо Эмерсон сынды жазушылардың
романтикалық бағытына əсер етті. Шиллердің ақыл-ой жүйесі рухани
əлемге құрылған көркем əңгімелермен танысу негізінде қалыптасты, сөйтіп
оның барынша азаматтық көзқарасының өрістеуіне тікелей əсер етті. Өнер
кең қоғамдық мақсатты көздеді. Бұл идея қазіргі замандағы адамның
құлағын елең еткізуі мүмкін, бірақ оның нақтылығын түсіндіруге болады.
Ол үшін рухани əлемді ақыл-ойдың абстракцияға деген қабілеті ретінде
қабылдау керек. Бұл қабілет сананың жағымсыз эмоцияларды басқару
мақсатындағы ақыл-ойды пайдалану мүмкіндігімен тығыз байланысты.
Көркем əдебиетті оқу эмпатияны арттыратыны белгілі. Сондықтан да
Шиллер сияқты жазушылардың «əдеби білім беру адамның азаматтық
көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді» деген пікірі көкейге қонады.
Əдебиет ақыл-ойды дамытады деген идея XIX ғасырдың соңындағы
Мэтью Арнольдқа дейінгі əдебиет теоретиктерінің арасында танымал
болды. Арнольд əдебиеттің білім беру мақсатына қызмет ететініне сенді.
Ол сананы соншалықты биіктетіп, сондай-ақ ақыл-ойдың тəжірибелік жəне
табиғи эмоциялық жағын
 
жеке қарастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет