арқылы жəне бұрыннан келе жатқан нормалар мен қалыптасқан
заңдылықтарға күмəнмен қарай отырып, өзгерістермен
бірге өзгеруге тиіс
екенін сезінді. Виссарион Белинский сияқты орыс сыншылары елді
неғұрлым ілгерілету үшін əдебиет белгілі бір рөл атқаруы керектігін
сезінді.
Карл Маркс шығармашылық, саяси қызмет жолын философ ретінде
бастағанымен, 1840 жылдары Еуропадағы радикалды саясатқа ауысты.
Еуропаутопиялық социализм идеяларымен қаруланған болатын, сондықтан
олар Еуропадағы монархияға қарсы көтеріліске қосылып,
ақыр соңында,
посткапиталистік демократиялық қоғамды құруға ұмтылды. Сөйтіп,
жұмысшылар капиталистерге құл болудан босатылып, байлық теңдей
бөлінетін коммунистік жəне анархиялық
қозғалыстың туындауына
себепкер болды. Маркс қуғынға ұшырап, Англиядан кетуге мəжбүр болады.
Мұнда капиталистер құрған, индустрияландырылған
еркін экономикалық
нарық арқылы пайда болған əлеуметтік тəртіпті талдау мүмкіндігіне ие
болды. Ол əдебиетті өзінің əлеуметтік, тарихи, саяси һəм экономикалық
сипатында таныды. Əдеби шығарманың мəнін түсіну үшін оны құрған
əлемге əрі туындаған əлеуметтік жағдайларға назар аудару керек. Əдебиет
көбінесе саяси мақсатқа қызмет етіп, «билеуші таптың билеуші идеяларын»
білдірді.
Достарыңызбен бөлісу: