Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет128/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

teeth 
(
тіс: тістер
)
, goose: geese 
(
қаз: қаздар
)
.
Бұрын адамдар 
gast: gasti, fōt: fōti
деп айтқан кезде, жай ғана 
i
əрпін қоса
салу сөздерді көпше түрге айналдырып жіберетін еді: 
Gast: Gäste
əрі бұл
fōt: fe&c.macr;t
көпше түрді білдіру үшін жаңа механизмді көрсетеді. Екі
жағдайда да механизм бірдей болмайды, көне ағылшын тілінде дауысты
дыбыстар арасында ғана қарама-қарсылық бар болатын. Ал неміс тілінде
сонымен қатар -

жалғауы жалғанатын кейде жалғанбайтын жағдайлар бар.
Бірақ бұл жерде мұндай айырмашылық маңызды емес.
Қандай түрде болмасын, жекеше түр мен көпше түр арасындағы
байланыс кез келген уақытта көлденең аралықпен (осьпен) бейнеленеді:
Бір түрден екінші түрге өтумен байланысты деректер, қандай болмасын,
жалпы көріністе тік аралық (ось) арқылы беріледі:
Бұл көріністен бірнеше сəйкес ескертпелер (
remarks
)
 
шығарып алуға
болады:
1. Диахронды деректер еш уақытта мағынаны басқа таңбаның көмегімен
байланыстыруға бағытталмаған
gasti
сөзінің 
gesti, geste 
(
Gäste
)-ге
айналуының зат есімдердің көпше түріне ешқандай қатысы жоқ; 
tragit

trägt
өзгерісінде де дəл сол умлаут ауызша екпінмен болады, əрі қарай да
солай кете береді. Диахронды дерек – тəуелсіз жағдай; одан пайда
болатын ерекше синхронды салдар онымен мүлдем байланысты емес.
2. Диахронды деректер тіпті жүйені өзгертуге де бағытталмаған.
Сөйлеушілер бір жүйеден екіншісіне өткісі келмеген. Сондықтан
модификация орналасуға əсер етпейді, оның элементтеріне ықпал
жасайды.
Мұнда біз алдында айтылған қағиданы көреміз: жүйе ешқашан да
тікелей өзгермейді. Негізі, оның өзі – өзгермейтін нəрсе. Бəрін біртұтас


етіп байланыстырып тұратын тұтастықты есепке алмастан, тек кейбір
элементтері ғана өзгереді. Бұл – күнді айналып жүрген ғаламшарлардың
бірі оның өлшемі мен салмағын өзгертіп жібергені сияқты құбылыс.
Мұндай оқшауланған жағдайдың жалпы салдары болады, тіпті ол бүкіл
жүйені тепе-теңдіктен ауытқытып жібереді. Екі терминнің қарама-
қарсылығы көпше түрді көрсету үшін керек; 
fōt: fōti
немесе 
fōt:
fe&c.macr;t;
мұндай екі əрекеттің екеуі де орын алуымүмкін, бірақ
сөйлеушілер біреуінен екіншісіне, қажет болмаса да, ауысып кеткен.
Олардың ешқайсының орны ауысқан жоқ, сонымен бірге бір жүйе
екіншісін туындатқан жоқ. Алғашқы жүйедегі бірінші элемент өзгеріске
ұшырады əрі осы өзгеріс келесі бір жүйені жасау үшін жеткілікті болды.
3. Жоғарыда айтылған бақылаулар болған жайттың 
кездейсоқтық
сипатын
көрсетеді. Біз өзіміз оңай қалыптастырып алатын жалған көріністен
айырмашылығы – тіл түсінікті көрсету үшін жасалған жəне реттелген
механизм емес. Керісінше, біз өзгерістен туындаған жағдай енгізілген
(
impregnated
) мағына туралы белгі беруге арналмағанын көреміз.
Кездейсоқ жағдайда (
fōt: fe&c.macr;t
) сөйлеушілер бар айырмашылықты
пайдаланып, жекеше жəне көпше түр арасындағы өзгешелік туралы белгі
берді; 
fōt: fe&c.macr;t
бұл мақсатта 
fōt:
*
fōti-
дан жақсырақ емес

Əр
жағдайда сана осы субстанцияға еніп, оны жандандырады. Тарихи
лингвистикадан шабыт алған мұндай жаңа түр өз əдісімен оған ешқашан
қол жеткізе алмайтын дəстүрлі грамматика үшін беймəлім. Тіл
философтарының көпшілігі бұл туралы білмейді. Білген күнде,
философиялық көзқарас тұрғысынан да оның соншалықты маңызы бола
қоймас.
4. Диахронды топтардың дəл сол кластағы деректері синхронды топтағы
деректер сияқты бола ала ма? Ешқашан олай бола алмайды. Өйткені біз
өзгерістің барлығы дерлік кездейсоқ емес екенін көрдік, ал синхронды
дерек қашанда маңызды болған. Ол əрдайым бірдей екі терминді
біріктіреді. Тек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет