(ə) Осыған қарамастан, бұл жүріс бүкіл жүйеге əсер етеді. Ойыншы
тиімділіктің дəрежесін нақты анықтай алмайды. Өзгеріс нəтижесіндегі
жағдайға байланысты мəн не нөлдік, не салмақты, не орташа мағыналы
мəнге ие болады. Белгілі бір жүріс ойынның барысын түбегейлі өзгертіп,
тіпті қозғалыссыз тұрған тастарды орындарынан қозғауы мүмкін. Қазір
ғана мұның тілге де қатысты екенін көрдік.
(б) Шахматта əр жүріс алдыңғы жүрістен жəне келесі тепе-теңдіктен
мүлдем өзгеше болады. Пайда болған өзгеріс бұл жағдайдың біріне де
қатысты емес, тек материалдық жағдайға қатысты.
Шахмат ойынында кез келген нақты орынның (позицияның) барлық
алдыңғы орындардан босайтын дара сипаттамасы бар. Жүріс жолының
ешқандай айырмашылығы жоқ. Ойынды бастан-аяқ бақылап отырған
адамның шиеленіскен сəтте ойынды тексеруге келген адамнан еш
артықшылығы тағы жоқ. Мұндай схеманы сипаттау үшін осыдан он секунд
бұрын не болғанын еске алудың еш пайдасы да жоқ. Осының бəрі тең
дəрежеде тілде де қолданылады, сондай-ақ диахронды жəне синхронды
жағдайлар арасындағы негізгі айырмашылықты шиеленістіріп жібереді.
Сөйлеуші тек тілдің ахуалына қарай əрекет етеді, ал жағдайлар арасындағы
өзгерістер екі жағдайдың біреуінен де орын таба алмайды.
Тек бір бағытта ғана салыстыру нақтылықты бере қоймас: шахматшы
жүріс жасап, жүйені өзгертуге ниеттенеді, ал тілде еш нəрсе алдын ала
ойластырылмайды. Тілдің бөліктері кенеттен, бəлкім, кездейсоқ орын
ауыстырады немесе түрленеді.
Достарыңызбен бөлісу: