Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет124/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

таңбалаушы мен таңбаланушы
арасындағы байланыстың өзгерісіне 
алып келеді.
Оған бірнеше мысал келтірейік. Латын тіліндегі 
necāre
(өлтіру) сөзі
француз тілінде 
noyer 
(бату, малтығу) сөзіне айналып кетті. Дыбыс бейнесі
мен түсініктің екеуі де өзгерді. Бірақ бұл құбылысты екіге бөлудің еш
пайдасы жоқ, тек идея мен таңба арасындағы байланыстың үзілгендігін
жəне олардың өзара байланысында өзгерістің болғанын көрсету жеткілікті.
Егер классикалық латын тіліндегі 
necāre 
(
өлтіру
) сөзін француз тіліндегі
noyer
(бату, малтығу) сөзімен салыстырсақ, онда біз бұрынғы терминді IV
немесе V ғасырдағы қарапайым латын тілінде «бату» деген мағынаны
білдіретін 
necare 
сөзіне қарама-қарсы қоямыз. Онда жағдай басқаша
болады: мұнда таңбалаушының өзгерісі айтарлықтай көрінбегенімен, идея
мен таңба арасында өзгеріс бар.
4
Көне герман тіліндегі 
dritteil
(
үштен бір
) қазіргі неміс тілінде 
Drittel
(
Дриттел
) сөзіне айналып кетті. Мұнда түсінік бұрынғы күйінде
қалғанымен, олардың өзара байланысы екі əдіспен өзгерген: таңбалаушы
материалдық аспекті бойынша ғана емес, грамматикалық аспектіде де


өзгеріске ұшыраған; 
Teil 
(
бөлік
)
 
идеясы енді айтылмайды; Drittel 
Drittel
(
Дриттел
) – қарапайым сөз. Қалай болғанда да, ол өзара байланыс
арасында ұдайы өзгеріске ұшырап тұрады.
Англо-саксон тіліндегі жазу пайда болғанға дейінгі 
fot
(
аяқ
) сөзінің көпше
түрі 
*
fōti 

 fe&c.macr;t 
(қазіргі ағылшын тілінде 
feet 
(
аяқтар
) болды. Басқа
болжамды өзгерістерге қарамастан, бір нəрсені анық айтуға болады:
олардың байланысында өзгеріс болды; фонетикалық субстанция мен идея
арасында басқа сəйкестік орнады.
Тіл бір кезеңнен екінші кезеңге дейін таңбалаушы мен таңбаланушы
арасындағы байланысты өзгертетін күштен мүлдем қорғана алмайды.
Таңбаның еріктілік сипатының бір салдары – осы.
Салт-дəстүр, заңдар т.б. адамзат институттары белгілі бір дəрежеде
заттардың табиғи байланысына негізделген. Бұл – олардың тілден
өзгешелігі. Бұлар пайдаланған амалдарды қажетінше алға қойған
мақсатымызға бейімдеді. Тіпті киімдердің сəн үлгісі де толықтай ерікті
емес; біз адам денесіне сəйкес келетін үлгілерден аздап ауытқып кетуіміз
мүмкін. Тіл болса амал таңдауда еш нəрсемен шектелмеген. Өйткені қандай
да бір идеяны дыбыстардың кез келген тізбегімен байланыстыруға болады.
Оған еш кедергі жоқ.
Тілдің нағыз институт екені туралы шындыққа ерекше назар аудару үшін
Уитни таңбалардың еркіндік сипатына əділетті түрде табан тіреп тұрып
алды. Сөйтіп, ол лингвистиканы өз зерттеуінің шынайы өзегіне
орналастырды. Бірақ ол тілдің еркіндігі оны барлық басқа институттардан
түбегейлі алыстататынын ескерген жоқ, тіпті аңғара да алмады. Іс жүзінде,
таңбаға біріккен екі элементтің əрқайсысы белгілі бір дəрежеде, беймəлім
жерде өзінің қызмет ету мерзімін сақтап қалады. Кейде бұл тіл өзгереді;
дыбысқа, тағы бірде, мағынаға əсер ететін барлық күштердің ықпалымен
эволюцияға ұшырайды. Эволюциядан қашып құтылу мүмкін емес, оған
қарсы тұрған бірде-бір тілдің мысалы жоқ. Белгілі бір уақыт мерзімінде
міндетті түрде өзгерістердің болатыны анық.
Өзгеріс қашанда болады, ал жасанды тілдер одан мүлдем қашып құтыла
алмайды. Тілді жасаушылар оны қолданысқа енбей тұрып қана бақылай
алады. Ол өз қызметіне кірісіп, əр адамның сөйлеу тіліне айналған сəттен
бастап бақылау дəрменсіз. Мысалы, эсперантоны алып қарайық: ол
бұлжымас заңнан айналып өте ала ма? Қолданысқа енгеннен кейін,
эсперанто толықтай семиологиялық қызметіне кіріседі. Өзінің логикалық
пайда болу заңдылығында шегінерге жол қалмағандықтан, еш ортақтығы


жоқ басқа заңдармен жалғасын табады. Ал жасанды тілді өзгелерге дəл
сондай қалпында қабылдауды ұсынған адам үйрек басқан жұмыртқадан
шыққан тауықтың балапанына ұқсап қалады (еркін жүзіп кете алмайды).
Оның жасаған тілі, қаласын-қаламасын, барлық тілдерді қамтитын заңға
бағынатын болады.
Таңбалар жалпы семиология қағидасымен реттеледі. Толассыз уақыт
аралығындағы үздіксіздік уақыттың өзгеруімен байланысты; мұны
орфографиялық жүйелер, мылқаулардың тілі т.б. растайды.
Бірақ өзгерістің қажеттілігін қолдайтын не нəрсе? Мені бұл мəселеде
өзгермелілік соншалықты айқын болмаған деп айыптауы мүмкін. Өйткені
мен өзгерістің əртүрлі күштерін ажырата алмадым. Біз олардың
қаншалықты қажетті екенін түсіну үшін оның көптүрлілігін назарға
алуымыз керек.
Үздіксіздік, бақылаушының көзқарасы бойынша, тек 
болжамды
болады,
бірақ уақыт жүзіндегі өзгеріс ондай емес. Бұл кезеңде нақты ақпарат беруге
тырысудың қажеті жоқ, тек талқылауды жалпы байланысқа қарай бұрумен
шектелген дұрыс. Уақыт бəрін өзгертеді, тілдің мұндай бірегей
заңдылықтан қашуының еш негізі жоқ.
Енді талқылаудың негізгі мəнін қарастыруға көшіп, оны кіріспеде
айтылған қағидалармен ұштастырайық.
1. 
Сөйлеу кезіндегі жалпы құбылыста көрініс табатын нəтижесіз
сөздерді анықтаудан қаша отырып, біз оның екі бөлігін анықтадық:
тіл жəне сөйлеу. Тіл – сөйлеуден кіші тілдік белгі (
Language is speech
less speaking
)
.
Бұл – адамға түсінуге жəне түсінікті болуға мүмкіндік
беретін тілдік дағдылардың бүтін бір жиынтығы.
2. 
Бірақ бұл анықтама тілді бұрынғыдай өзінің əлеуметтік контексінен
тыс қалдырады; ол шынайылықтың белгілі бір бөлігін ғана
қамтығандықтан, тілді жасанды етеді; оны қолданысқа енгізу үшін
сөйлеушілер қауымдастығы, яғни көп адам пайдалану [
masse parlante
– 
сөйлеуші көпшілік
] керек. Соған қарамастан, тіл ешқашан
əлеуметтік фактілерден бөлек болмайды, өйткені ол семиологиялық
құбылыс болып саналады. Тілдің əлеуметтік табиғаты – оның ішкі
сипаттарының бірі. Оның толық анықтамасы бізді төмендегі суретте
келтірілгендей, екі ажырамас нысанмен бетпе-бет келтіреді:


Бірақ тіл сипатталған шартпен өмір сүрмейді; оның тек əлеуетті қызмет
мерзімі бар; біз тарихи деректерді емес, əлеуметтік жағдайды ғана
қарастырдық.
3. Лингвистикалық таңба ерікті; демек, тілдің өзі бір жүйе болып
есептеледі. Өйткені ол тиімді қағидаларға тікелей байланысты: еркін һəм
қалауынша əрекет ете алады. Оның тəуелсіз болуы жəне əлеуметтік
сипаты белгілі бір көзқарастардың болуын жоққа шығармайды.
Логикалық негізде топтық психологияның əрекет ететіні айқын; адамдар
арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде сана қабылдамайтын барлық
нəрсені есепке алу керек. Бірақ тілді мүдделі топтың келуімен өзгеруі
мүмкін қарапайым шарттылықтан қорғап қалатын нəрсе – оның
əлеуметтік сипаты емес, уақыттың əлеуметтік күшпен үйлескен əрекеті.
Егер уақыт есепке алынбаса, лингвистикалық деректер толық болмайды
да, қорытынды жасау мүмкін болмай қалады.
Енді тілді сөйлеушілер қауымдастығынан тыс уақыт бойынша
қарастырып көрелік. Онда ғасырлар бойы бəрінен оқшау тіршілік еткен
адамды көз алдыңызға келтіріп көріңіз. Оның сөзінен бір өзгеріс байқай
аласыз ба? Дəл сол сияқты, тілден де ешқандай өзгерісті байқамаған болар
едік. Ендеше, уақыт тілге əсер етпейді. Керісінше, сөйлеушілер
қауымдастығын уақытты есепке алмай қарастырсақ, онда тілге əсер ететін
əлеуметтік күштердің ықпалын көре алмас едік. Нақты дəлелдерді алға
тарту үшін біз 1-суретке уақыттың өтуін білдіретін белгі қосуымыз керек:


Уақыт олардың əсерін жою үшін əлеуметтік күштердің жұмыс істеуіне
мүмкіндік бергендіктен, тіл енді ерікті емес. Бұл бізді еріктілікті жоққа
шығаратын үздіксіздік қағидасына қайта əкеледі. Ал үздіксіздік деген
міндетті түрде таңбаланушы мен таңбалаушы арасындағы өзара
байланыстың өзгерісін, олардың əртүрлі деңгейдегі дəрежелерін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет