Сайып келгенде, мəндер жүйесі неғұрлым күрделі болса, əрі қатаң
тəртіппен құрылса, оның екі координата аралығымен сəйкестігін зерттеу
соғұрлым қажетті бола түседі. Басқа бірде-бір жүйе бұл ерекшелікті дəл тіл
секілді жүзеге асыра алмайды. Біз өзге жерден дəл осындай нақты мəндерді
əрі дəл осынша көп, оған қоса, əртүрлі терминдерді таба алмаймыз;
олардың барлығы бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Тілдің үздіксіздігін
түсіндіру үшін пайдаланған таңбалардың көптүрлілігі уақыт аралығындағы
сабақтастық пен жүйенің ішіндегі байланысты бір мезетте зерттеуге
мүлдем мүмкіндік бермейді.
Тіл туралы екі бөлек ғылымдағы айырмашылықтың себебі анық.
Ғылымды қалай анықтау керек? Қолжетімді терминдердің барлығы
айырмашылықты бірдей дəлдікпен анықтай алмайды. «Лингвистикалық
тарих» пен «Тарихи лингвистика» тым түсініксіз. Саяси тарих əртүрлі
кезеңдерді сипаттап, оқиғаларды баяндайтындықтан, студент жүйелі
құрылымды сипаттап жатқан кезде тілді уақыт аралығына қатысты үйреніп
жатырмын деп ойлауы мүмкін. Бірақ ол үшін тілді бір күйден екінші күйге
ауыстыратын құбылысты бөлек зерттеу керек болады.
Достарыңызбен бөлісу: