Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет138/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

болып есептеледі.
2. Шектеу əдісі
Тілді білетін адам мұндай бірліктерді қарапайым əдіспен, ең болмағанда,
теориялық тұрғыда анықтап алады. Оның əдісі – сөйлеуді тілдің негізі
ретінде пайдалану, оның біреуі – (А) түсініктерді, ал екіншісі – (В) дыбыс
бейнелерін білдіретін екі параллель тізбек ретінде бейнелейді.
Нақты шектеуде дыбыс бейнелері тізбегі (
a, b, c
) бойынша бөлу
түсініктер тізбегі (
a′, b′, c′
) бойынша бөлуге сəйкес келеді:
Француздың «
sižlaprã»
сөзін алып қарайық: 
l
дыбысынан кейін тізбекті
бөліп, 
sižl
буынын бірлік ретінде ала аламыз ба? Жоқ, біз мұндай бөлудің


қате екенін түсіну үшін түсініктерді қарастыруымыз керек. Жиі ке-зі-ге-ді
siž‐la‐prã
деп буындық бөлудің лингвистикалық мəні жоқ. Бір ғана сəйкес
буынға бөлулер мынадай түрде болады: (1) 
si‐ž‐la‐prã
(
si je la prends-егер
мен мұны алсам
) мен (2) 
si‐ž‐l‐aprã
(
si je l’apprends
– 
егер мен мұны
үйренсем
) – өзге берілетін мағына арқылы анықталады.
8
Мұндай үрдістің қорытындысын тексеріп, шынымен де, бірлікпен жұмыс
жасап жатқанымызға сенімді болу үшін не істей аламыз? Ол үшін бірлікті
контекстің басқа бөлігінен бөліп алып, оның əрқайсысынан шектеуді
білдіретін мағына табуға тырысқан жөн. Сонан соң, дəл сол бірліктегі
сөйлемдерді салыстыру мүмкіндігін қарастыру керек. Француз тіліндегі екі
тіркесті алып қарайық: 
lafo¸sdüvã
(la 
force
du vent – желдің 
күші
) жəне
abudfo¸rs
(à bout de 
force 
– зорығу; сөзбе-сөз: 
күші
сарқылған). Əр сөз
тіркесінде бір түсінік 
fo¸rs
бір дыбыстық бірлікпен сəйкес келіп тұр. Демек
бұл – тілдік бірлік. Бірақ 
ilməfo¸rsaparle
(il me 
force
à parler – ол мені
сөйлеуге 
мəжбүрледі
сөйлеміндегі 
fo¸rs
сөзінің мағынасы мүлдем басқа.
Ендеше, ол – басқа бірлік.
3. Шектеудің тəжірибелік қиындықтары
Жоғарыда айтылған əдіс теорияда оңай болғанымен, пайдалануда жеңіл
ме? Оқшауланған бірліктер сөз болып саналады деген қорытындыдан соң,
біз де солай болады деп ойлауымыз мүмкін. Сөйлем сөздердің
жиынтығынан өзге, не өзі? Түсінуге сөзден жеңіл не бар? Жоғарыда
келтірілген мысалға қайта оралып, біз ауызекі сөйлеу тізбегін сараптау
«
sižlaprã»
сөзін төрт бірлікке шектеуге алып келді деп айта аламыз. Ол
сөздің бірліктері – 
si‐je‐l‐apprends. 
Бірақ біз сөз сипатына қатысты көптеген
келіспеушіліктер болғанын ескеріп, бірден қорғанысқа көшеміз. Шағын
көріністің өзі бұл терминнің кəдімгі мағынасы нақты бірліктің түсінігімен
сəйкес келмейтінін көрсетеді.
Оған көз жеткізу үшін біз француздың «
cheval» 
(
жылқы
)
 
сөзін алып, оны
көпше түрде «
chevaux»
деп қарастыруымыз керек. Бұл – бір сөздің екі түрі
деп адамдар сенімді түрде айта алады. Бірақ олар мағыналық жағынан да,
дыбысталуына байланысты да мүлдем екі бөлек сөз. 
Mwa
(
mois
сөзі le 
mois
de Septembre сөйлемінде (қыркүйек 
айында
)) жəне 
mwaz
(
mois
un 
mois
après
(бір 
айдан
кейін) сөздері де бір сөздің екі түрі, мұнда нақты бірлік туралы
ешқандай мəселе жоқ. Олардың мағынасы бірдей, бірақ дыбыстардың
бөліктері əртүрлі. Нақты бірліктерді салыстыруға тырысқан сəтте-ақ біз
диллемамен бетпе-бет келеміз: біз сол кезде анық болған «
cheval»
мен


«
chevaux»
сөздерін, 
mwa
жəне 
mwaz
дыбыстарды т.с.с. жалғайтын
байланысты елемегеніміз жөн; əрі оларды əртүрлі сөздер деп айтуымыз
керек немесе нақты бірліктердің орнына бірдей сөздердің əртүрлі
формасын ұластыратын абстракцияны қанағат тұтқанымыз абзал. Нақты
бірлікті сөзден емес, басқа жерден іздеген орынды. Сонымен қатар
сөздердің көпшілігі күрделі бірлік болып саналады. Біз олардың аралық
бірліктерін (жұрнақтарды, префикстерді, радикалдарды) оңай бөліп ала
аламыз. 
Рain‐ful 
(
азапты
)
 
жəне 
delight‐ful
(таңғажайып
) сияқты туынды
сөздерді əрқайсысының өз мағынасы мен қызметі бар бөлек бөліктерге
бөлуге болады. Керісінше, кейбір бірліктер сөзден де үлкен;
 
күрделі сөздер
(фр., 
porte‐plume
– 
қаламсап
), идиомалар (
s’il vous plaît

мархабат
)
,
өзгерген сөздер (
il a été – ол болды
)
 
т.с.с. мағынаға ие. Бірақ бұл бірліктер
шектеуге жеке сөздер сияқты қатты қарсыласып бағады. Сондықтан
дыбыстық тізбектегі бірліктердің өзара əсерін тексеруді қатты қиындатып
жібереді де, тіл қызметінің нақты элементтерін қалыптастырады.
Сөйлеушілер бірліктерді тəжірибеде шектеудің қиындықтары жайлы
білмейді. Аз ғана мағынасы бар бірліктің өзі оларға нақты элемент сияқты
көрінеді. Сондықтан олар оны дискурстан бөліп алуын ешқашан
тоқтатпайды. Бірақ бірліктердің арасындағы өзара жылдам əрі нəзік
байланысты сезіну бір басқа да, ал оларды əдістемелік сараптама арқылы
түсіндіру бір басқа.
Кеңінен таралған теория сөйлемдерді тілдегі нақты бірліктерге
айналдырады: біз əуелі сөйлем туралы айтамыз да, кейін сөзді бөліп
аламыз. Бірақ сөйлемнің өзі тілге қаншалықты тəуелді? Егер бұл сөйлеуге
қатысты болса, онда сөйлем лингвистикалық бірлік бола алмайды. Бірақ
мұндай қиындық жоқ деп есептеп көрелік. Егер айтылуы мүмкін жалпы
барлық сөйлемдерді елестете алсақ, онда олардың ең керемет сипаттары
олардың бір-біріне ешбір ұқсамайтындығында болар еді. Əуелде біз
зоологиялық түрдің бірі болып саналатын адамдардың əртектілігіне сəйкес,
сөйлемдердің де алуан түрін пайдаланғымыз келеді. Бірақ бұл тек иллюзия
ғана; бір түрдегі жануарларға тəн сипаттар, оларды ажырататын
айырмашылыққа қарағанда, əлдеқайда маңызды. Сөйлемдерден олардың
көптүрлі байланысының бірлігін іздеген кезде, керісінше, əртүрлі
байланыстың бірлігі басым екенін байқаймыз. Біз іздемесек те,
грамматикалық сипаттары бар сөздерді тауып аламыз. Сөйтіп, алдыңғы
қиындықтарға қайта айналып келеміз.
4. Қорытынды


Көптеген ғылым салаларында бірліктер туралы мəселе ешқашан
көтерілмейді. Бірліктер əуел баста-ақ бөлінген. Зоологияда жануарлардың
əрқайсысы 
жеке 
қарастырылады. 
Астрономия 
ғарышта 
бөлінген
бірліктерді, жұлдыздарды зерттейді. Химик, анықталған белгілі нысан
екеніне бір сəтке де күмəнданбастан, калий бихроматының сипаты мен
құрамын анықтай береді.
Егер ғылымда бірден танылатын нақты бірліктер болмаса, демек, ол оған
керек болмағаны. Мысалы, тарихта жеке тұлға, дəуір немесе ұлт бірліктері
бар ма? Оны біз білмейміз. Бірақ оның қандай мəні болуы мүмкін? Алайда
оның жауабын білместен, тарихты зерттей беруге болады.
Əртүрлі тастармен толықтай үйлесіп кететін шахмат ойыны сияқты тіл де
тек қана өзінің нақты бірліктеріне қарама-қарсы болатын жүйе ретінде
сипатталады. Біз олармен таныспай өтіп кете алмаймыз, оларға қайтып
оралмастан, бір қадам да жасай алмаймыз. Соған қарамастан, олардың
шектеуі – біз əуелі «олардың өзі бар ма?» деп сұрап алатындай өте шетін
мəселе.
Сөйтіп, тіл əу баста сезілетін, олардың бар екеніне һəм олардың
қызметінің оны қалыптастыратынына күмəндануға мүмкіндік берместен,
мазмұнның болмауы сияқты... біртүрлі, таңғаларлық тосын сипатқа ие
болады. Əрине, бізде тілді барлық басқа семиологиялық институттардан
ажырататын сипат бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет