poutre
(
бөрене
)
сөзі айрықша себептерге
байланысты «
ағаштың кесегі, итарқа»
деген мағынаға ие болды, сөйте
тұра, бір мезетте пайда болуы мүмкін басқа өзгерістерге тəуелсіз. Бұл – тіл
тарихындағы тіркелген кездейсоқ жағдайлардың бірі.
Ал синтаксистік жəне морфологиялық түрленуге келсек, бұл мəселе əу
баста-ақ айқын болмаған. Белгілі бір мезетте француз тіліндегі барлық
дерлік заттық-жағдаяттық түрлер (
subject‐case forms
) жоғалып кетті. Мұнда
көптеген деректер бір ғана заңға бағынатын сияқты көрінеді. Бірақ олай
емес. Өйткені барлық деректер оқшауланған бір деректің көптеп көрініс
табуы ғана. Субъектінің белгілі бір түсінігіне қозғау салынды, оның
жоғалып кетуі түрлердің бүтін бір қатарының жойылып кетуіне себепші
болды. Тілдің тек сыртқы сипаттарын көретіндер үшін дара құбылыс оның
пайда болуының жиынтығына батып, жоғалып кетті. Негізі, мұнда бір ғана
құбылыс бар, сонымен қатар бұл тарихи оқиға
poutre сөзі ұшыраған
семантикалық өзгеріс сияқты
өз қатарында оқшауланған. Ол жүйенің
ішінде жүзеге асқандықтан ғана «заң» деген атауға ие болады. Жүйелердің
қатаң орналасуы, диахронды деректің синхронды дерек бағынатын
ережелерге мойынсұнатыны тəрізді иллюзия тудырады.
Ал фонетикалық өзгерістерге келсек, ол да осы ережеге бағынады. Бірақ
оның кең тараған тəжірибесі – фонетикалық заңдар туралы айту. Расымен
де, дəл осы уақытта, дəл осы салада бірдей дыбыстық ерекшелігі бар
барлық сөз осындай өзгеріске ұшыраған; мысалы, 1-заң (
*
dhūmos
→ грекше
thūmos
) дыбысталған аспирата (aspirate) бар барлық грек сөздерін қамтиды
(салыстырыңыз,
*
nebhos
→
néphos
,
*
medhu
→
méthu
,
*
anghō
→
ánkhō
, т.с.с.);
4-заң (
*
septm
→
heptá
)
*
serpō
→
hérpō
,
*
sūs
→
hûs
сөздеріне жəне
s
əрпінен
басталатын барлық сөзге қолданылады. Біраз уақыт бойы пікірталас өзегі
болған бұл заңдылық енді нақты бекіген. Айқын ерекшеліктер мұндай
өзгерістердің сөзсіз болу ықтималдығын азайта алмайды. Өйткені олар
барынша арнайы фонетикалық заңдармен (мысалы,
trikhes: thriksi
) немесе
басқа кластың деректерінің араласуымен (ұқсастық, т.б.) түсіндірілуі
мүмкін. Сөз заңына айтылған анықтамадан артық еш нəрсе сəйкес
келмейтін сияқты. Сонда да, фонетикалық заң орын алған кездегі
жағдайлардың санына қарамастан, барлық қабылданған деректер нақты бір
ғана дəлелдің пайда болуы болып есептеледі.
Негізгі мəселе – фонетикалық өзгеріс сөзге əсер ете ме, əлде тек дыбысқа
ғана əсер ете ме, соны анықтап алу. Оның жауабы да айқын:
nephos, methu,
ankhō
т.б. сөздерде кейбір фонемалар – дыбыстық прото-үнді-еуропалық
аспирата қатаң дыбысқа айналып кетті, ал прото-грек
s
əрпі
h
əрпіне
айналып кетті т.с.с. Əрбір дерек дəл сол кластағы оқиғадан, өзгеріс болған
сөзден
тəуелсіз
оқшауланған.
6
Əрине,
барлық
сөздің
дыбыстық
субстанциясы өзгеріске ұшырады, бірақ бұл бізді құбылыстың шынайы
сипатына қатысты жаңылыстырмауы керек.
Сөздердің өзі фонетикалық түрленуге тікелей байланысты емес деген
пікірді қалай түсінуге болады? Қарапайым бақылаулар бұл түрленулердің,
негізінен, сөздің өзіне жат һəм олардың болуына қатысы жоқ екенін
көрсетеді. Сөз тіркестері оның фонемаларының жиынтығынан тұрмайды.
Бірақ оның материалдық сапасынан өзгеше сипаттарына қатысы бар.
Мысалы, пианиноның бір пернесі ырғаққа келмей қалды делік; музыкант
дəл сол пернені басқан сайын үндеспеген нота дыбысталып отырады.
Мұндағы диссонанс қайда? Əуеннің ішінде ме? Əрине, жоқ. Əуенде ешбір
қателік жоқ, бұзылған тек пианино ғана. Біздегі феномалар жүйесі – тілдегі
сөздерді қалыптастыру үшін ойнайтын аспабымыз. Егер оның бір элементі
өзгерсе, оның салдары əртүрлі болуы мүмкін. Бірақ түрленудің өзі біздің
репертуарымыздағы əн сияқты. Ол сөзбен байланысты емес.
Сол кезде диахронды деректер нақты болады. Жүйедегі өзгерістерді
жүйенің сыртындағы ғана емес, оқшауланған жағдайлар да тудырады əрі
олар өзара ешқандай жүйе құрмайды.
Қорытынды:
синхронды
деректер
өздерінің
қандай
болғанына
қарамастан, белгілі бір заңдылықты дəлелдейді, бірақ ол ешқандай міндетті
емес. Диахронды деректер, керісінше, өздерін тілге қатысты мəжбүрлейді,
бірақ еш уақытта да жалпылама (
general
) болмайды.
Бір сөзбен айтқанда, деректер класының бірде-біреуі жоғарыда айтылған
заңдармен реттелмейді. Егер сіз əлі де лингвистикалық заңдар туралы
айтқыңыз келсе, онда бұл бір кластың я болмаса екінші кластың деректерін
анықтауға байланысты мүлдем əртүрлі мағыналарды қамтитын болады.
7. Панхрониялық көзқарас бар ма?
Осыған дейін заң термині құқықтық мағынада қолданылып келді.
Физикалық жəне жаратылыстану т.б. ғылымдарда қолданылғанындай, бұл
терминді тілде де, яғни барлық жерде де үнемі түзетуге болатын байланыс
мағынасында қолдануға бола ма? Бір сөзбен айтқанда, тіл панхрониялық
көзқарас тұрғысынан зерттеуге көне ме?
Əрине, көнеді. Өйткені фонетикалық өзгерістер қашанда жүзеге асқан,
бұдан кейін де аса бермек. Мұндай жалпы құбылыс сөйлеудің тұрақты
сипаты болып саналады; сондықтан ол – сөйлеудің негізгі заңдарының бірі.
Лингвистикада, шахматтағы сияқты, барлық жағдайға қозғау салып
отыратын ереже бар. Бірақ олар нақты деректерге тəуелсіз түрде пайда
болатын жалпы қағидалар болып есептеледі. Біз нақты, шынайы деректер
туралы айтқан кезімізде панхрониялық көзқарас болмайды. Əрбір
фонетикалық өзгеріс, өзінің таралуына қарамастан, белгілі бір уақытпен де,
аймақпен де шектеулі. Ешқандай өзгеріс үнемі, барлық жерде бола
бермейді. Өзгеріс тек диахронды болады. Аталмыш жалпы қағидалар тілге
ненің тиісті екенін һəм ненің тиісті емес екенін анықтаудың өлшемі
болады. Панхрониялық түсіндіруге жататын нақты дерек тілге қатысты
болуы мүмкін емес. Мысалы, Француз тіліндегі
Достарыңызбен бөлісу: |