pas
сөзі жекелеген
pas
(
қадам
)
сөзіне ұқсас болған; бірақ бұл
екеуі қазіргі француз тілінде екі түрлі жазылады.
6. Синхронды жəне диахронды заң
Кең тараған тəжірибелердің бəрі лингвистика заңы туралы баяндайды.
Бірақ тіл толықтай заңға бағынышты деуге келе ме өзі? Егер солай болса,
ол қандай заңдар? Тіл əлеуметтік институт болғандықтан, əрине, ол
қоғамды басқаратын ережелерге ұқсас əрекет етеді деп
тұспалдауға
(априори) болар. Қазіргі кезде əрбір əлеуметтік заңның негізгі екі сипаты
бар: ол қажетті жəне жалпылама деп бөлінеді; ол күшке салып, белгілі бір
уақыт пен орын шегінде бəрін өз ырқына бағындырып алады.
Тіл заңдары осы анықтамаға сəйкес келе ме? Бұл сұраққа жауап берудегі
алғашқы талпынысымыз қазір ғана айтылған нəрсеге сəйкес синхронды
жəне диахронды аймақтарды бөледі. Екі мəселені бір-бірімен шатастыруға
болмайды. Лингвистика заңы туралы жалпылама айту оған жан беруге
тырысқандай көрінуі мүмкін.
Төменде екі класты əдейілеп араластырып жіберген грек тілінен бірнеше
мысал келтірілген:
2. Прото-үнді-еуропалық аспираталар қатаң дыбысқа айналып кетті:
*
dhūmos
→
thūmos
(
өмір тынысы
),
*
bherō
→
phérō (мен алып
жүремін
)
т.с.с.
3. Екпін сөздің соңынан санағандағы үшінші буыннан (антепенулттан)
кері кетпейді.
4. Сөздердің барлығы, дауыссыз дыбыстарды қоспағанда, дауысты
дыбыспен немесе
s
,
n
, не
r
дыбыстарымен аяқталады.
5. Дауысты дыбыстан кейін келген
s
дыбысы
h
дыбысына (аспирация
таңбасы) айналып кетті:
septm
(латынша
septem
) →
heptá
.
6. Соңғы
m
дыбысы
n
дыбысына айналды
:
*
jugom
→
zugón
(салыстырыңыз: латынша
jugum
).
5
7. Соңғы дыбыстар түсіп қалды:
*
gunaik
→
gúnai
,
*
epherst
→
éphere
,
*
epheront
→
épheron
.
1-заң диахронды:
dh
дыбысы
th
дыбысына айналады т.с.с. 2-заң сөз бен
екпін арасындағы байланысты көрсетеді, бұл қатар тұрған екі термин
арасындағы келісім сияқты. Бұл – синхронды заң. Бұл 3-заңға да қатысты.
Өйткені бұл сөздік бірлік пен оның жалғауына байланысты. 4, 5 жəне 6-
заңдар диахронды:
s
дыбысы
h
дыбысына айналады
; –n
дыбысы –
m
дыбысымен орын ауыстырады
; –t, –k
т.с.с. дыбыстар ешқандай із
қалдырмай түсіп қалады.
3-заң 5 жəне 6-заңдардың нəтижесі екенін атап өту керек; диахронды
дерек синхронды деректі тудырды.
Заңдардың екі класын бөліп алғаннан кейін, біз 2 жəне 3-заңдардың 1, 4, 5
жəне 6-заңдардан өзгеше екенін көреміз.
Синхронды заң қолданылады, бірақ бұл заң барлық жағдайда міндетті
емес. Əрине, бұл заң барлық ұжымдық қолданыс салмағына қарай
адамдарға міндеттеледі, алайда мен сөйлеушілер міндеті жөнінде сөз етіп
отырғам жоқ. Мен
тілде
ешқандай күш белгілі бір уақытта орныққан
жүйелілікті ұстап тұруға кепіл бола алмайды дегенді меңзеп тұрмын.
Əрекет етіп тұрған механизмнің қарапайым көрінісі бола отырып,
синхронды заң істің жай-күйі туралы хабарлайды. Бұл белгілі бір жеміс
бағындағы ағаштар шахмат тақтасының ретімен егілген дегенді растайтын
заңға ұқсайды. Заң анықтаған механизм сенімді, алайда міндетті емес.
Латын тілінде екпін қоюды реттейтін (барлық жағынан 2-заңмен сəйкес
келетін заң) синхронды заңнан ретті еш нəрсе жоқ; бірақ екпін қою заңы
механизм күштеріне қарсыласпады əрі жаңа француз заңына жол берді.
Қысқасы, егер синхронды заң туралы айтсақ, ол орнығу, жүйелілік
қағидасы мағынасында.
Керісінше, диахронды жүйе əсер туындататын, жағдайды жүзеге
асыратын динамикалық күш деп есептеледі. Десек те бұл императивтілік
заң тұжырымдамасын эволюциялық деректерге қолдануды ақтап алуға
жеткілікті емес. Біз заң туралы көптеген деректер бір ережеге бағынған
кезде ғана ақтап алады деп айта аламыз һəм белгілі бір кері
құбылыстардың пайда болуына қарамастан, диахронды жағдай қашанда
кездейсоқ əрі нақты.
Семантикалық деректердің кездейсоқ, ерекше сипаттары бірден пайда
болады. Француз тіліндегі
Достарыңызбен бөлісу: |