Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет144/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Еріктілік
пен 
дифференциалдық 
– екі коррелятты белгі.
Бұл тілдік таңбалардың өзгерісін жақсы бейнелейді. Дəл сол себепті 
a
жəне 
b
терминдері ұғым деңгейіне жетуге қауқарсыз, олардың əрқайсысы
a/b
айырмашылығын ғана қабылдайды, əр термин таңбалану қызметіне
қатысы жоқ заңдарға тəуелді емес. Бірде-бір болымды таңба чех тіліндегі
жен 
(
əйелдерін
)
 
сөзін ілік септігінде сипаттамайды; 
жена 
(
əйел
(
і
) сөзінің
тағы екі формасы бар: 
жен 
сөзінің бұрынғы формасы 
жена: женb&c.macr;
жен 
сөзінің айырмашылығы болғандықтан ғана мəні бар.
Дыбыстық айырмашылықтың жүйелі рөлін айқын көрсететін тағы бір
мысал: грек тілінде екі сөз бірдей жасалған болса да, 
éphe&c.macr;n
сөзі
өткен шақтағы аяқталмаған етістік жəне 
éste&c.macr;n
сөзі аорист (грек,
ежелгі славян тілдерінде етістіктің өткен шағының ерекше түрінің бір
атауы) болады. Бірінші сөз 
phe&c.macr;mī
(
мен айтамын
)
 
сөзінің осы
шағын көрсетіп тұр, ал 
*
ste&c.macr;mi 
сөзінде осы шақ жоқ. Енді
phe&c.macr;mī: éphe&c.macr;n
байланысы осы шақ пен өткен шақтың
аяқталмаған етістігінің байланысына сəйкес келіп тұр (cалыстырыңыз:
déiknūmi: edéiknūn
т.с.с.). Демек, таңбалардың қызметі олардың ішкі мəні
арқылы емес, салыстырмалы жағдайы арқылы анықталады.
Материалдық элемент болып саналатын дыбыстың тілге тəн болуы
мүмкін емес. Бұл – пайдалануға болатын екінші кезектегі мəселе. Біздің
барлық əдеттегі мəндеріміздің өздерінің негізі болатын материалдық
элементтермен шатасып кетпейтін қасиеті бар. Мысалы, ақшаның мəнін
ашатын нəрсе оның құрамындағы металл емес. Ақшалай атаулы құны бес
франк болатын монетаның құрамында өзінің құнынан төмен күміс болуы
да мүмкін. Оның құны монета бетінде көрсетілген сомаға байланысты əрі
саяси шекараның ішінде немесе сыртында пайдалануына сəйкес өзгеріп
отырады. Бұл дыбыстық та, материалдық та емес тілдік таңбалаушы үшін
де дұрыс салыстыру. Бұл – оның материалдық субстанциясы емес, оның
дыбыс бейнесін басқалардан алыстататын айырмашылығы.
Жоғарыда айтылған қағиданың қарапайымдылығы сонша – оны


фонемдерді қоса алғандағы тілдің барлық материалдық элементтері үшін
қолдануға болады. Əр тіл дыбысталатын элементтер жүйесі негізінде өз
сөздерін қалыптастырады. Ал əрбір элемент нақты бөлінген бірлік жəне
бірліктердің тұрақты санының бірі болып есептеледі. Фонемдер, біз
ойлағандай, өздерінің болымды сипаттарымен емес, айырмашылығымен
сипатталады. Фонемдер – қарама-қарсы, салыстырмалы һəм болымсыз
мағыналар.
Мұның дəлелі – сөйлеушілердің əртүрлі дыбыстарды дыбыстаған кездегі
жуықтау (
конвергенция
) нүктелері арасының кеңдігі. Мысалы, француз
тілінде сыртқы 
r
дыбысын жалпы қолдану көптеген сөйлеушілердің
тілдерінің ұшын дірілдетіп дыбыстауға кедергі болмайды; тіл бұдан
бұзылып кетпейді. Тіл дыбыстың тұрақты сипатта қалуын емес, оның
əртүрлі болуын талап етеді. Мен тіпті 
Bach, doch
т.б. сөздерде француздың
r
дыбысын немістің 
ch
дыбысы сияқты дыбыстай аламын. Бірақ неміс
тілінде 
r
дыбысын 
ch
дыбысы сияқты айта алмаймын. Өйткені неміс
тілінде екі элементті де жеке-жеке қабылдап, əрқайсысын екі жақта
ұстайды. Дəл сол сияқты, орыс тілінде де 
т 
дыбысын 
ть
(жіңішке 
т
)
дыбысы үшін кеңінен қолдануға болмайды. Өйткені оның нəтижесі тіл
бойынша дифференциалданған екі дыбыстың қосындысы болып кетер еді
(салыстырыңыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет