Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет142/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

мəннің
мағынадан 
қандай айырмашылығы бар? Бұл екі сөз бір-
біріне синоним бола ала ма? Меніңше, шатастырып алу оңай болса да, екеуі
бір-біріне синоним бола алмайды. Бізді екеуінің ұқсастығы ғана емес,
аздаған айырмашылықтарының өзі шатастырады.
Тұжырымдамалық көзқарас бойынша, мəн – мағынаның бір элементі.
Мағына мəнге тəуелді бола тұра, қалайша одан өзгеше болуын түсіну қиын.
Біз осы мəселенің мəн-жайын анықтауымыз керек немесе тілді қарапайым
атау беру процесіне дейін қысқартып, тəуекелге баруымыз керек.
Əуелі мағынаны, оны қалай түсінетінімізді, жоғарыда оны қалай
көрсеткенімізді қарастырайық. Сызбадағы нұсқарлар көрсетіп тұрғандай,
бұл – дыбыс бейнесінің телнұсқасы (
counterpart
). Біз бұл сөзді тəуелсіз яки
бөлек деп қарастырған кезде, болып жатқан құбылыстың барлығы тек
дыбыс бейнесі мен түсінікке қатысты болады.
Мұнда парадокс бар: бір жағынан, концепт дыбыс бейнесінің телнұсқасы
болады, екінші жағынан, таңбаның өзі – тілдің басқа белгілерінің
телнұсқасы.


Тіл дегеніміз – əр терминнің мəні; диаграммада көрсетілгендей, басқа
терминдердің де бір мезетте бірге болған кезінде ғана шығатын өзара
тəуелді терминдер жүйесі:
Онда мағынаға қатысты ретсіздікті, яғни дыбыс бейнесінің көшірмесін
қалай бағалауға болады? Мұндағы көлденең нұсқалармен белгіленген
байланысты жоғары суреттегі тік нұсқалармен көрсетілген байланыспен
қатар қою мүмкін емес сияқты. Мұны басқаша қойып, əлгі ортасынан
бөлінген ақ қағаз туралы мысалға қайта оралсақ, бақыланып отырған
əртүрлі A, B, C, D т.б. бөліктердің байланысы сол бөліктің алды-артындағы
A/A′, B/B′ т.б. байланыстардан өзгеше болады.
Бұл мəселені шешу үшін тілдің сыртында да мəндердің бəрі
парадоксалды қағидамен реттелетініне назар аударайық. Олар мынадай
қағидалар:
1. Мəнін анықтауға болатын затқа 
айырбастауға
болатын 
ұқсамайтын
зат; жəне
2. Мəнін анықтауға болатын затпен 
салыстыруға
болатын 
ұқсас 
зат.
Екі фактор да мəннің болуы үшін қажетті. Бес франктің қаншалықты
құнды екенін білу үшін: (1) оны қандай заттың тұрақты мөлшеріне,
мысалы, қанша нанға айырбастауға болатынын əрі (2) оны дəл сол жүйедегі
қандай ұқсас затпен, мысалы, бір франкпен я болмаса басқа жүйенің
ақшасымен (доллар т.с.с.) салыстыруға болатынын білу керек. Дəл
осылайша, сөзді де өзіне ұқсамайтын өзге нəрсемен, идеямен алмастыруға
болады немесе оны дəл сондай сипаты бар басқа сөзбен салыстыруға да
мүмкіндік бар. Сондықтан оның мəні, оны қандай да бір белгілі, яғни
сондай мағынасы бар түсінікке «айырбастауға» болатыны табылмайынша,
ұзақ уақыт бойы анықталмайды. Сонымен қатар оны өзіне ұқсас
мəндермен, яғни оған қарама-қарсы болатын басқа сөздермен салыстыру
керек. Оның мазмұны сөзден тыс жатқан нəрселермен сəйкес келгенде ғана


анықталады. Жүйенің бір бөлігі бола отырып, ол мағынаға ғана емес, мəнге
де ие. Ал бұл – мүлдем басқа нəрсе.
Бірнеше мысал арқылы бұған анық көз жеткізе аламыз. Қазіргі француз
тілінде «
mouton»
(
қой
) сөзі ағылшынның «
sheep» 
(
қой
)
 
сөзімен мағыналас
келуі мүмкін, бірақ мəні ондай емес. Мұның бірнеше себебі бар. Мысалы,
«дастарқанда бір жапырақ піскен ет дайын тұр» деп айтқан кезде,
ағылшындар «
sheep»
сөзін емес, «
mutton»
сөзін қолданады. «
Sheep»
пен
«
mouton»
сөздерінің арасындағы айырмашылық ағылшынның «
sheep»
сөзінің екінші термин ретінде қолданып тұрғанына, ал француз сөзінің
олай қолданылмайтынына байланысты.
Бір-бірімен өзара байланысты идеяларды білдіру үшін қолданылатын бір
тілдегі барлық сөздер өзара шектеседі; француз тіліндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет