көрсетеді. Терминді бұлайша анықтау оны жүйеден оқшаулап тастайды.
Бұл – терминнен бастап жүйе құруға болады дегенді білдірер еді. Ал,
негізінде, бəрі керісінше. Ендеше барлық жүйенің өзара тəуелділігінен
бастап, сараптама арқылы оның элементтерін алу керек.
Бұл тезисті дамыту үшін біз мəнді таңбаланушы немесе концепт (2-
тарау), таңбалаушы (3-тарау) жəне толық таңба (4-тарау) тұрғысынан
жүйелі түрде зерттейміз.
Тілдің нақты мазмұнын яки бірлігін толық қамти алмағандықтан, біз
сөздермен жұмыс жасаймыз. Сөз тілдік бірлікті анықтауға толық сəйкес
келмесе де, бірлікке аздап ұқсайды əрі оның нақты мазмұн сияқты
ерекшелігі де бар. Демек, біз сөзді синхронды жүйедегі нақты терминдерге
балама үлгі ретінде пайдаланамыз. Ал сөзге қатысты дамытатын
қағидаларымыз жалпы мазмұн үшін де жарамды.
2. Концептуалдық тұрғыдағы тілдік мəн
Сөздің мəні туралы айтқан кезде көкейімізде өз идеямызды қорғай аламыз
ба деген ой тұрады. Бұл да лингвистикалық мəннің бір қыры. Егер солай
болса, онда
Достарыңызбен бөлісу: