Бірнеше жүлдені қабат иеленіп, тез арада мойындалған (NBC
телеарнасында 1981–1987 жылдар аралығында көрсетілген) «Хилл-стрит
блюзі» (
Hill Street Blues
) мен «Даллас» (CBS телеарнасында 1978–1991
жылдар аралығында көрсетілген) сериалдарының көрсеткен жоғары
рейтингісінен кейін, Америка телевизиясында кешкі сериалдардың маңызы
артты.
4
Сыншылардың мақтауына ілігіп, рейтингі аспандаған «Құпия
материалдар» (
The X‐Files
)
(Fox телеарнасында 1993–2002 жылдары
көрсетілген) жəне «ER» (NBC телеарнасында 1994 жылдан бері көрсетіліп
келеді) секілді сериалдар формасы 1990 жылдары телевизияда зор сілкініс
туғызды. Алайда 1990 жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың басында
сериалдарды көру деңгейі біршама төмендеді. Дегенмен Америка
телевизиясында көптеген сит-комдар (мысалы, «Ақыл-ойдың тежелуі»
(
Arrested Development,
Fox
, 2003) мен реалити-шоу (мысалы, «Соңғы
жанкешті»
(
Survivor
,
CBS
каналы,
2000)
секілді
эпизодтық
бағдарламалардың танымалдығы артқандықтан, осы бағдарламаларды
толықтай сериалдарға айналдыру арқылы қайта жаңғыра бастады.
Алғашқы сериалдар пайда болмай тұрып, ширек ғасыр ішінде жүзден
астам жаңа арналардың іске қосылуымен америкалық телевизияның
келбеті адам танымастай өзгерді. Барлық жерлерде медианы иеленудің
жаңа құрылымдары пайда болды. Бірігіп жұмыс істеудің арқасында,
ақпаратты табу мен тарату технологиясында үлкен серпіліс туды. Бірақ осы
оқиғаларға қарамастан, соңғы жиырма бес жылда ПТС-ның ең негізгі
баяндау тəсілдерінің еш өзгеріске түспей, тұрақты болуы таңқаларлық.
5
«Хилл-стрит» пен «Тірі қалу» (
Lost
) (ABC телеарнасында 2004 жылдан
бері көрсетіліп келеді) сериалдарының барлық маусымында телевизиядағы
прайм-тайм сериалдарын түсірудің жалпы практикасы өте тұрақты еді.
Сериалдарды түсірудің де өз сыры бар. Бағдарлама барлық сценарийді
толық оқып шығып, басқаларына баяндап беретін шоураннердің
(
Достарыңызбен бөлісу: