Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет199/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

beat‐sheet
)
сақтауға күш салу.
11
Авторлар оқиғаны эпизодтарға бөлмес бұрын əр
эпизодтың атқаратын қызметін базалық терминдер арқылы біледі, бірақ
олар сериялардың көріністері ретінде ойлай бастағанда ғана оқиға белгілі
бір түрге енеді. Əрбір эпизодта, жалпы алғанда, жиырмадан қырыққа дейін,
орта есеппен жиырма бес түрткі болуы мүмкін.
12
Бұл əрбір төрт актілі
сағаттық шоуда шамамен алты түрткі бар дегенді білдіреді.
13
ПТС –
табиғатына сай біртұтас драма; əрбір эпизод бір-бірімен ұштасқан бірнеше
сюжеттен құралады. Басты кейіпкердің қатысуымен өтетін негізгі
сюжеттерде («А сюжеті» телеқойылымдарының жаргондарында), кем
дегенде, алты түрткі бар, бірақ көбінесе алтыдан көп болып келеді. Əр
эпизод екі не одан да көп А сюжетінен əрі бірнеше B немесе аз түрткілі C
сюжеттерінен тұрады. Əрбір акт эпизодтың барлық сюжеттерінің, кем
дегенде, бір түрткісін қапысыз қамтиды.
«Судья Эми» (
Judging Amy
, 1999–2005) сериалын сюжеттерге бөлген
кезде шоураннерлер оқиға шиеленісті өрбіп, тартымды болуы үшін Эмидің
сот залындағы сюжет желісінде алтыдан сегіз түрткіге дейін болуын
сұраған. Себебі бұл жерде үш қана түрткі жеткіліксіз. Олар өз
сұхбаттарының бірінде фрилансерлер кейде ПТС форматына сəйкес
келмейтін, мысалы, «бала хабар-ошарсыз жоғалып кететін» драмалық
идеялар ұсынатынын айтқан. Жоғарыда мысалға келтірілген эпизод
түрткісі: (1) бала жоғалады; (2) полиция шақырады; (3) тəртіп сақшылары
баланы табады я болмаса оны таба алмайды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Бұл –
(тығырыққа тірелген) идея.
14
Бір сағаттық шоуға қолайлы идея болу үшін
сериалдағы оқиғалар ашық əрі өте шиеленісті өрбитін сегіз сəттен тұруы
керек. Төрт жарнамалық үзіліс кірістірілсе де, ынтыға көретіндей форматта
болуы тиіс. Сюжеттерде бой көрсететін кейіпкерлер сериал шоуының
жұлдыздары болғандықтан, бір эпизодқа сегіз түрткі беру олардың
экраннан жиі көрінуін қамтамасыз етеді. Терең ойлы əрі тым қарапайым
оқиғалар сериал формасына сай келмейді. Көріністердің қысқа болуын
талап ете отырып, желілер біртұтас баяндаудың күрделі режиміне жағдай


жасайды. Қарапайым оқиғаға түрткі қосу арқылы шиеленістіріп, қарқынын
үдетіп, бұрылыс-бұралаңы көп сенімді сюжетке қол жеткізе аламыз.
Жалпы алғанда, екі минуттық түрткі көркемдігі аудиторияның назарын
ұстап, сюжет линиясын болжауды күрделендіру үшін де керек. Өндірістік
шектеулерден эстетикалық стратегиялар туындайды. Апта сайынғы
бағдарлама уақыты белгілі. Ендеше актерлік құрам келісім-шарт бойынша
аудиторияның эмоциясына əсер етуге күш салуы керек. Қызығушылығын
арттырып, кем дегенде, оқиғаны əрбір екі минут сайын бірін-бірі кезекпен
алмастыратын шағын бөліктерге бөледі. Авторлар осындай баяндау тəсілі
арқылы көрермендерге жаңа дүние ұсына алады.
Жаңа ақпаратқа қосымша көптеген көріністерде, түсіндірме ретіндегі,
қарапайым көрермендердің барлығына таныс ескі ақпараттар да қоса
жүреді. Еске түсіру – телевизияның барлық жанрдағы басты ерекшелігі.
15
Телевизиядағылар «көрермендер барлығын тұтас көрмеуі мүмкін,
сондықтан оқиға ең шешуші сəттерге келгенде, сəл де болса, естеріне
түсіріп қою керек» деген жорамал жасайды. Өйткені сериалдың
баяндауында кез келген жаңа оқиғаларды қалыптастыратын сюжеттік желі
мен түрлі оқиғалардың деректері тым көп. Бір-екі оқиғаны жіберіп алып,
шатасып кетпеу үшін де еске түсіріп отыру ерекше маңызды. Олар
көптеген формаларды қабылдайды. Соның бірі – кейіпкерлердің тұрақты өз
бейнесіне ие болуы: əр ритмде кейіпкерлер бір-бірінің есімдерін атап
шақырады, бұл екі минуттық бөліктердің өзінде бұл жағдай бірнеше рет
қайталанады. Есім алуымен бірге рөлін қайталау қатар жүреді: «Тыңшы
қыз» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет