жаңа эпизодтар шоуға қызығушылық туғызып, көрерменнің емеурінін
бірте-бірте арттырып отырады деп пайымдағандықтан, оларды маусым
басында қайталамайды. Бұл телевизиялық желіге, кем дегенде, сегіз
апталық эпизод ұсынуға мүмкіндік береді. Ал қалған сегіз эпизод қыс
кезінде эфирге шығады да, бас-аяғы он алты эпизодқа келіп тіреледі.
Қалған эпизодтар желтоқсан, қаңтар, наурыз немесе сəуір айларында
көрсетіледі.
Мұндай маусымдық сегменттеудің нəтижесі көзге бірден айқын көрінеді.
Эпизодтар шиеленісті пердеге сүйенетіні сияқты, маусым кезеңі де
көрсетілімдік эпизодқа иек артады. Кейбір шоуларда маусым бойына
созылатын анықтаушы арқаулар бар. Бірақ үш кезеңнің өз талаптары бар.
Ол талаптар арқауларды жиырма төрт эпизодтың бірлігіне құрғаннан гөрі,
шамамен, алты немесе сегіз эпизодтың бірлігіне орайластыруға жағдай
жасайды. Сөйтіп, біз тұтас маусымды, сондай-ақ эпизодтарды актілер
ретінде қабылдауымыз мүмкін. Əр маусымда үш акті бар.
Сценарий авторлары маусымдық көрсетілімдерді жазған кезде маңызды
оқиға желісін жыл бойына созуды ойластырады. Кейбір жазушылардың
бөлмелерінде – қабырғада – маусымдық көрсетілімдердегі оқиғаның
нобайы ілініп тұрады. «24» (Fox, 2001) сияқты шоудың өзінде арқаулық
концепция барынша бөлшектеніп (бір-бірлеп) жүреді.
«24»
драмасы
маусымдық көрсетілімдерін алдын ала ойластыра бермейді. Оның
сценарийін жазғандар оқиғаны алты немесе сегіз эпизодқа топтап бөлген.
41
Сегізге бөлу ыңғайлы əрі басқаруға оңай екені белгілі болды. Алайда бұл
сегіз эпизод жеке бір эпизод тəрізді ретті деп айтуға келмейді. Бірақ
оқиғаның қомақты сегменттерінде (оны «маусым актілері» деп атайық)
негізгі проблемалар назарға алынып дамиды жəне шешімін табады.
Интуитивті түрде көрермендер телевизиялық оқиғаларды эпизодқа
қарағанда үлкен, тұтас маусыммен салыстырғанда шағын сегменттер
арқылы қабылдайды. Біз баяндауға үнемі қатысып отырамыз, бірақ барлық
маусымды басымызға сыйғызып, есте ұстап тұратын қабілет жоқ.
ПТС-ның кез келген эпизодының сюжеттері белгілі бір дəрежеде дербес.
Көптеген арқаулар бір эпизодтан соң екінші эпизодқа жалғасып, диалог яки
көрініс болып бірнеше линиямен тіркесе созылып жатыр. Олар эпизодты
сəл ғана ілгерілетеді.
Достарыңызбен бөлісу: