Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет207/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Қорытынды
Бұл – жүздеген телесериалдың сценарийін жазушылар мен көрермендер
арасындағы əңгімелердің аз ғана бөлігі; түрткілер, эпизодтар мен арқаулар
– аудиторияны жаулап алудың уақыт тезінен өтіп, екшелген құралдары.
Дегенмен əсер ету бағыты жай ғана ұжымдық кеңседен жазушылар
бөлмесіне дейінгі аралықта болмаса керек. Коммерциялық қызмет атқарса
да, əңгімелеудің тəжірибелік нормасына айналғаннан кейін, телевизиялық
желі өзінің əңгімелеуден келтірер пайдасын растайды. Осылайша
өнеркəсіптің шығармашылық жəне корпоративтік салалары арасында кері
байланыс циклі басталады. Артықшылық əркімнің мүдделеріне қызмет
етеді. Телевизиялық желінің жетекшілері түпнұсқаның артықшылығын
ескере бермейді. Бірақ олар телевизиялық шеберлік дəстүріндегі баяндау
сарынының екшелген ресурстарын жоғары бағалайды. Мен қарастырған
əдістерден гөрі табысты арттырудың өзге ықтимал тəсілдері пайда болды
(мысалы: интерактивтілік, өнімді орналастыру, кезеңнің маусымдық
қиылысы жəне «ірі өлшемді» (
super-size
) эпизодтар). Мейлі, ол жазушы
бөлмесінде яки мəжіліс залында туындаған болсын, олар, сайып келгенде,
телевизияның үздік оқиғаларды баяндау тəсіліне сəйкес келмесе, əлгі
баяндаушының телевизия нормасына бірігуі екіталай.
43


Телевизиялық драманың ардагер сценарист-жазушыларының бірі өз
жұмысын былайша қорытындылайды: «Бір оқиғаны баяндауға оқталғаннан
кейін, аудитория маған қажет нəрсені сезінуі үшін, мен жазушылық айла-
амалдан толық арыламын. Əйтпесе, мен аудиторияның қызығушылығын
əлсіретіп аламын жəне көрермен де менің көкейімдегі айтқым келген
нəрсені сезінуден мақұрым қалады... Мен əрдайым аудиторияны ескере
отырып жазамын».
44
Телевизия суреткері кез келген баяндаушы секілді
əңгімесінің əсерлі болуына айрықша мəн береді. Мен талқылаған
сериалдар – бір мезгілде ұтымды пайда мен ерекше көңіл күй сыйлаудың
қайнар көзі. Дəл осы пайда мен лəззат сапаға қатысты сыни пікірлерден
асып түседі. Əйтсе де, осы бағыттағы тəжірибе, əдіс-амалдар əйгілі
мəдениеттің əңгімелеріне қызығушылық танытқан кез келген жанның
назарын аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет