Әдебиет теориясы. 1-том


«Түрткіден арқауға дейін»



Pdf көрінісі
бет211/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Түрткіден арқауға дейін»
Постскриптум ٢٠١٥
Майкл З.Ньюман
«Түрткіден арқауға дейін» (
Beats to Arcs
) атты еңбегімді жазғаныма он
жылдың жүзі болыпты. Мен қалам тербеген телевизия жəне шоу-
бағдарламалар сол уақыттан бері үлкенді-кішілі өзгерістерге ұшырады.
Бүгінгі күнді ақыл таразысы тұрғысынан пайымдағанда, телевизияда
дəстүрлі жалғастықтан гөрі жаңылысу көзге көбірек түсуі мүмкін.
Телевизиялық əңгімелеу сарынында өзім байқаған кейбір өзгерістер мен
жаңалықтарды (телевизиямен қатар бизнес, технология жəне тəжірибе)
айтпағанда, мен телевизиядан тұрақты əрі икемді жүйені көремін.
Жарнаманың шашбауын көтеретін телевизиялық баяндау əлі де
коммерциялық үзіліс пен маусымның айналасында жазылады. Түрткі мен
арқаулар баяндау дизайні мен құрылысының тəсілі ретінде жалпы
айтылғаннан бөлек, аса үлкен маңызға ие емес, бірақ көптеген желілік шоу-
бағдарламалар, бұрынғыға қарағанда, қазіргі кезде жарнама үзілісіне жиі
бөлінеді. Телевизияның барлық жанрында эпизодтық бірлік зор құндылық
деп саналады. Өзгерісті қаперінде ұстап отырған кез келген адам секілді,
мен де тамашалаудың жаңадан қалыптасушы формалары мен соны
тəжірибелерінен хабардар болып отырдым.
Мен 
«Түрткіден арқауға дейін»
атты еңбегімде желілік шоулардың
трансляциясын талқылауды қолға алдым, алайда баяндау формасы
өзгелерден ерекшеленетін «
Сопрано
» сияқты аса беделді, премиум,
кабельдік драмаларға ден қоюдан бас тарттым. Ондай туындыда
жарнаманың болмауы, қысқа маусымдық көрсетілімдер һəм өндірістік
шектеулердің мүлдем жоқтығы көбінесе оларды бір сарынды көрінетін
желілік сериалдардан мүлдем өзгеше етіп көрсетеді. Мен коммерциялық
желіге қатысты көпшілік арасында етек алған ғайбат сөздің өтінде болсам
да, оның эстетикалық жетістігін бағалай білу үшін коммерциялық желінің
құнын ерекше атап өттім. Желілік дихотомия қазір шамадан тыс қайта
сатылымға түскен, тіпті он жыл бұрынғыдан да көп жəне конвенциялардың
екі жиынтығын анықтайтын консервативті талғам айырмашылығын
дəлелдеу үшін қызмет атқарады.
1
Бірақ əлгі айырмашылық серияланған


телевизиялық баяндау сарынының кейбір формаларының өз шектеулері
мен мүмкіндіктеріне сəйкес жұмыс істейтінін əйгілейді. Мұны өткен
онжылдықтың кабельдік стильдегі 2007–2015 жылдар аралығында эфирде
жүрген «
Есалаңдар
»
 
үлгісіне көз жүгірту арқылы бағамдай аламыз.
Кез келген телевизиялық шоу сияқты, 
«Есалаңдар»
– ауқымды
ынтымақтастықтың өнімі, бірақ оның креативті авторлығы бұрын желілік
комедиялармен əрі 
«Сопрано» 
телехикаясымен айналысқан көрнекті
продюсер Мэттью Уэйнерге тиесілі делінеді.
2
 
AMC негізгі кабелдік
арнасының брендтік бірегейлігіне (фирмалық стиліне) шырай беретін
«Есалаңдар»,
табысқа жеткен өнім ретінде, телевизияда түпнұсқа
драмалары көркем сериалдарының стандартын орнатқан HBO жоғары
сапалы кабелінің əдістерін пайдаланды. Ол көп жағдайда HBO арнасының
стиліне жүгінеді.
HBO арнасына қарағанда, жарнамаға иек артқан AMC (American Movie
Classics) телеарнасы 
«Есалаңдар»
хикаясының эпизодтарын коммерциялық
үзілістер арасындағы сегменттерге бөледі. Əу баста эпизодтар анық
жазылған, бірақ бұл үзілістер ойша есепке алынбай түсірілген. Мұнда
көптеген кабельдік сериалдар тəрізді, əдепкі хабар тарату желілеріндегідей,
маусымдық сериялар 22 немесе одан да көп эпизодтардан тұрмайды. Ол тек
он үш эпизодтан құралған (жетінші маусым он төрт эпизодтан, жеті
эпизодтан құралған екі бөлікке бөлінген). Кабельдік драманың осы екі
конвенциясы, яғни үзілістердің болмауы һəм қысқа маусымдық көрсетілім
– конвенцияның коммерциялық логикасының жемісі. Мұндағы табыс
тікелей эфирді тамашалап жатқан көрерменнің көптігімен анықталмайды,
хикаяда аудиторияны жинау үшін қолайлы сəттер туса да, аудитория аясы
анағұрлым аз болады. Бірақ желілермен салыстырғанда, кабельдік арналар
кабельдік немесе спутниктік провайдерлер тарапынан жан басына табыс
табады («тасымалдау төлемі»). Сондықтан ондай арналарды тұтынушы
кабельдік компаниялардың да, спутниктік компаниялардың да үдесінен
шығуға мүдделі. Кабельдік арналарды жарнамаға тəуелді не тəуелсіз хабар
тарату желілерімен салыстырғанда, аса коммерциялық емес деп
қарастырған оғаш көрінер еді.
Нақты бір актілері жоқ эпизодтардың əсері қандай? Мəселен, əдеттегі
телевизиялық баяндау сарынында актілер соңына таман құрастырылады.
Көп жағдайда, коммерциялық мақсаттағы үзіліс үлкен шиеленіс туғанда, не
алмағайып кезеңде жарияланады. Визуал һəм музыкалық тəсілдер осы
сəттерді күшейтіп жібереді. Бір сағатта драманы төрт немесе одан да көп


мəрте осындай жағдайға келтіру қажеттілігі үдеу актісінің, жанкешті
арпалыстың, қиындық пен даму заңдылығын тудырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет