Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет213/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

«Есалаңдар»
жəне «сапалы телевизия» көбінесе бір аудиторияға ғана
бағытталмайды жəне мұндай шоу-бағдарламалар DVD немесе Blu-ray
дискілері, сұранысты видео, Netflix секілді ағымдық қызмет көрсететін
кабельдік арналарда қайталап көрсету үшін ғана түсірілмейді. Осы
қайталама тарату торабының барлығында көрермендер көбінесе бірнеше
эпизодты қатарынан жылдамдатып көреді. Бұл қайталауды шамадан артық
етіп көрсетеді. Желілік драма да осы нарықта қарастырылады, бірақ оның
тікелей аудиториясы («желілік телевизия» аудиториясы) аудиторияны
жарнама берушілерге сататын хабар таратудың бизнес үлгісі үшін аса


маңызды. AMC арнасының бизнес-үлгісі телевизиялық желіден күрделірек,
тіпті ауқымдырақ десе де болады. Ол өз брендінің бірегейлігін шыңдай
түсуге мүдделі. Сапалы түпнұсқалық бағдарламалар көзі ретінде АМС-ның
беделі (мұны 
«Есалаңдар»
қалыптастырған болатын) оған кабельді
провайдерлермен тасымал тарифі жөніндегі келіссөздерде өз ықпалын
тигізді. Нəтижесінде бұл абоненттік төлемдерден түсетін кірісті арттырды.
3
Көптеген бақылаушылар AMC арнасының 
«Есалаңдар»
арқылы HBO
деңгейіне жетіп, «ажиотаж туғызар бренді бар» (
brand buzz
) кабельдік арна
болғысы келгеніне куə болды.
4
Салалық сауда газетінің жазуынша,
«Есалаңдар»
сериалы AMC арнасын «жарнама сатып алушылар мен
кабельдік операторлардың қатарына (картасына)» қосты.
5
 
Əдеттегі хабар
тарату бағдарламасынан айырмашылығы сол – 
«Есалаңдар»
хикаясы,
сегменттер арасындағы үзілісте көрсетілетін жарнамалар табысына
қосымша пайда əкелу үшін беделді бағдарламалар ретінде, телевизиялық
желіні ең көп шығынға батырған өнім болды. Демек, бағдарламаның құны
жарнамадан түсетін кіріске сəйкес келмеді деген сөз. Мұндай бағдарлама
түсіруге жұмсалған шығынды ешқашан жаба алмайды.
6
Десек те,
«Есалаңдар»
– коммерциялық тұрғыдан шама-шарқы əлсіздеу өнім емес, ол
жай ғана басқа арнаның өнімі.
Əңгіменің макробірлігіне келетін болсақ, желілік телевизияның көптеген
маусымында мүлдем кездеспейтін тұтастық ұғымы – қысқа кабельдік
маусымда əлдеқайда пəрменді дүние. Бұл əр жаңа маусымның алғашқы
дебютіндегі күрделі маркетинг пен көрерменге өнімді өткізу шараларынан,
сондай-ақ шоудың безендірілген қаптамасынан байқалады. Бұл өзге де
көптеген жоғары санаттағы кабельдік сериялар секілді, DVD жəне Blu-ray
box жинақтарынан əрі тұтынушыға маусым-маусымға бөліп сату
мақсатында, iTunes жəне Amazon қосымшаларының жүктеуінен айқын
көрінеді. Телевизиялық таратудағы өндіріс нарығының логикасы тұтыну
бірлігі ретінде жəне мағыналық тұрғыдан маусымға үлкен үміт артты.
«Есалаңдар»
, кез келген шоу сияқты, бір маусымда бір рет шығарылады.
Сценарий жазушылар оқиға кескінін алдын ала долбарлап, оқиғаны 13
эпизодқа бөледі, тапсырма ұзақ формада емес, 13 эпизодтан құралған
маусым аясына сыяды. 
«Есалаңдар»
маусымы анық кескінделген арқауды
құрайды.
Мəселен, үшінші маусымдағы баяндау бірлігінің айқын өлшемі бар.
Себебі Дон мен Дрейперлер отбасының оқиғалары, агенттік пен өзге де
шешуші кейіпкерлердің (əсіресе Роджер, Пит, Джоан жəне Пегги) бастан


кешкендері 
тоғысатын 
тұста 
əрекеттің 
туу, 
шиеленісу 
жəне
кульминациялық заңдылығы бар. Сіз маусымның «Есікті жабыңыз да,
орныңызға жайғасыңыз» (
Shut the Door, Have a Seat
) деп аталатын ақырғы
эпизодын тамашалап отырған сəтте, сюжеттің көп тармағы (жібі) осыған
дейін бұрын-соңды танылмаған қырынан ашыла түседі. Көз алдымызда бір
отбасының шаңырағы шайқалып, Бетти мен Генри отау құрмақ; агенттік өз
бетінше жаңа фирма құру үшін шетелдік бақылаудың астында болуға
мəжбүр; Пегги өзін əбден мойындатқанша, жаңа кəсіби рөліндегі
дербестігін дəлелдеу үшін һəм ерлердің көзіне түсіп, еңбегімен еленуі үшін
барын салады (Пегги Роджерге ол үшін кофе жасап əкелмейтінін айтады);
Питт жаңа фирмаға қабылдануы үшін қарсыласы Кеннен асып түсіп,
бизнесте сирек еленетін іскерлік ептілігін танытады; Джоан араға уақыт
салып, агенттікке қайта оралады, күйеуі Грегтің хирургиялық ординатор
болмай қалғанынан оның қарамағындағы əйелдердің тағдырына қатер
төніп тұрғанын ұғынады. (Роджердің бойжеткен Джейнге үйленгені үшін
бұрынғы əйелімен жəне қызымен сөзге келіп қалуы, осыған лайық жаза
ретінде, оқиғаның кульминациясы саналатын Кеннедидің өлген күні мен
оның қызының үйлену тойының бір күнге сəйкес келуі соңғы эпизодтың
алдында өтеді). Маусымды аяқтайтын эпизодты тамашалау əсерінің бірі –
алдыңғы он екі бөліктің кульминациялық сюжет оқиғасын дамытатын
сəтпен тығыз байланыстылығы. Яғни Дрейперлер отбасы өз шаңырағын
берік ұстап тұра алмайды, ал агенттік күйрейді. Сөйтіп, сюжет желісіндегі
бірнеше сəт (алғаш байқағанда Конрад Хилтон мен Генри Френсис секілді
тылсым бейнелі кейіпкерлерді кірістіру) осы оқиғалардың орын алуын
тосты. Бұл жайттар бізді төртінші маусымға іштей итермеледі. Өйткені
алда біз жаңа кейіпкерлермен бірге фирмаға арналған жаңа кеңсе орнымен,
Беттидің жаңа отбасымен, Донның жаңа пəтерімен, назарға ұсынылатын
жаңа клиенттермен, 13 сағат бойы жауап іздейтін баяндау сұрақтарының
жаңа жиынтығымен танысамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет